Home » Мен - новатор ұстазбын » Мен новатор ұстазбын!

Мен новатор ұстазбын!

Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де кеншісін де, ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз.

                                                                                                                        Бауыржан Момышұлы

 

Ұстаз болу — жүректің батырлығы,
Ұстаз болу — сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу — мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.

Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді.Ұстаз еңбегінің күрделілігі – әрбір оқушыға өмірді, әлемді тануды, қоғам алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір – қасиетті сезінуді ұғындыра отырып тәрбиелеу екені баршамызға аян. Дана халқымыз « Ұстазы жақсының -ұстанымы жақсы» деп текке айтпаған. Бүгінгі ұстаз өскінің көзіндей, жаңаның өзіндей  болып, жан – жақты білімді, білікті,саяи сауатты, өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне жеткізе білетін оқушының психологиялық жүрегіне жол табуына, баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін ой – өрісін бақылай алатын, өз ісіне шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жеткізе білетін нағыз ұстаз бола алады.  Әр мұғалімнің өміріндегі басты мақсаты – бәсекеге қабілетті, мектептен алған білімдері мен біліктерін өмірде орынды пайдалану және  заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеу.Қазіргі таңда мемлекетіміздің білім саласына ерекше қолдау көрсетуінің, әлемдік деңгейдегі оқу орындарының озық тәжірибелерін еліміздің болашағы жастарға білім беру үшін мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу» курсын бітіріп келген соң менің де көзқарасым өзгеріп, өз тәжірибеме оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін ендіріп,білім дағдымды дамытып,жұмысқа деген ынта- жігерім артты.Білгенім – тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз демекші,  алдыма үлкен мақсат қойдым. Болашақ шәкірттерім өз отанының білімді, белсенді жанашыр азаматтары болып қалыптасуына ,жаңаша педагог болып, өркениетті еліміздің азаматы болатын тұлға қалыптасуына ықпал жасаймын деген ойдамын. Менің педагогикалық ұстанымым оқушыларға әділ болып, олардың білім сапасын көтеру болып табылады. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі емес, тарихы – танымдық, педагогикалық – психологиялық суаттылықты талап етеді. Абай атамыз айтқандай «Ұстаз шәкіртсіз –тұл, шәкіртсіз ұстаз-тұл» деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты, сондықтан ұстаздық қасиетке  барынша  адалдық танытып, бар  ғұмырын ұстаздық саласына  арнау әрбір  адамның  қолынан  келе бермейтін іс.Ұстаз болу адамға үлкен жауапкершілік жүктейді. Білім аласында қызмет етіп, елді көркейтем деген адам аянбай еңбек еткенде ғана абыройға ие болады. Нағыз ұстаз адалдықты, шыншылдықты ту етіп, тәртіпке басын иіп,ерінбей еңбек етуі керек.Нағыз ұстаз көшбасшы болу керек. Әрбір білім саласындағы басшы қызметкер,әрбір мектеп директоры, әрбір мұғалім көшбасшы болып, шәкірттердің бойына мемлекетшілдік, отансүйгіштік қасиеттерді сіңіре білгенде ғана Қазақ елі мәңгілік Елге айналады.  «Адам мен адамды теңестіретін – білім» екенін Мұхтар Әуезов айтса, өзге дамыған елдермен тереземіз тең болуы үшін біз білім алаңында олармен тең дәрежелі болуымыз керек. Бәсекеге қабілетті елдер қатарында болуымыз үшін, ең алдымен, жастарымыздың білігі мен біліміне көңіл аударып, сандық көрсеткішке емес, сапалық көрсеткішке баса назар аударуымыз керек. Болашақтың мектебін бүгіннен қалайық, әріптестер.

 

 Қамбарбекова Жаңыл Қамбарбекқызы,
Түркістан облысы
Жетісай ауданы, Жылы-су елді мекені
№27 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта
мектебі коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің қазақ тілі әдебиет пәні мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.