Home » Ашық сабақтар » Менің тұңғыш Президентім

Менің тұңғыш Президентім

 

Сәлеметсіздер ме?
Құрметті қонақтар!
Бөбек тобына қош келіпсіздер!

Бүгінгі сіздерге тарқатып айтар

Ашық оқу қызметі 1-желтоқсан мерекесіне арналады

Ашық оқу қызметінің тақырыбы!

Менің тұңғыш Президентім!

Білім беру салалары: Коммуникация, Шығармашылық

Оның ішінде       Көркем әдебиет

Жапсыру бөлімдерін алып отырмын

Бүгінгі оқу қызметінің мақсаты:

Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерін таныстыру, Өз Отанын, туған жерін қорғауға құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Буклеттер, ҚР-картасы, суреттер, гүлдер, қағаздан жасалаған ұшақтар.

Билинг комп:   Елбасы –президент, ту-флаг, елтеңба-герб, әнұра-гимн.

Балалар ортаға шеңбер болып тұрыңдар.

Шаттық шеңберін айтайық.

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем

Тәрбиеші: Балалар алда қандай мереке болады?

Балалар: Президент күні

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.

Бүгінгі ашық оқу қызметі елбасымыз-Н.Ә. Назарбаевқа арналады, біз алғаш рет

сендермен елбасы  күнін атап өтеміз Ашық оқу қызметін әнұранмен бастайық.

Балалар бірге айтады.

Н.Ә.Назарбаев 1940ж 6 –шілде күні дүниеге келген, ол өте ақылды, білімді болып өскен. Ата –анасын сыйлап, құрметтеп өскен.өте еңбекқор бала болып өседі.

1991 ж 1-желтоқсан күні халықтың қалауымен тұңғыш президент болып сайланды.

Біздің мемлекетіміздің аты қалай аталады?

-Қазақстан

Біздің елбасымыз кім?

-Н.Ә.Назарбаев

Ол қандай жұмыс жасайды?

-Елімізді басқарады.

Олай болса елбасымызға арналған тақпақтарымызды айтайық.

Бекнұр:           Қазақ елі –Қазақстан

Болашаққа үн қосқан

Жақсы күнге жетелеп

Елбасы менің Нұрсұлтан

Ақсұңқар:        Астана арман қала

Бағы бір жанған қала

Әдемі болып тұрады

Мен үлкен болғанда да

Балнұр:            Отаным менің Қазақстан

Жайқалған дархан даласы

Жайнаған барлық қаласы

Отанның біздер баласы

Енді еліміздің рәміздерімен танысып алайық .

  1. Ту — тудың түсі көк адалдықтың тазалықтың бейбітшіліктің белгісі.

Күннің сәулелері елімізде тұратын ұлттардың санын білдіреді,

Бүркіт еліміз әрқашан биікке самғасын деген сөз, ал оюлар қазақ елінің

туы екенін білдіреді.

Туымыз туралы кім тақпақ айтады.

А.Айсұлтан: Көк байрағы бабамның

Бүгінгі ұрпақ алауы

Тірегі әке баланың

Қазақстан –жалауы.

Елтаңба-   бұл суретте шаңырақ бейнеленген ол отбасының бірлігін, екі

жағындағы қанатты тұлпар мәңгілік өмірді самғауды білдіреді,

5-жылдыз мемлекеттің жарқын болашағы бейнеленген, ал

Қазақстан жазуы  қазақ елінің елтаңбасы екенін білдіреді.

Елтаңба туралы тақпақ айтайық.

П.Айсұлтан: Елтаңбасы елімнің

Неткен айбат, әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әдемі.

Сонымен қатар әр елдің өз басты өлеңі бар ол Әнұран оны әрбір қазақ баласы білуі керек.

Әнұран туралы тақпақ айтайық.

Алмас: Әнұраным, айбатым

Тәуелсіздік қайратым

Достық, бірлік, татулық

Арманға жетті жаңғырып

Жарайсыңдар балалар!

Біздің елордамыз Астана қаласына саяхатқа барайық.

-Қандай көлікпен барамыз?

-Ұшақпен барайық.

Балалар қағаздан жасалған ұшақтарын қолдарына алып ұшуға дайындалады.

Ғажайып сәт:

Жол серік келеді: Сәлеметсіздерме балалар!

Астана қаласына саяхатқа дайынсыңдар ма? -балалар: ия

Жол серік:    Олай болса қатарға тұрып ұшайық. Ұшақта тәртіпті болыңдар

Ұшақ жерге қонды. 1,2,3, 45-үш тілде

Астана қаласының әдемі ғимараттары мен танысайық

Мынау –Ханшатыр-ойын сауық орталығы

Мынау-Ақ орда ол жерде Н.Ә.Назарбаев жұмыс жасайды

Астана қаласының символы

Бәйтерек. Бәйтеректің ең жоғары қабатында Президенттің

қол таңбасы қойылған, сендерде өз қолтаңбаларыңды қойыңдар.

«Біз бақытты баламыз» деп айтады жарайсыңдар енді балабақшаға

қайтайық.

Тәрбиеші: Балалар жол жүріп шаршаған шығарсыңдар, бәріміз сергіту сәтін жасайық.

Жоғары қарап күн көрдік

Төмен қарап жер көрдік

Оңға солға бұрылып

Егеменді ел көрдік

Отырыңдар енді шығармашылық саласы бойынша жұмыс жасайық.

  1. Гуащь
  2. Жапсыру
  3. Ермек саз

Балалар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, тапсырмаларды орындайды.

Жарайсыңдар ал енді

Дидактикалық ойын «Туған жерді гүлдендір» ойнайық.

-балалар үстел үстіндегі әртүрлі қиылған гүлдерді ҚР-картасындағы қалаларға гүлдерді жапсыру арқылы жүзеге асады.

Мінекей балалар қазақ жері гүлденіп әдемі болды.

Қорытынды: -Біздің президентіміз кім?

-Н.Ә.Назарбаев

-Біздің елордамыз қалай аталады?

-Астана

-ҚР-рәміздерін атаңдар?

-Ту, елтаңба, әнұран.

-Біз ұшақпен қай қалаға бардық?

-Астанаға саяхат жасадық

-Бүгінгі ашық оқу қызметі кімнің

құрметіне арналады?

-Елбасымыздың Н.Ә.Назарбаевқа

Балалар бүгін сендер өте ақылды, тәртіпті  болдыңдар, жарайсыңдар

Тау-тастан, теңіз-тамшыдан құралады. Біздің бүлдіршіндеріміз осылайша біртіндеп білім кенін игере береді.

Саналы да сапалы ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің басты міндеті.

Баршаңызға көп рахмет.

 

 

Жусипова У.,
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы,
Боралдай ауылы,
«Балдырған» бөбекжай- балабақшасы МКҚК-ны
Бөбек ортаңғы тобының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.