Home » Эссе » МЕН ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГПЫН

МЕН ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГПЫН

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы «Қазақстан халқына Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауында сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс деген.  Қазіргі ұстаздардан жеке тұлғаны оқу үшін оқытуда, тәрбиелеуде зор жауапкершілік артуда. Жаңа ғасырдағы жан-жақты қаруланған білім мен біліктілікті меңгерген ұстаз болу оңай шаруа емес.  Елбасымыздың жолдауларында бәсекеге қаблетті дамыған мелекет болу үшін біз сауттылығы жоғары елге айналуымыз керек дей келіп, қазір жай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі озық жабдықтармен және заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс — деді.

Ұстаздар туралы ақын-жазушылар, сазгерлер талай шығармаларын жазды. Әрине ұстаздар туралы әлі талай шығармашылық туындылар туады,  жазылады. Себебі ұстаздар барлық мамандықтың анасы.  Елімізді басқарып отырған Президентіміз де,  ұстаздардан білім алған.  Ұстаз атана білу,  оны қадір тұту,  қастерлеу,  арыңдай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ал, осы мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті,  икемділікті, шеберлікті, ерекше  шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандықтың бірі – мұғалім мамандығы. Мұғалім мамандығы киелі де көне мамандықтың бірі. Адамзатты ежелден ойландырып,  толғандырып келе жатқан,  қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да,  қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе – жас ұрпақты өмір сүруге дайындау.  Бұл  қиынның-қиыны.  Себебі, әр адам-қайталанбас жеке тұлға, әрбір ұстаз әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен,  әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін,  ұйымдастырушылық қабілеті бар,  өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы,  таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.

Осы мамандыққа деген қызығушылықтары небір қиын әрекеттерге жетелеп, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес,  бірненше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осынша қадір-қасиет, құрметке бөленуі оның қарапайымдылығы, шәкірттеріне асқан сезімталдықпен қарым-қатынас жасауы және заман талабының ағымына ізденіспен бағытталуы. Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерісерге бейімделуді талап етуде. Әсіресе рухани – адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау барысында Кембридж тәсілінің теориялық негіздерінен үйренер үлгі бар.  Сегіз ғасырдан астам тарихы бар Кембридж университтетінің іс-тәжірибесін меңгеру арқылы білімнің мәнін, жауапкершіліктің салмағын ұғынумен қатар шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренуде. Әдіскер болу – жәй ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Қазіргі таңда мен сабағымды оқушыларды іс-әрекеттестік тұрғысынан ойлана алатындай,  бірін бірі тыңдап, ой-пікірлерімен бөлісе, бағалай алатындай сабағымды жоспарлаймын. Сондықтан қазіргі уақытта мұғалім өзі сын тұрғысынан ойлана алатын, басқада ұстаздармен тәжірибе алмасып, өзінің кемшіліктерін түзете алатын, алдағы сабақ жоспарларын үнемі оқушыларға тиімді етіп қайта жоспарлап жүретін ұстаз,  көшбасшы болуы қажет деп ойлаймын.

Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйренудің, ізденудің нәтижесі. Мұғалімнің шеберлігі туралы жазылған дайын қағида жоқ және болған да емес. Ізденуші мұғалімнің алдында әрдайым бір сұрақ тұрады. Ол жақсы ұстаз болу үшін не істеу керек? Яғни XXI ғасыр ұстазы қандай болмақ? Мұғалімнің негізгі басты мақсаты – әр жеке тұлғаның рухани-адамгершілігі бай адамды қалыптастыру. Біріншіден, әр жеке тұлғаның жасына қарамай өзіңмен тең ұстау және оның көзқарасымен санасу.  Екіншіден, әр ұстаз өз пәнін жетік білуі тиіс. Үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеру керек.  Қазіргі дамығын заманда өзің дамымай, ізденбей артта қалсаң,  шәкірттерің де білімсіз тұлға қалыптасатындай. Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген,  көрген,  естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі,  мейлінше шешен,  өнер-білімге құштар,  аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын,  жақындарына да,  жат адамдарына да әділ,  жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл,  ержүрек болуы керек.  Ұлы ғұлама Әл-Фараби «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,  өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген.

Халық даналығы бекер айтпаған тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас дегендей, мұғалім оқу үшін оқытуда интербелсенді әдіс-тәсілдерді ізденіп, сабақтың құрылымына сәйкес кіріктіріп, оқушыға өздігінен білім алуға бағыттап отыруы керек. Әр сабағына дайындық үстінде сабақты қалай қызықты өткізуге болады деген сұрақ көкейден кетпеуі керек. Қытайдың ғұламасы Конфуций маған айтып берсең –ұмытып қаламын, көрсетсең – есімде сақтаймын, өзіме жасатсаң-үйренемін. Бұл идеяны деңгейлік оқу барысында алған білімімді, өз шәкірттеріме сабақ беру барсында қолданамын. XX ғ. басында Мария Монтессори өзінің тамаша үйрету жүйесінің негізгі қағидасы ретінде қайталаған: Менің өзім жасауым үшін көмектес! (мені үйрет емес) деген екен. Яғни өзімнің шәкірттерімді адамгершілігі бар, ұлттық тәрбиені бойына сіңірген, отаншылдық рухы жоғары тұлға ретінде тәрбиелеуде,  оқу үшін оқытуда бар күш жігерімді жұмсаймын. Себебі, өз мамандығымды,  шәкірттерімді жақсы  көремін.  Жаңашыл мұғалім еңбек ету үшін жаңашылдыққа ұмтылып, ізденуі керек. Әлемдік білім беру жүйесі де тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.  Алдарымызда өміріміздің аса бағалы иелері,  болашағымыз,  еліміздің ертеңі,  жас өркендеріміз отыр дегім келеді. Жаңа заманға сай жігерлі де намысты ұлдарымызды,  инабатты да ибалы қыздарымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай,  қазақы болмысымызбен тәрбиелеуге атсалысайық. Қазақстанның жаңашыл ұстазы,  жас ерекшелігіне қарамай үнемі жаңашылдыққа ұмтылуы, ізденуі, шығармашылыққа бағытталуы керек. XXI ғасыр – білімділер ғасыры. Мәңгілік ел атануымыз үшін ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, парасатты ұрпақ тәрбиелеп жатқанымызды бір сәтте естен шығармауымыз керек.  Ұстаз – таудан арқырай аққан тау өзені секілді,  айналасына қуат беріп,  жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп,  таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып,  дамылдайды.  Ұстаз – Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да,  еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы.

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – жүректің батырлығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның асылдығы — деп сөзден  жыр кестесін  өрген  ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз ұстаз деген сөздің анықтамасын дәл берген.

Досаева Л.А.
№6 орта мектебі
Қызылорда қаласы
 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.