Мақсаты:
1.Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
- Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
- Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
Күтілетін нәтижелер:
Сұрақтарға жауап бере алды, талдай алды.
Тақырып бойынша білгендерін өз сөздерімен айта алды, өздігінен қорытынды шығара алды. Оқушылармен бірге тәрбие сағатының мақсатын анықтау, әр тапсырмаға бағалау критерийлерін құру, әр жұмысты талдап, әр топ бір-біріне сұрақтар қойып, жауап алу, әр жауапқа толық талдау жасау.
Мағынаны ашу
«Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі бойынша жұмыс болды.
- Берілген ресурс бойынша жұмыс (берілген жұмыс түрлерін оқушылар белгілі уақыт ішінде өзара бөліп алып орындады) сұрақтар құрылды;
– тақырып бойынша қысқаша әңгімеледі.
Екі тілек, бір ұсыныс бойынша қорытынды жасалды.
Рефлексия парағын толтыру. (Нені білемін? Нені білгім келеді? Нені білдім?)
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
«Балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?» «Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш», «Отан, туған жер» туралы қандай мақал — мәтелдер білеміз?
«Мақалды тап» ойыны ойналды.
Отан — …. да ыстық. Отан — …. нан басталады. т.б. мақал-мәтелдер жалғасын тапты.
Рефлексия парағын толтыру (Нені білемін? Нені білгім келеді? Нені білдім?)
Тәрбие сағатының өзіндік талдауы: Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев: Өткеніңді еске алсаң — Өскеніңнің белгісі. Өткеніңді ұмытсаң, Өшкеніңнің белгісі, — деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. «Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды монындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашан да еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Еліміздің жанашыр патриоты болайық» — деп мұғалім өз сөзін аяқтады.Тәрбие сағатына оқушылар белсене қатысып, өз қызығушылықтарын көрсетті. Өз ойларын еркін жеткізді. Патриот деген сөздің мағынасын талдау тапсырылған. Төрт топта өз тапсырмаларын тиісті деңгейде орындады. Талдау барысында тақырыпқа қызығушылық танытып, белсене талдап, бір-бірімен пікір алмаса отырып жұмыс түрлерін бөліп ала білді. Қазақстандай үлкен жерімізді, елімізді, танытып, намысымызды шет елде қорғап келген спортшыларымыз туралы да көп мағлұмат білетіндіктерін көрсетті. Өз беттерімен ізденіп, қазіргі кезде де ерлік жасауға болатынын, «патриот» сөзінің мағынасын кең көлемде аша білді. Тәрбие сағаты мақсатына жетті.
Тулегенова Г.С.
Рудный қаласы, №19 орта мектебі