1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай №24 орта мектеп 4 «Д» сыныбында «Менің Тұңғыш Президентім» атты ашық сынып сағаты өткізілді. Өткізілген іс-шараның мақсаты: оқушыларға еліміздің Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаев туралы мағлұмат беру; ол кісінің салиқалы саясаты арқылы еліміз көптеген жетістіктерге қол жеткізіп отырғаны жайында ақпараттар беру, өз Отанының қорғанышы болуға тәрбиелеу.
Сынып бөлмесі тақырыпқа сай безендірілді, елбасының фотосуреттері, елорда суреті. Оқушылар бірыңғай мектеп формада, қолдарында Қазақстан Республикасының туына сәйкес жалаушалар мен шарларды ұстап тұрды. Сынып сағатын екі оқушы-жүргізуші және сынып жетекшісі Жакишева Салтанат Кенжеғалиқызы өткізді. Іс-шараға 6 ата-ана және екі мұғалім қатысты. Сынып сағаты әдеби монтаждан басталды. Оқушылар елбасы жайында тақпақтар мен тамаша өлеңдер мәнерлеп оқып берді. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты мағлұматтар айтты.
Іс-шарада еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны, қызмет жолы, сайлау кезі көрсетіліп, оқушыларға түсіндірілді. Іс-шара барысында тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылып отырды, алған жауаптары құнды, жаңа мәліметтермен толықтырылып отырды.
Оқушылар мен келген қонақтардың назарына елбасының сөзіне жазылған «Үшқоңыр» әні тыңдалды. Оқушылардың өз Отанына патриоттық сезімін ояту мақсатында «Жаса, Қазақстан!» әніне бір топ оқушылар би орындап берді. Сынып сағаты соңында келген мұғалімдер мен ата-аналар құттықтау тілектерін білдірді.
Сынып сағаты тартымды әрі қызықты өтті. Сабақта оқушылар елбасы жайында көптеген жаңа мағлұматтар алды.
Жакишева Салтанат Кенжегалиевна,
№24 орта мектеп,
Бастауыш сынып мұғалімі,
Астана қаласы
Есіл ауданы