Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты:
1.Білімділігі: өздеріне ұнаған ойыншыққа зерттеу жүргізіп (түсі, көлемі, материалы) әңгімелеп айтып беруге үйрету.
2.Дамытушылық: балаларды сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздік қорларын дамыту.
3.Тәрбиелілігі: олармен қалай ойлау керектігін түсіндіріп, ұқыптылыққа эстетикалық талғамдарын кеңейту.
Әдіс-тәсілі: ойын технологиясы, сұрақ-жауап
Билингвальді компонент; ойыншық-игрушки, доп-мячь, қуыршақ – кукла,
Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиеші: Қайырлы таң балалар! Балалар бүгін ерекше керемет күн. Балалар бәріміз шеңбер құрып, қол ұстасып тұрайық.
Шаттық шеңбері
Біз ұқыпты баламыз
Айтқан тілді аламыз
Ойыншықтарды жинаймыз
Үлкендерді сыйлаймыз
-Балалар қараңдаршы бізге ойыншық бота қонаққа келіпті.
Ол сендердің ойыншықтарың туралы білгісі келеді. Олармен дос болғысы келеді
Билингвальді компонент; ойыншық-игрушки, доп-мячь, қуыршақ – кукла,
-Қандай ойыншықтарды жақсы көресіңдер?
-Аю, қасқыр, доп, машина, қуыршақ
-Ойыншықтарды қалай ұстау керек?
— Таза
-Мына үстелдің үстінде жатқан заттар не?
-Олар ойыншықтар
-Ойыншықтармен не істейді?
-Ойнайды
-Мынау қандай ойыншық?
-Доп
-Доптың пішіні, түсі қандай?
-Домалақ, қызыл
-Доптың қимылы қандай? Қане бәріміз допша секірейік? Қане кім доп туралы тақпақ біледі?
Топ-топ добым домалақ
Қайда кеттің домалап
Бір, екі деп екі ұрдым
Шатырға сен секірдің
-Қыз бала көбіне қандай ойыншықпен ойнайды?
-Қуыршақпен
-Қуыршақтың әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен
-Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай?
-Қызыл
-Кім қуыршақ туралы тақпақ біледі?
Жуын, жуын, жуынсақ
Қандай жақсы қуыршақ!
Әйтпегенде бөпешім
Кірлеп кеткен екенсің
Қазір аппақ боласың
Қуанады анашың
-Ұл балалар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды?
Үлкенмін ғой міне мен
Ойыншықтарды жинаймын
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын
Сергіту сәті
Оңға, оңға түзу тұр
Солға, солға түзу тұр
Алға қарай бір адым
Солға қарай бір адым
Жоғары-төмен қарайық
Орнымызды табайық
Ойыншықтар жасалу жолына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
1.Матадан
2.Пластмассадан
3.Резина (Балаларға ұстатып көрсету салыстырту)
Матадан жасалған ойыншықтар жұмсақ, жылы,Оаларды күтіп ұстамасаң жыртылып қалады
Пласмассадан жасалған ойыншық қатты сынғыш келеді
Резинадан жасалған ойыншық қысылады, жұмсақ, суық
-Енді мен сендерге ойыншықтарға байланысты жұмбақ жасырамын
Аяғы бар күлмейді
Айнымайды бөпемнен
Тек сөйлеуді білмейді (қуыршақ)
Суға салсаң батпайды
Түскен жерде жатпайды (доп)
«Жалғасын тап» дидактикалық ойын
Менің ойыншығым — (әдемі)
Допты жоғары – (лақтырдым)
-Енді балалар «Ойыншықтар дүкені» ойынын ойнаймыз. Бота біздің сатушы болады, ал сендер алушы боласыңдар
Үстелдің үстінде көп ойыншықтар тұрады. Сендер оны сатып алу үшін ботаға келіп ойыншықтың түрін, түсін, атын, қатты, жұмсақ екенін айтасыңдар. Соны сатып аласыңдар.
Қорытынды:
Бота
-Балалар мен бүгін ойыншықтар туралы көп білдім, ал сендер не білдіңдер
Ойыншықтың матадан, пласмассадан, резеңкеден жасалғанын білдім. Сендерде білді деп ойлаймын. Мен бұл туралы басқа достарыма айтып барамын.
Жапарова Меруерт Шалтанбаева
Алматы облысы Қарасай ауданы
Қырғауылды ауылы «Ақ көгершін» балабақшасы
ІІ кіші топ тәрбиешісі