Білім беру саласы: Коммуникация
Білім бөлімі: Қазақ тілі
Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы туралы мағлұмат беру.Туған жерін, елін сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Білімділік: Балалар тұрғылықты жерінің қала немесе ауыл атауын, көшелерін, белгілі ғимараттарды, ескерткіштерді, мәдени орталықтарымен таныстыру.
Дамытушылық: Сұрақтарға жауап беруге, өз ойларын айта білуге , сөздік қорларын молайту, тіл байлығын дамыту.
Тәрбие: Туған жерін, елін сүюге, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу. Бір-бірлеріне деген сыйластыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының жер картасы, слайд, видио ролик
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі-түсті қарындаштар
Алдын ала жасалатын жұмыс: өздерінің тұратын қаланың бұрынғы көрінісі туралы әңгіме жүргізу, суретін салу
Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік,сұрақ-жауап, ойын, практикалық
Сөздік жұмысы: Отан-Родина, қара-смотри, жақын-родной, құрметтеу-уважать
ҰОҚ барысы:
І кезең: Мотивациялық-қозғаушылық
(Тәрбиешінің әрекеті, балалардың әрекеті)
-Сәлеметсіздер ме, балалар?
-Сәлеметсіз бе, Анаргул Асхабылқызы?
Шаттық шеңбері
Балалар барлығымыз үлкен шеңбер жасайық. Бір- бірімізге жылу сыйлап, жақсы тілек айтайық.
Қуанамын мен де,
Қуанасын сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Бүгінгі күніміз сәтті өтсін! Мен барлығын жақсы көрем!
-Жарайсыңдар! Балалар бүгінгі күніміз сәтті өтсін! Орындарымызға отырамыз.
ІІ кезең: Ұйымдастырушылық ізденушілік
-Бір жылда қанша мезгіл бар?
-Төрт мезгіл бар. Бірге атайық. (Көктем, жаз, күз, қыс).
-Дұрыс айтасыңдар.
-Қазір жылдың қай мезгілі ? (қыс)
-Балалар бүгін біз жаңа сөздермен танысамыз. Отан-Родина әр адамның туып өскен жері болады.Оны Отан дейміз. Қара-смотри, жақын-родной. Әркімге өзінің өскен жері қымбат. Құрметтеу-уважать. Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтейміз. Құрметтеу деген сөздің мағынасын ашып түсіндірсем, ертеде соғыс болғанда қай елдің туы жерге түссе, немесе құласа, сол ел жеңілген. Соңдықтан мемлекетіміздің рәміздерін құрметтейміз. Ата-бабаларымыздан бізге қалған баға жетпес мұра. Жаңа сөздерді хормен айтып қайталаймыз. Отан-Родина, қара-смотри, жақын-родной, құрметтеу-уважать
-Біз қай қалада тұрып жатырмыз?
-Нұр-Сұлтан қаласы.
-Дұрыс айтасыңдар. Нұр-Сұлтан қаласы-Қазақстан Республикасының астанасы.
-Балалар енді назарымызды интерактивті тақтаға аударамыз.(Қазақстан жер картасы, көрікті жерлері, слайд, видио)-Біздің сүйікті Отанымыз Қазақстанның жері кең байтақ. Созылып жатқан кең дала, биік-биік таулар, асау толқыны жағаға ұрып жатқан Каспий теңізі, Балқаш көлі, өзендер мен көлдер, ну орманы көп. Жылдың қай мезгілі болса да, оның бәрі адам баласын толқытып қуантады. Бірақ ең негізгісі –туған табиғатымыздың әдемілігін байқай білу керек.
-Балалар сендер бақшаға келе жатқанда жолда қандай ғимараттардың қасынан өтесіңдер?
-Бәйтерек, цирк, Ханшатыр, т. с.
-Жарайсыңдар! Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлерін, ойын-сауық орталықтарын, мәдени орталықтарын атап беріңдерші.
-Бәйтерек, Ханшатыр, Думан, Мега, Ехро, концерт залы, цирк.
Сергіту сәті.
Ал балалар тұрайық,
Мойнымызды бұрайық.
Қолымызды созайық,
Жел сияқты қалықтап,
Оңға, солға иіліп,
Денемізді бұрайық.
-Балалар, үйде бұрын түрған жерлеріннің суретін салып келу керек еді. Кім салып келді?
Суретте нені салдың?
-Менің ауылым.
-Мен Астананы салдым. Ехро жоқ болған кезді.
— Видео роликке назар аударамыз. Нұр-Сұлтан қаласының бұрынғы көрнісі.
Жұмыс дәптерімізді ашамыз. Нұр-Сұлтан қаласының симболы Бәйтеректің суретін саламыз.
Видеоролик «Қыдырып қайтайық» әніне билейміз.
ІІІ кезең: Рефлексиялық-түзетушілік.
-Балалар бүгінгі оқу қызметінде өткен жаңа сөздер қандай?
Отан-Родина, қара-смотри, құрметтеу-уважать.
-Біздің мемлекет қалай аталады?
-Қазақстан.
-Қазақстанның астанасы қай қала?
-Нұр-Сұлтан қаласы.
Нұр-Сұлтан қаласының символы ?
-Бәйтерек
-Жарайсыңдар! Барлықтарын көңілді смайлик аласыңдар.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Сұрақтарға жауап беруге, өз ойларын айта біледі
Игереді: Туған жерін, елін сүюге, үлкендерді сыйлауды, Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеуді біледі
Меңгереді: Балалар тұрғылықты жерінің, қала атауын, көшелерін, үйлерінің атау мен нөмерін біледі.
Асхабыл Анаргул
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
№87 «Қадыр» балабақшасының
қазақ тілі пәні мұғалімі.
«Звездочка» ересектер тобы.