Мен педагог-психологпын. Мен үшін психология менің ажырамас бөлшегім. Психология-болашақтың мамандығы. Менің кәсіби және өмірлік ұстанымым-әрқашанда дайын бол! Көбісі қиналса да, психологты қажет етпейміз дейді.Неліктен? Ол ешнәрсе үйретпейді, ол тек кеңес береді деген қате ой. Себебі тек нағыз психолог қана Сіздің шынайы болмысыңызды қабылдап, дұрыс бағдар көрсетуге тырысады.Ендеше бұл ең қажетті білімнің психология екенінің дәлелі емеспе? Тек қана кеңес беріп емес, адамның бойындағы күшін оятып, қиындықтармен күресетін күшін көрсетеді. Жандағы жараны емдеп, қуанышты сыйлайтын-болашақтың мамандығы.Себебі қазіргі ақпараттанған заманда адам жанының қажеттіліктері екінші орынға ысырылған секілді. Мамандығымның жаман тұстары да бар.Себебі маған жанын емдеуге келген адамның барлық жан дүниесінің ауыртпалығын, өз бойыңнан өткізгенде ғана, сен оған дұрыс бағдар бере аласың. Ол оңай дүние емес. Ол үлкен күш пен табандылықты қажет етеді.Рухани болмысың құлазиды, шаршайсың. Алайда оны жасай алсаң сен нағыз психологтың кәсібилігіне біртабан жақындай түсесің. Одан тапқан ләзатты тек өз ісінің маманы ғана түсінер. Келесі кезекте ертегі арқылы психолог мамандығының ерекшеліктерін түсіндірсем деп едім. «Психолог» жайлы ертегіні тыңдап, сол әлемге саяхатқа шығайық.
Балабақшаға жаңадан Арман есімді бала келеді.Ол ешнәрсеге қарамастан жан-жағын шашып,жылай бастайды. Оны көрген Аяжан оған тіл қатты: «Бала сен неге жылайсың, ашуланасың, балабақша деген күшті емеспе?» деді.
Арман: «Ешқандайда күшті емес, несі күшті?Мұнда тісі ақсиған қасқыр, қорбаңдаған ашулы аю бар, Барлығынан қорқамын, ұнамайды, үйге қайтқым келіп тұр» деп жылағанын тоқтатпады.
Аяжан: «Қателеесің, балабақшада ән, би,ойын және психолог апайымыз бар, ол маған сондай ұнайды.Оның есімі-Нұргүл Рахымқызы, ол балаларға, үлкендермен жұмыс жасап, балабақшадағы психологиялық ахуалға жауап береді» деді.
Арман: «Апайың құтты ханша десей, бірнәрсе ұнамаса бәріне ұрысып жүрер, ұнамайды балабақшаңда, психолог апайың да» деп айтты.
«Жоқ, ол ондай емес,қарапайым кісі, балалармен ойнайды, балалар оны ұнатады,түрлі тренингтар өткізеді,қуаныш сыйлайды» деді Аяжан.
Арман: «Сенбейін психолог апайың қорқынышты дию секілді ақыратын шығар,сосын балдар ойнауға бата алмай, қорқып отыратын шығар.Ұнамайды балабақшаңда, психолог апайыңда!»дей айқайлай жөнелді.
Аяжан: «Неге сенбейсің,ол тренингтар өткізеді, психологиялық ойындар, жаттығулар, жаңадан келген балаларды құшақ жая қарсы алып, сіңісіп кетуіне көмек береді,қуаныш, сенім сыйлайды.қорқынышты жеңуге көмек береді. Жақсы жұмыс жасасаң,марапаттайды, үнемі қолдап отырады. Оның өткізген ойындар әрдайым көңілді, әрі қызық. Менде сен секілді өзіме сенімсіз болып, балабақшаны ұнатпай келдім. Алайда балабақшаның апайлары және Нұргүл Рахымқызы менен көмектерін аямады, сол үшін ризамын оларға» деп ағынан жарылды Аяжан.
- «Апайың апай емес, тура Бетмен десейші.барлық жанға көмек беріп, үлгереді екен.»-, деді Арман таңданысын жасырмай.
- «Иә,ол батырлар секілді,балаларға, үлкендерге қорқыныш сезімін жеңуге көмек береді, жүрегі ашық, мейірімділікке толы, әрқашан сені тығдауға, көмек беруге дайын тұрады.Балалармен ойнайды, түрлі рольдерді сомдайды.»деді Аяжан
- Сендім, сендім, жақсы мамандық екен, менде өскенде психолог маманы болмақшымын! — деген Арманның көзі жартылдаған болды.
Құрметті әріптестер, балаға болсын, үлкенге болсын, өзін кінәламайтын, қолдайтын, жол көрсетер және түсінетін достық қолы қажет.Сол дос — психолог. Мен кәсібіммен мақтанамын! Себебі мен күніне бір рет болсын, жақсылық мен қуаныштың себепкері болып жүрмін!
Нургул Рахимова,
«Сәулет» жеке балабақшасы психологы,
Қызылорда қаласы