Home » Жас қалам » Менің ұстазым

Менің ұстазым

Мұғалім – өзінің бар күнін, бүкіл өмірін бала оқытуға, тәлім-тәрбие беруге арнаған адал жан. Мұғалім – біздің қол жетпейтін арманымызға жетуге көмектесетін адам. Бізге, яғни болашақ ұрпаққа  білім беруге бар күш-жігерін аямайтын жан. Мектепке тарыдай болып кірген оқушыларын, таудай қылып шығаруға бар ықыласын төгетін адам ол – мұғалім.

Мен, Шымыр Балауса Мұхаммед-Алиқызы, Тараз қаласы №3 мектеп-лицейінің 6 В сыныбының білім алушысымын. Менің сүйікті мұғалімім, екінші анам – Пернебаева Асель Құрманғалиқызы. Асель Құрманғалиқызы – ағылшын тілі пәнінің білікті маман иесі, біздің сынып жетекшіміз. Мен Асель Құрманғалиқызымен жақында танысқанымменен, бірден бауыр басып кеттім. Менің мұғалімім жүзі шырайлы, ақылды, мейірбан, сыпайы, кішіге ізет көрсететін адал жан. Ол бізді тіпті баласындай көреді. Ешкімді бөліп жармайды. Алған білімін бізге беруге асығады. Егерде мен сүрінсем, демеп, қолдап жібереді. Әрқашанда жанымнан табылады.

Біз жүлделі орындарға да ие болып үлгердік. Мысалы, 30 желтоқсанда NIO Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты Ағылшын тілі пәнінен ұйымдастырылған қашықтық олимпиадасынан Асель Құрманғалиқызының қолдауымен және берген білімінің арқасында жүлделі     І орынды алдым. Менің жеңісіме ұстазым қатты қуанды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа формация мұғалімі – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген, білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылған  шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді, шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген сөздері ұстазым Асель Құрманғалиқызына берілген мінездеме іспеттес.

Жас кеудемді мақтаныш сезімі бойлаған мына мен, өз кезегінде, ұстазыма деген алғысымды келесі бір өлең жолдары арқылы білдіргім келіп отыр:

 

Мұғалім – ардақты жан, ұмытылмас,

Өзімe бала күннен үні сырлас.

Нәр алып алғашқы рет сол ұстаздан,

Арманның асқарына ұмтылған жас!

 

 

Шымыр Балауса
6 «В» сынып оқушысы,
Пернебаева Асель Құрманғалиқызы,
ағылшын тілі пәні мұғалімі,
Тараз қаласы әкімдігінің білім
бөлімінің №3 мектеп-лицейі КММ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.