Home » Жаңалықтар » «Мен естимін» науқаны

«Мен естимін» науқаны

1 наурыз – алғыс айту күні «Анатомия, физиология және дефектология» пәндерінің оқытушылары Л.В. Резник пен С.Ж. Қабиева бірлесе отырып, математика және жаратылыстану факультетінің дефектология мамандығының студенттері жылдағыдай «№1 Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналаған арнайы жалпы орта білім беру мектебінің» 1-4 сынып оқушыларының қатысуымен қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Аталмыш шараға студенттердің өздері тілек білдірді. Алғыс күнін өткізуге мынандай дайындық жұмыстары ұйытқы болды. Атап айтсақ, сценарий жазып, қызықты ойындар таңдап, бейне таспаны қолдана отырып концерттік бағдарлама дайындады. Қаражат жинап, тәтті сый, кеңсе тауарлары және тағы да басқа сыйлықтар сатып алды.

Бағдарламаны Маралбаева Диана мен Айнаш жүргізді. Ал Ораз Айсұлу екі тілде ана туралы ән орындады. Балалар болса, қуана-қуана барлық ойындарға белсене қатысып, таспадағы тапсырмаларды шешіп, дене шынықтыру сәтін де жібермей бір сергіп қалды.

Екі жақтың бірін-бірі жақсы түсінуі мектеп мамандары мен сурдоаудармашылар арқылы жүзеге асты. Студенттердің өзі де барлық іс-шараларға қуана қатысуының арқасында бұндай өзгешеліктері бар балалармен қалай тіл табысу керектігін үйренді. Барлық қатысушылар үлкен серпіліспен жақсы әсер алды. Мектеп мамандары келесі іс-шараны бірігіп өткізуді ұсынды.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.