Елордамыз Астана қаласында бүкіл әлемдік «ЭКСПО -2017» көрмесі өтіп жатыр. Осы көрмені тамашалауға Тоқтар Әубәкіров атындағы жалпы негізгі білім беретін мектебінде оқитын 4 оқушы бардық. ЭКСПО көрмесінде 100- ден аса халықаралық ұйымдар өз елінің салт-дәстүрі мен ұлттық нақыштағы жәдігерлерін ел назарына ұсынған. Әр ұлттың павильондарына барғанда сол елдің азаматтары мен азаматшалары өз тілдерінде амандасып, қонақжайлылық танытты. Сонымен қатар, елдердің тарихынан сыр шертетін мағлұматтармен бөлісті. Көрмені тамашалай жүріп, біз өзге шет елдердің мәдениеті мен тұрмыс – тіршілігі жайлы, алға қойған мақсаттары туралы білдік. Жаңа технологиялар әлеміндегі жаңалықтар мен болашақта қолданысқа енгізілетін ғылыми жобаларды көрдік. Көрмеге ұсынылған таңғажайып ғылыми жобалар менің елімнің игілігі үшін қолданылады деген сенімдемін.
Т.Әубәкіров атындағы жалпы
негізгі білім беретін мектебінің
4 – сынып оқушысы
Нагашибаева Ханым