«Рәміздерім елдігімнің белгісі,
Білу керек бала-дағы ең кіші.
Рәміздерім – Әнұран, Ту, Елтаңбам,
Оның сырын жатқа білген жөн кісі.
Бала кезімізде біз де, дәл осы Тәуелсіздік күні қарсаңында, мектепішілік осындай үлкен мерекеде ән мен тақпақтарымыз арқылы Отанымызға деген сәби сүйіспеншілігімізді білдіріп, еліміз, жеріміз үшін мақтаныш сезімізді жасыра алмай, іштей өз-өзімізге серт беріп тұрдық. Сіздерге де таныс сезім болар?
Жоғарыда жазылған бала тақпағы жадымда ұмтылмастай жатталып қалыпты. Арада біраз жыл өткен соң, міне, мұғалім болсам да, кішкентай балалардан кем толқып тұрған жоқпын. Оқушыларымды Тәуелсіздік күніне арналған кезекті шағын мектепішілік іс-шараға дайындап, балаларға тек өлеңдер мен әндерді жаттатып қоймай, бұл мерекенің ұлылығын, Еліміз, халқымыз үшін маңыздылығын түсіндіруге тырыстым. Олардың кішкентай ғана жүректерінде патриоттық сезім, еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін оятсам деймін. Оқушыларға үй тапсырмасы ретінде еліміздің Туы туралы әңгіме құрастырып, суретін салып келуді тапсырдым. Нәтиже керемет болды!
Диана САДЫКОВА,
Үштерек Орта мектебі
мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі,
Үштерек ауылы, Ақсу қаласы.