Home » Балабақша » Менің танымдық әлемім

Менің танымдық әлемім

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісін дамыту. Қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру. Іс — әрекет барысында өз ойын жүйелі, дұрыс жеткізе білуге баулу. Ақпараттық коммуникативті құралдарды пайдалана отырып, ойын арқылы ойлау тәсілдерін, заттарды салыстыра білу қабілеттерін арттыру.

Түрі:

Көрнекілігі: интерактивті тақта, «Жапқыш» бағдарламасы, компьютердің «Paint» бағдарламасы, сурет қиындылары, жасыл жұмсақ сәбіз, ойынға қажетті алма мен банан.

Барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі сабаққа психологиялық дайындық

Балалалар шаттық шеңберіне жиналып, жылы шыраймен сәлемдесіп, мына өлең жолдарын бәрі бірге айтады.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Балалар мен таңертең бөбекжайға келіп, компьютерді қосып едім, хат келіпті. Сендер хаттың кімнен келгенін, не туралы жазғанын білгілерің келеді ме?

Иә.

Ендеше тақтаға назар аударайық!

Құрметті:

«Балдырған» бөбекжайының бүлдіршіндері!

Мен сендердің сүйікті «Маша мен Аю» мултьфилімдеріңдегі Аюмын. Сендерге Маша екеуміздің басымыздан өткен оқиғаларымызды бейнетаспа арқылы жолдап отырмын. Мен сендерді тәртіпті, әдепті және өте зерек балалар деп естідім. Сол себепті сендерден Машаға үлгі болып, қателіктерін түзеп, тапсырмаларды дұрыс орындауға көмектесулеріңді сұраймын. Сендерге үлкен үміт артып, көмектесер деген ойдамын.

 Сәлеммен: достарың Аю

Балалар, Аюдың бейне материалына назар аударайық.

Осы жерде интерактивті тақтадан «Маша қыз бен аю » мултьфильмінің «День варенье»бөлімінен үзінді көрсетіледі.

Бейне көріністі талдау:

Психолог:

-Балалар, аюдың келесі тапсырмасына назар аударайық.

Маша бұл суреттерде нені дұрыс боямаған?

Заттардың түсі қандай болу керек?

І тапсырма:

Мақсаты: Сенсорлы қабылдау қабілеттерін арттыру, компьютердің көмегімен бояту арқылы шығармашылыққа баулу. Сөздік логикалық ойлауын дамыту, өз ойын сөз арқылы дәлелдеп  қорытындылату.

— Бұл суретте не дұрыс емес? Заттардың түсі қандай болу керек?

-Балалар тапсырманы талдап, түстерді ажыратып, компьютерде әр заттың өз түсімен бояйды. Бояп болған соң әр бала өзінің нені, қандай түспен бояғанын айтады.

ІІ тапсырма:

Ойын:  «Бұл не?»

Мақсаты: сезім мүшелері арқылы заттарды ажырату.

Мақсаты: Заттарды негізгі қасиетіне қарай жіктей білуін дамыту.

Ортаға екі бала шығады, көздері орамалмен байланады. Бір балаға банан, екіншісіне алма беріледі. Балалар сезім мүшелері арқылы әуелі заттың пішінін, иісін, дәмн, қатты, жұмсақтығын   ажыратады . Сосын заттың атын айтады.

ІІІ тапсырма:

Тентек Маша қоян досымның суретін де жыртып тастады. Сендер оны маған құрастырып беріңдерші

Мақсаты: Шығармашылық қиялдарын шыңдау. Көрнекі әрекеттік ойлауын арттыру. Ұжымдық еңбекке баулу.

Ендеше, тақтаға назар аударайық. Тақтадан қоянның тұтас суреті көрсетіледі. Балалар қиындыларды үстел үстінде құрастырады.

Аюға тұтас сурет ұсынылады, аю алғысын білдіреді.

ІVтапсырма: — Балалар, сендер шаршаған боларсыңдар барлығымыз демалып, психологиялық жаттығу жасап алайық.

Психологиялық жаттығу: «Ғажайып орманға саяхат»

Балалар, мен 1,2,3 дегенде аюмен бірге ойша ертегі әлеміндегі ғажайып орманға саяхатқа барамыз.

Барлығы шеңбер бойымен жүреді. (Барлығы қимыл-қозғалыс арқылы көрсетіледі)  Жолда ойдым- ойдым жерлермен, шалшық сулардан секіріп өтіп, тауға өрмелеп шығып, ағысы қатты өзеннен сынық көпір арқылы өтіп, жазық далаға шығып, гүлдер мен саңырауқұлақтарды тереді. Енді барлығы 1,2,3 дегенде терең тыныс алып, бөбекжайға оралады.

Жаттығуды талдау.

-Балалар, сендерге жаттығу ұнады ма?

-Иә.

Орманнан не көргендерін сұрап өтемін.

Vтапсырма:Балалар, мен осы күндері өте қатты ұмытшақ болып кетіппін. Маған көрген заттарымды есімде сақтауға көмектесіңдерші

Мақсаты: Көріп есте сақтау (қысқа мерзімдік) қабілеттерін арттыру. Зейінін дамыту.

Интерактивті тақтадан бірнеше суреттер көрсетіледі. Балалар суреттерді атайды. «Жабынды» функциясы бойынша суретті бір бала жабады. Балалар естерінде қалған суреттерді атайды. Кім көбірек суретті есінде сақтағаны анықталады.

Балалар аю сендерге риза болып алғысын білдіріп жатыр.

Қорытындылау:

-Балалар, сендерге бүгінгі психологиялық сәт ұнады ма?

-Сендер қандай тапсырмаларды орындадыңдар?

— Әрине, сендер аюға көмектесе отырып, өздеріңнің жан-жақтылықтарыңды көрсеттіңдер, барлығыңа көп-көп рахмет.

Сау болыңыздар!

Менешева К.Н.
№18 «Балдырған» бөбекжайы
ІІ-санатты педагог-психолог

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.