Home » Мақалалар » Менің ғажайып танымдық әлемім

Менің ғажайып танымдық әлемім

Мақсаты: балалардың бірін-бірі түсінуіне, ұжымдық көңіл-күй қалыптасуына, есті, зейінді, қиялды, ақыл-ойды дамытуға ықпал ету, қарым-қатынас дағдыларын меңгерту.
Жұмыс түрі: танымдық топтық сабағы
Әдістер: интерактивтік оқыту әдістері, рефлексия
Тобы: мектепалды даярлық тобы
Қатысушы саны: 15-17 бала
1-жаттығу. «Сәлемдесу!»
Мақсаты: балалардың қызығушылығын ояту, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
Балалар топ ішінде айнала музыкамен жүреді, музыка тоқтаған сәтте өзіне жұп іздеп тауып, онымен амандасады.
2-жаттығу. «Ойлан да тап».
Мақсаты: балалардың байқағыштығын, көру есін ,зейінін дамыту. Топта бірлесе жұмыс орындауға қалыптастыру.
2-4 баланы балалар алдына шығарып мұқият қарауды тапсырамыз. Содан кейін ол балаларды сыртқа шығарып жібереміз де кез-келген бір өзгеріс енгіземіз, сосын оқушыларға сұрақтар қоя бастаймыз.
— Қандай өзгерістерді байқадың?
3-жаттығу. «Сөздер мен әріптер».
Мақсаты: баланың зейінін, ойлауын дамыту,сөздік қорын байыту, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
Балаларға  алдын-ала дайындалған тапсырмаларды беріп, оның орындалуын қадағалаймыз.
Мысалы. 4 қатарға әріптерді жазып, ұзын саны 1000 болуы керек, соның ішінен бір минутта барлық «с» және «қ» әріптерін сызып шығу. Сөздерді де сол сияқты жасыруға болады.
4-жаттығу. «Артығын тап».
Мақсаты: балалардың есте сақтауын дамыту,ойлау операцияларын дамыту
Балалар тақтадағы сөздердің ішінен артық сөзді табуы керек.
Мысалы.: кітап, дәптер, нан, қарындаш
Терезе, есік, қабырға, күн
Қасық, су, пышақ, тәрелке
5-жаттығу. «Кері балалар»
Мақсаты: балалардың өзін-өзі ұстай білуге, зейінді дамыту, қарым-қатынас дағдыларын меңгеруге қалыптастыру
Психолог балаларға отыр„ десе ол тұруы керек, жүгір десе керісінше тұрып қалуы керек.
6-жаттығу. Рефлексия.«Менің тілерім…»
Балалар бір-біріне жылы лебіз айтуы керек.

 

Кабжанова Гульнур Токтыбаевна,
Астана қаласы,
№34 «Ақ бидай»
балабақшасының педагог-психологы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.