Home » Ашық сабақтар » Мен не үйрендім?(Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы)

Мен не үйрендім?(Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы)

Ересек топ: «Қызғалдақ»
«Коммуникация» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі «Сауат ашу»

Тақырыбы: Қорытынды ашық оқу қызметі . «Мен не үйрендім?

Мақсаты: Балалардың жыл бойғы алған білімдерін тиянақтау. Дидактикалық ойындар барысында есте сақтау, көру, ой-қиялын, сезіну, қабылдау, жүйелі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыра отырып, алған білімдерін тиянақтау.

Әдісі: дидактикалық ойындар: «Кім тапқыр», «Ойлан, тап» ойыны, «Жоғалған әріптер», «Кім көп біледі?» ойыны, «Буынұйқас», «Қай дыбыстан басталады?».
Сергіту сәті, әліппе әні, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Слайд, ребус, карточкалар, нтерактивті тақта, ковралан кілемшесі.

Билингвалдық компонент: буын – по слогам, сөзжұмбақ – ребус

Сөздік жұмыс: буынұйқас, сауатты, ой-қиялы.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы — Балалар, сендер балабақшаны аяқтаған соң қайда барасыңдар?
Ал сендер онда қандай дайындықпен, нелерді үйреніп баруларын керек?
— Онда мен сендерді ортаға шақырып, «Ойлан тап» ойыны арқылы мынау әріптері бар кубикті лақтыра отырып сұрақ қоямын, сендер толық жауап беруге тырысындар.
1. Сауат ашу ұ. оқу қызметін біз нені үйрендік?
2. Әріп деген не?
3. Дыбыс нешеге бөлінеді?
4. Қандай, қандай болып?
5. Дауысты, дауыссыз д.қандай текшелермен белгілейміз?
6. Дыбысты біз не істейміз?
7..Әріпті не істейміз?
8. Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
9. Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? — Мектепке, дайындық тобына барамыз, — деп жауап береді.
— Дыбыстарды танып, оқып, санап баруымыз керек,- деп 2-3 бала жауап береді.

 

С.а ұ. оқу қызметінде дыбысты және әріптерді, сөздерді жазуды, сөйлем құрастыруды, буынға бөліп оқуды үйрендік.
Әріп дегеніміз – дыбыстың таңбасы
Дыбыс екіге бөлінеді:
Дауысты, дауыссыз дыбыс болып.
Дауысты д. Қызыл текшемен, д-з дыбыс көк текшемен белгіленеді.
Дыбысты естиміз, айтамыз.
Әріпті көреміз, жазамыз.
Дауысты дыбыстар созылып айтылады.
Дауыссыз дыбыстар кедергімен айтылады.

Ұйымдастыу
шылық ізденіс — Онда, балалар, осы үйренгенімізді тиянақтап, бірнеше тапсырмаларды орындауымыз керек.
1 тапсырма. Интерактивті тақтадағы суретке әңгіме құрастыру.

Көктем, құстар деген сөз екі буынға бөлінетінін қайдан білдің?

ІІ тапсырма. Берілген әріпті пайдаланып сөз және сөйлем құрастыр.

3 тапсырма. Қай дыбыстан басталады?

4 тапсырма. Интерактивті тақтадан көру диктантын жазу (қарындаштен жазып өз беттерімен орындайды, ал бір бала ковралан тақтасына баспа түрімен жазады)
Сергіту сәті

5 тапсырма. «Кім көп біледі?» ойыны. Буын ұйқас:

6. Жұмбақтар жасыру

Жанында жаздың шуағы
Жаңбырмен жүзін жуады.
Екі орақ пен бір таяқ,
Белін бірге буады.
Ол қай әріп болады?

Ас біткеннің анасы,
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталып,
Аяқталған қарашы.

7. Түсіп қалған әріпті тауып алып жазып, дәлелдейміз. “Көктем” тақырыбы бойынша әңгіме құрастырады, көктем, құстар деген сөзді орындарында отырып жазады және дәлелдейді.

КӨК-ТЕМ деген сөз екі буынға бөлінеді: екі дауысты дыбыс, төрт дауыссыз дыбыс бар,
ҚҰС-ТАР деген сөз екі буынға бөлінеді: екі дауысты, екі дауыссыз дыбыс бар.
— Дауысты дыбыс қанша болса сонша буын болады,- деп бір бала жауап береді.

— Менің ала күшігім бар. Ара бал жинайды.

 

Той, қой, ойна, ғарыш, таға, шана: жазып дыбыстық талдау жасайды, буынға бөледі.

Балалар орындайды.

Ай-ай-ай
Ұшып кетті торғай.
Ай-ай-ай
Жайылып жүр тай.
Ға-ға-ға
Ұшып кетті қарға.
Ыз-ыз-ыз
Айгүл жақсы қыз.
Ме-ме-ме
Келе жатыр кеме.

Ж әріпі

Н әріпі

ғарыш

Рефлексивті-коррекция
лау «Мен қандай әріппен доспын?»
«Менің сиырым «м» әрпімен дос,
«Менің түйем «ө» әрпімен дос, «Менің кірпі «и» әрпімен дос,

«Кім шапшаң сөйлем құрайды?» ойынымен аяқтау.
Сөйлемді көп тауып құраған балаларды мадақтап мақгау. Қорытындылау.
Әріптер туралы әнмен аяқтау/видео

 

өйткені онда мүйізі бар».
өйткені онда өркеш бар».
өйткені онда инелері бар».

 

 

Балалар шапшаң сөйлем құрастырады.

Күтілетін нәтиже:

1. Берілген сөзге дыбыстық талдау жасауды ұғынады;
2. Дауысты, дауыссыз дыбыс туралы түсінеді;
3. Буынға басқа буынды қосып, жаңа сөз ойлай алу қабілетін қолданады.

 

 

Г.Д. Қабылдина
Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы
әкімдігінің білім бөлімінің
№61 бөбекжай-бақшасы» МКҚК, тәрбиеші

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.