Home » Ашық сабақтар » Мен кім?

Мен кім?

 Жексембина Әлия Амантайқызы
Беняш орталау мектебінің
қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
Мағжан Жұмабаев ауданы, СҚО

 

 

 

 

 

 Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Мағжан Жұмабаевтың өмірі, шығармашылығы жайында мағлұмат беру
«Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері жайлы толық мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін  айтқызу. Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Проблемалы іздендіру, практикалық үлгілеу, анализ, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: М.Жұмабаев суреті, слайд, интербелсенді тақта
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу. Олардың ынта-зейінін сабаққа аудару.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Оқушыларды үш топшаға бөлу/ бала санына қарай біздің мектепте бала саны аз/

ә) Үй тапсырмасын тексеру.

  1. А.Байтұрсынұлының өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.
  2. Қалаған өлеңін жатқа сұраймын.
  3. Қосымша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға интербелсенді тақтаны пайдаланып Мағжан Жұмабаевтың өмірі, шығармашылығы, «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері жайлы түсіндіремін.
Қаршадайынан зерек, Шығыс, Батыс әдебиетін еркін игерген Мағжан қазақ поэзиясына балғыншағында-ақ ерекше, аса талантты болмысымен келді. Қазақ ауыз әдебиетінің тұнығына қана отырып, жарқ етіп шыққан Абай поэзиясын өзіне мектеп етті.
Мағжан — ұлтын тереңнен сүйген акын. «Адам,- дейді ол, — шын адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін». Ақынның өзі де осы ізгі мақсаттың құрбаны болды. Бүгін балалар М.Жұмабаевтың «Мен кім?» өлеңін талдаймыз,
1.Өлеңді 2-3 оқушы мәнерлеп оқиды. Жақсы оқыған оқушыны мақтап отыру.
2.3 топшаға бөлу. Зерттеуші ретінде жұмыс істейді. Топ басшылары бағалау парағына топ мүшелерінің білімін бағалап отырады
1-топ Әдебиеттанушылар. Жанр мен тегін анықтайды.
2-топ Лингвистер/Автор стильін тексереді, көркемдегіш құралдарды қарастырады/
3-топ. Қоғамтанушылар ./Шығарманың тақырыбы мен идеясын ашады/
1-топ. Әдебиеттанушылар
Шығарма тегі. Лирика,  жанр, өлең. Өлең құрлысы: Шумақ, бунақ. Ұйқас, тармақ т.б.
2- топ. Лингвистер. Метафора: Арыстанмын, жолбарыспын, жалынмын, теңізбін, желмін.
Эпитет: Қаракөк теңіз, гулеген жел, теңізбін түбі жоқ.Инверсия:жалынмынмен, тұлпармын мен, теңізбін қаракөк, желмін гулеген.
Риторикалық сұраулы сөйлем:- кім шыдар?
III Шығармашылық тапсырма:
1-топ. Осы шығарманың идеясына сәйкес мақал-мәтел, фразеологизм жаз.

2-топ. Бес жол өлең жаз.

3-топ. Эссе жаз.

Рефлексия. Әр адамның қоғамда бір орыны болуы тиіс. Сендер қоғамда өмір сүріп жатырсыңдар сол қоғамда сендердің орындарыңды қалай көресіңдер. Әр адам өзіне «Мен кім?» д деген сұрақ қойып, Отанының дамуына қандай үлесі бар иекнін білуі тиіс. « Мен кім?»  тақырыбына шағын мәтін жазыңдар.
Үйге тапсырма: Балалар өлеңді жаттау. «Мен жастарға сенемін» өлеңін «Мен кім ?»  өлеңімен салыстырып анализ жазып келу.
Бағалау:  Бағалау парақшаларымен топ басшылары жиналған ұпайларына сәйкес бағалау.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.