Home » Мен - новатор ұстазбын » Мен — новатор ұстазбын

Мен — новатор ұстазбын

Өнер білім берем десең басынан

Бер оқуға балаларды жасынан

Жүсіп Баласағұн.

 

 «Оқып үйренбесең, өнерге де, даналыққа қолың жетпейді», — деп Демокрит айтқандай мен музыка жетекшісі болғандықтан балалардың өнерге жақын болғанын қалаймын. Өнерлерін көрсетіп, қана қоймай оларды қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, өзге де ұлттық салт-дәстүрін мәдениетін, аспаптарын үйретуге тырысамын.

          Заманның дамуына қарай өнер әлемі де дамып келе жатыр. Олай болса, біздің тәрбиелеп отырған шәкірттерімізге өнер әлемінің қызық та қиын сәттерін, музыкалық аспаптарға деген қызығушылықтарын арттырып түсіндіре білуіміз қажет.

Заманауи ұстаз — жаңа идеялар үшін көп еңбектену, оқушыларға сену керек. Ұстаз оқушыларға үйрете отырып, өзі де үйренеді. Ұстаз заман талабына сай жаңа ұрпақтың қызығушылығын түсіну керек деп ойлаймын. Ұстаздық жолдың жүгі ауыр. Расымен де жас ұрпақты тәрбиелеу музыка тілін түсіндіру – оңай нәрсе еместігі бәрімізге мәлім.

Себебі, әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі – өзінше бір әлем. Ал ұстаз – сол әлемді зерттеп, болашаққа жетелеуші, бағыт беруші жаңашылдық иесі. Ал, жаңашыл ұстаз қандай болу керек?

Жаңашыл ұстаз – ол кәсібінің майталманы, баланың психологиясын түсінетін, актерлік шеберлік бойына дарыған, ақпараттық технологияны жетік меңгерген, жан-жақты болуы керек.

Мен жаңашыл ұстазбын. Демек, менің де сабақ берудегі әдістерім де күнбе-күн жаңарып тұруы қажет. Әсіресе музыка сабағын өткізгенде бұл үлкен қажеттілікті тудырады. Яғни өмірге, өнерге жаңа қадам басқан кішкентай бүлдіршіндерді музыка әлемімен, өнермен терең танысуға, тығыз қарым-қатынаста болуға үйретеді. Оларға әртүрлі арттерапия, музыка терапияны, түрлі аспаптарды, үнтаспаны пайдалана отырып, музыка әлемін терең түсінулеріне мүмкіндік беремін.

Кез-келген пәнді оқытудың мазмұны мен міндеттері болады. Осы еңбек жолында өзімен мынандай міндеттерді жүктеймін.

  • Баланы шығармашылық жағынан дамыту.
  • Сабақ беруде арттерапия, музыка терапияны, үнтаспаны пайдалану.
  • Ұлттық аспаптарды терең түсіндіру.
  • Үнемі баланың өнерін бағалау.

Ұстаз ретінде мен тек қана музыка үйретумен шектелмей барынша тырысамын. Әрқашан есімнен ұлы ғұламамыз әбу Насыр Әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», — деген ұлағатты сөз шыққан емес.

Менің шәкірттерім егеменді елдің Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болуы үшін барымды салып, терең ұғындырып, «Тәуелсіздік туралы» әндер, күйлер үйретемін.

Оқушыларға білім беру жолында үнемі ізденісте боламыз, жаңашылдыққа ұмтыламыз. Қиыншылықтарды жеңе отырып, биік белестерді бағындырамыз.

Г.Қ. Бармешова,
музыка пәні мұғалімі,
«А-status» мектеп гимназиясы балабақша кешені,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.