Home » Ашық сабақтар » Менің әлемім

Менің әлемім

      Тренигтің мақсаты: Әрбір бала өзінің мінез құлқымен эмоцияларын басқара алуына үйрету, өзін-өзі бағалау деңгейін жоғарлату, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету.Топтағы ұйымшылдықты арттыру
Тренингтің жоспары.
1.Ойын «көршіңе мадақтау айт»
2.«Ең жақсы өрнек»сайысы жұппен
3.Логикалық сұрақтар
4.Ойланып сұрақты аяқта
5.Зандылықты тауып сөздің жалғасын тап.
6.«Суретті аяқтап бер» жұппен жұмыс
7.Күлкі-релаксация
Материал: альбомдық парақ, түрлі-түсті қаламдар,логикалық ойындарға қажетті көрнекіліктер.
Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме,балалар! Бүгінгі өткізілетін оқу қызметіне қош келіпсіздер!
«Көршіне мақтау айт»
Алдын ала балалардан мақтау (мадақтау )сөзін қалай түсінетіндігін сұрау қажет.Егерде, балалар білмейтін болса, онда түсіндіру қажет. Мадақтау-бұл адамға жағымды сөз.Мысалы, сен бүгін әдемісің, маған сенің көзіңнің түсі ұнайды. Содан кейін, жүргізуші (қалауы бойыншақ) барлық балалардан сұрайды. Бүгін Аяулым қандай?
Мысалы, балалар жауап береді-мейірімді,көңілді,ақжарқын т.б.
«Ең жақсы өрнек» балалар түрлі-түсті қаламдармен кез-келген өрнек салады.Содан кейін өздерінің өрнектері туралы айтады:
а ) Қандай түсті;
б) Қалай аталады;
в) Оны қай жерде қолдануға болады?
Логикалық сұрақтар: тауып көр, мен не туралы айтып тұрмын?
Үлкен, дөңгелек,тәтті,ала…………..
Ұзын,жасыл,қытырлақ……………….
Иісшіл,дөңгелек,тәтті,……………….
Қорқақ,сұр, ұзын құлақ…………….
Ойланып сөйлемді аяқта
Мысалы, егер тышқан мысықтан кішкентай болса,онда мысық тышқаннан үлкен.
Егер үстел орындықтан биік болса…..( онда орындық үстелден аласа)
Егер жолаяқ жолдан тар болса………(онда жол  жолаяқтан кең)
Егер бау лентадан қысқа болса………(онда лента баудан ұзын)
Егер тас мақтадан қатты болса……….(онда мақта тастан жұмсақ)
Заңдылықтарды тауып, сөздің жалғасын айт:
Құс –қауырсын, ит-(жүн)
Қызанақ-көкеніс,алма-(жеміс)
Дәрігер-аурухана,мұғалім-(мектеп)
Балық-су,құс-(ауа)
Күз-жаңбыр,қыс-(қар)
Күндіз-күн,түнде-(ай)
«Суретті аяқтап бер» (жұппен жұмыс)
Барлық жұптарға карточкалар таратып беріп, ондағы суреттің жетіспейтін бөлігін салу ұсынылады.
Машина-дөңгелегі
Есіктің-тұтқасы
Мысықтың-құйрығы.
Шәйнектің – шүмегі
Үстелдің-аяғы
Қыздың -көзі.
Күлкі-релаксация.Тренингтің соңында балалар бір-біріне күлкі сыйлайды немесе күледі.
Кері байланыс: жүрекшелер таратылып, балалардың алған әсерлерін білу.
Қатысқандарыңызға көп рахмет,балалар!

 

К.Б.Ертаева,
Астана қаласы,
№38 «Шаттық» балабақшасының
Психологы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.