Home » Мен - новатор ұстазбын » Мен – новатор ұстазбын Эссе

Мен – новатор ұстазбын Эссе

 

Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен
ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.
Л.Н. Толстой

Ұстаз болу- жүректің батырлығы,
Ұстаз болу- сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу- мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.

Жер бетіндегі адамдардың бәрі осы ұлы есімге қарыздар. Өйткені, ұстаз алдынан өтпейтін еш мамандық жоқ. Ұстаз алдынан бас имейтін адам жоқ. Мен осы керемет мамандық иесімін.
Еліміздегі өзгерістер мен білім беру жүйесінде болып жатқан жаңалықтар «мектептің жүрегі» деп орны айшықталған мұғалімдер алдына жауапты да маңызды міндет қойып отыр. Абай атамыз: «бала тәрбиесіне 3 жақ әсер етеді, ата- анасы, ұстазы, және жүрген ортасы. Қайсысының ықпалы зор болса, баланың мінезі солай қалыптасады.» деген ойы ұстазға да ауыр салмақ салып тұр. Себебі баланың үш мезгілі ұстазбен өтеді. ХХI ғасырға оқушыларды қалай даярлаймыз, қалай оқытамыз, білімді қалай береміз, міне, осы сұрақтар мұғалімді күнде мазалап жүруі керек. Мектептегі оқушыларға сапалы білім беру нәтижесі мұғалімнің ұстанымына байланысты. Ұстаным дегеніміз не? («Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс- әрекетке бейімділігімен байланыстырады. Социологтар оны жеке тұлғаның негізгі құндылығы есебінде атап көрсетеді. Менің педагогикалық ұстанымым оқушыларға әділ болып, олардың білім сапасын көтеру болып табылады. Әрине, тек өз пәнінді жақсы білетін маман болу аз, оқушылардың жанын түсінетін адал, шыншыл тәрбиеші болу да қажет. Шәкірттеріміз мектепте алған білімін қоғамда қолдана білсе, нұр үстіне нұр емес пе?! Алдымызда мөлдіреп отырған бүгінгі оқушылар, ертеңгі қоғамның мүшелері.Бірі- дәрігер, бірі- экономист, бірі- тілші болып, ұлы Абайдың сөзімен айтқанда, қоғамда кірпіш болып қаланады. ХХI ғасырда жаңа технологиялар көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқанда, оқушыларымыз да сол технологияларды үздік игеретін,заман талабына сай шәкірттерге білім беруіміз керек. Сондықтан да мұғалім мамандығына талап жоғары болады. Әр адам үкілеп, әлпештеп өсірген ұл мен қызын мектепке жетектеп әкеліп, мұғалімге зор сенім артады. Үкілеген үміттеріне үлкен жауапкершілікпен қарау — біздің борышымыз.
Мен ағылшын тілі мұғалімімі. Биылғы оқу жылында 5,6 сыныптарға ағылшын тілінен сабақ беремін. Үнемі ізденіс үстінде жүріп, сабақты әсерлі де қызықты ету, балаларға білім нәрін сусындау менім алға қойған мақсатым. Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту ағылшын тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Ағылшын тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Қазіргі кезеңде мектептерде ағылшын тілін оқыту дұрыс жолға қойылған. Оқушылардың ағылшын тілін біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді. Ағылшын тілін оқытудағы білімділік мақсаты — шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым — қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты — өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету. Жаңа бағдарламаның басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет» деген сөздеріне ой жүгіртсек, мұғалім мамандығындағы менің парызым алдыма білім алуға келген әр баланың қолынан жетектеп өмір жолының дұрыс бағытына салу, елімізді әлемге танытатын, ата дәстүрді құрметтеген, ең бастысы Отанын сүйетін азаматты тәрбиелеу, осы жолда еңбектену, іздену, мақсатқа жету… Ал, көздеген мақсатқа жету менің қолымнан келеріне

 

Нованов Ғалымжан Жақсылықұлы,
Түркістан облысы
Сарыағаш  қаласы, Ақжар елді мекені
«№28 Абылай хан атындағы жалпы орта мектеп» КММ
ағылшын тілі  және тәлімгер жұмысын атқарушы мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.