Home » Балабақша » Менің үйім

Менің үйім

Сабақтың мақсаты: «Отбасы» туралы түсінік беру. Баланың үйдегі орны жайлы түсініктерін қалыптастыру. Үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту.

Ата-анасына, туған жеріне, туған туыстарына, бауырларына сүйіспеншілік қасиетін қалыптастыру.

Көрнекілігі: шарлар, суреттер, карта, жер ғаламшарының макеті, нақыл сөздер.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Бөлме өтілетін сабаққа байланысты безендірілген.

Тәрбиеші: Балалар, біз ғарышта ғарыш кемесімен саяхаттап жүрміз. Қараңдаршы, балалар біз ғаламшарларды көріп тұрмыз. Міне, сатурн, шолпан, марс, жер.

Мынау жер ғаламшары. Жер ғаламшары туралы әңгімелеу.

Ол қандай пішінге ұқсайды?

Жер ғаламшарларынан қандай түстерді байқап тұрсыңдар? (көк, қоңыр, ақ)

Көк түс ол – судың белгісі.

Мұхиттар мен теңіздер.

Ақ түс ол – бұлттар.

Аспанда қалқып жүрер.

Қоңыр түс құрлық дер.

Оның аты болар – Жер.

Жер ғаламшары:

1.Судан.

2.Құрлықтан.

3.Бұлттан тұрады екен. Ортасында орналасқан –Күн. Жерге жарығымен жылуын беретін ғаламшар.

Күнге арнап ән айтайық.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Тәрбиеші: Біз қазір саяхаттан кейін туған жерімізге ораламыз.

Психожаттығу: Көзімізді жұмып, бір-біріміздің қолымыздан ұстап төменге түсеміз. Міне, төмендеп келе жатырмыз. Балалар, туған жерімізге келіп жеттік, терең дем алып көзімізді ашып, жан-жағымызға қараймыз, жерге оралғанымызға қуанып бір-бірімізге қарап күлімдейміз. Мұнда қараңдаршы, балалар, бізді жерде қонақтар қарсы алып отыр екен. Бәріміз қонақтармен сәлемдесейік.

Картамен жұмыс. Әңгіме, сұрақ-жауап.

Міне, балалар біздің Қазақстан мемлекетінің жер көлемі өте кең. Балалар, мемлекетіміздің бас қаласы қалай аталады? (Астана).

Ал, туған жеріміз туралы кім айтып береді? (Қарнақ ауылы).

Балалар, осы Қарнақ ауылында әрқайсыларыңның үйлерің бар, сол үйде тұратын адамдарды біріктіріп айтқанда қалай атаймыз? (отбасы).

Отбасы туралы жеке сұрақтар.

Үлкен саяхаттан кейін шаршаған шығарсыңдар, орындықтарға отырып демалыңдар.

Балалар сендер қай балабақшаға келіп жүрсіңдер? (Айша-Биби балалар бақшасына).

Балабақшаға сендерді кім алып келеді? (әжеміз, әкеміз, анамыз, атамыз).

Балалар, дем ала отырып жұмбақ шешейік.

Мейірімді жел жібек,

Күндей ыстық құшағы

Ет жүрегі елжіреп,

Құлыным, деп құшады. (Әже)

Кім туралы айтылған, балалар. Кім айтады екен?

Дұрыс айтасың. Балалар, бізге қонақ келіп қалған секілді.

Ғажайып сәт. (Әже кіреді)

Сәлемдесу. Балалар әжені төрге апарып отырғызады. Отбасы туралы тақпақтар айтып береді.

Ата

Айтады ертек жан атам

Ақсақалын салалап

Құмарымды таратам

Жер мен көкті аралап.

Менің анам

Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді.

Мен гүлдерді жұлмаймын

Тоғайларды қумаймын.

Айтқан сөзді тыңдаймын.

Мен

Атам не айтсам көнетін

Апам көңіл бөлетін

Мен осы үйдің еркесі

Бәрі жақсы көретін.

Тәрбиеші: Ал енді, әже сізге және балаларға отбасы туралы санамақ жұмбақ айтып берейік. Қане кім айтады екен?

Біз қанша адамбыз?

Ал санаңдар, санаңдар

Бізде қанша адам бар?

Алдымда: Атам, әжем бар,

Алдымда: әкем, анам бар

Білмесеңдер, біліңдер

Тағы саусақ бүгіңдер

Алдымда: әпке, көкем бар.

«Аман жүрсін інім» — дер.

Өзім бармын, інім бар

Кіп-кішкентай күнім бар.

Қанша болдық бәріміз?

Қанша болдық? біліп ал!

Әже сөзі: Ой, жарайсыңдар!

 

Тәрбиеші: Әже, біздің балалар жануарларға өз үйлерін табуға көмектеседі.

Дидактикалық ойын: «Үйін табуға көмектес»

 

Әже: Ой, жарайсыңдар, балаларым! Ал менің санамағым сергітуге жақсы, тыңдап көріңдер.

Сыңғыр, сыңғыр сырғалар

Құлағымда ырғалар.

Оң қолымда білезік

Сол қолымда білезік,

Саусақтарда сақина

Қане санап көрсетші.

Балалардың жауабы.

 

Әже: Балалар сөзжұмбақты, санамақты жақсы шешеді екен. Ал, үйде ата-аналарына тұрмыстық көмек береді ме екен?

 

Тәрбиеші: Әже, қазіргі заманда балалар сегіз қырлы, бір сырлы болып өсулері керек. Біздің балалардың қалай жұмыс істейтінін қарап отырыңыз.

 

Ұжымдық жұмыс. Екі топқа бөлінеді. Бірінші топ табиғат бұрышында жұмыс істейді. Екінші тобымыз құрылыспен айналысады.

Балалар үлкендерге көмектесіп,

Зәулім үй де тұрғызады.

Қалаушы да табылады,

Үй салынды, жабылды

Қосып құмға лайды

Сылақшылар сылайды.

Терезе, есік, едені

Қиюласты әдемі.

Құрылысшы боламыз

Зәулім үйлер саламыз.

Алиева Дилноза Хасановна

«Айша-Биби» бөбекжай-балабақша тәрбиешісі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы

                   Қарнақ ауылы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.