Home » Жас қалам » Менің ұстазым

Менің ұстазым

(Эссе)

Ұстаз – ұлағатты есім. Адам баласының қадір тұтып, құрметтейтін ұғымның бірі ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстазы жақсының ұстамы  жақсы», «ұстаз алдын көрген» деген сөздер тәрбиелі, жақсы адамдар үшін айтылады.

Әрбір өнердің, мұғалімнің, құрылысшының, аспазшының т.б. мамандық иелерінің өзінің үлгі тұтар ұстазы болады. Осыған қарап біз, ұстаз ұғымының ауқымы кең екенін түсінеміз.

Мұғалім адамның екінші анасы іспетті. Олар өте мейірімді. Әр сабақ біз үшін өте  маңызды. Біз сабақты өз бетімізше түсіне алмауымыз мүмкін. Ал мұғалімдер оны бізге түсінікті етіп және өте жақсы түсіндіріп береді. Әркімнің өз ұстазы өзіне керемет. Мұның себебі ұстаздың өз оқушыларына жылылық танытқандықтан. Соның бірі менің мұғалімім – Сұртаева Күміскүл Сейтжанқызы. Мен өз мұғалімімді жақсы көремін. Сабақты өте жақсы түсіндіреді.

Балалардың сабақты жақсы оқуы мұғалімге байланысты. Мұғалім сабақ өтуі үшін сабырлы болуы  керек деп ойлаймын. Ал сондай мұғалімге менің ұстазым жатады. Мен өз ұстазыммен мақтанамын!

 

Амалбек Кәусар,
4 «е» сыныбының оқушысы,
жетекшісі Сұртаева Күміскүл,
Төле би атындағы №8 гимназия,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.