Home » Мен - новатор ұстазбын » Мен – новатор ұстазбын

Мен – новатор ұстазбын

Жаңа өмір талабы кез келген адамды алаңдатады. Шетел тілі қазіргі заман талабына сай көптеген балабақшадан бастап жүргізілуде. Бұл баланың бойында ертеден бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына ықпал етеді. Шетел тілін балабақшадан бастап оқытудың артықшылығы әрбір баланың психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, сонан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтып, білім сапасын арттырып, шетел тілінде қарым-қатынасқа түсіп ерте мәдениетаралық коммуникацияға мүмкіндік береді.

Шет тілін оқып, үйрену бірден қалыптаса қоймайды. Өз ана тілін әлі толық меңгермеген балаға шетел тілін үйрету оңайға соқпасы анық. Бұл кезде педагогқа үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сол үшін бастапқы балабақшадан – ақ  балаларды  түрлі тәсілдермен білім алуға үйрету керек.

Шетел тілін оқыту — балалардың санасында мәдениетаралық коммуникация іскерліктерін қалыптастырудың нақты жолы. Бұл жерде мәдениетаралық коммуникация ұлттар мен мәдениеттер арасындағы өзара байланысты түсіну ретінде қарастырылады. Оқытудың мәдениетаралық коммуникацияға байланысты бағыт-бағдары әдістеменің логикалық жалғасы болып табылады.

Сонымен, шетел тілдерін оқытуда екі халықтың мәдениеті мен олардың тілдерінің ерекшеліктерін ескеру аса қажет.

Шетел тілдерін оқыту мәселелерін қарастырғанда ең алдымен ана тілінің алар орны туралы мәселе сөз болады. Бұл жайында ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Оның бірі – шетел тілін оқытуда тек ана тіліне сүйене, ана тілімен салыстыра отырып оқыту қажет деп санаса, екіншісі – шетел тілі сабағын ана тілінің көмегінсіз тікелей меңгерту керек деп есептейді. Ғалым Л. В. Ляховицский: «Шетел тілін меңгеруде ана тілінің ерекшеліктерін ескеру, үйренуші үшін жаңа тілде кездесетін қиындықтарды түсінуде өте қажет. Тек қана ана тіліне сүйене отырып, кездесетін осындай қиындықтарды жоюға болады. Шетел тілінде жаттығулар жасау арқылы сабақта ана тілін қолданбауға болады, бірақ ана тілі балалардың санасында сақталады. Ал егер сабақта ана тілінің ерекшеліктеріне көңіл бөлмесе, балалардың шетел тілін меңгеруіне кей жағдайда зиян келуі мүмкін. Яғни, сабақ тек шет тілінде ғана болса, балалар үшін түсініксіз тілдік материалдардың саны көбейе түсіп, ол баланың шетел тілін меңгеруіне қызығуын төмендетеді», — дейді. Ғалымның пікірін негізге ала отырып, ағылшын тілін оқытуда ана тілінің ролі жоғары, сондықтан ағалшын тілін қазақ тілімен салыстыра отырып оқыту жөн деп санаймын.

Ербаева Жулдыз Сакеновна,
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі
№51 орта мектебі КММ
«Балбөбек» шағын орталығы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.