Home » Балабақша » Менің сүйікті ойыншығым

Менің сүйікті ойыншығым

Білім беру саласы: қатынас

Білім бөлімі: сөйлеуді дамыту

Білімділігі: өздеріне ұнаған ойыншыққа зерттеу жүргізіп (түсі, көлемі, материалы, жасалуына қарап алуан түрлі болатынын) әңгімелеп айтып беруге, ойыншықтардың жекеше, көпше атауларын айтуға үйрету.

Дамытушылық: балаларды сізді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік: олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп, ұқыптылыққа, эстетикалық тағамдарын кеңейту, ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен, жанашырлықпен қарап әрекет етуге тәрбиелеу.

Әдіс тәсілі: ойын, сұрақ-жауап, жұмбақ.

Пәнаралық байланыс: қоршаған орта, көркем әдебиет.

Көрнекіліктер: ойыншықтардың суреттері, машина, доп, бүктеме, қуыршақ, слайд.

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Шаттық шеңбері.
  2. Қонақтармен амандасу.
  3. Жаңа оқу іс-әрекетімен танысу.
  4. Жыл мезгілдерін сұрау.
  5. Сурет бойынша жұмыс.
  6. Сұрақ-жауап.
  7. Жұмбақтар.
  8. Р.Тышқанбаевтың «Қуыршақ» өлеңін оқып беру.
  9. Сергіту жаттығулары.
  10. Балалармен жұмыс.
  11. Қонақтармен қоштасу.

Балаларды ұйымдастыру.

Тәрбиеші: Қайырлы таң, балалар!

  • Балалар, бүгін ерекше күн.
  • Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр, қонақтармен амандасайық.

Балалар: Қуан шаттан, қуан шаттан,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін,

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Үлкендерді құрметтеп,

Бас иеміз біз!

Тәрбиеші: Балалар, қане, бәріміз шеңбер құрып, қол ұстасып тұрайықшы (Балалар шаттық шеңберге тұрады).

Бәрі бірге қосылып айтады.

Шаттық шеңбері:                                                          

Біз ұқыпты баламыз,

                 Айтқан тілді аламыз.

                 Ойыншықтарды жинаймыз,

                 Үлкендерді сыйлаймыз.

 

Тәрбиеші: — Балалар, бүгінгі жаңа оқу іс-әрекетіміз «Қатынас» білім саласы, тіл дамытудан «Менің сүйікті ойыншығым» тақырыбын өтеміз.

  • Балалар, қазір қандай мезгіл?

Балалар: Көктем мезгілі.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар!

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

Балалар: Үш ай бар. Наурыз, Сәуір, Мамыр.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!

Сұрақ-жауап: Сүйікті ойыншықтарың бар ма?

-Қандай ойыншықтар бар?

-Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?

-Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

Балалар жауап береді.

Тәрбиеші: Балалар, мына үстел үстінде жатқан заттар не?

Балалар: Олар – ойыншықтар.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы біздің тобымызда ойыншықтар өте көп, олар қандай әсем, әдемі ойыншықтар. Балалар, мынау қандай ойыншық?

Балалар: Доп

Тәрбиеші: доптың пішіні, түсі қандай?

Балалар: жауап береді.

Тәрбиешілер: Доптың қимылы қандай? Қане бәріміз допша секірейікші, кім доп туралы тақпақ біледі?

Балалар: Топ-топ добым домалақ,

Қайда кеттің домалап.

Бір, екі деп екі ұрдым,

Шатырға сен секірдің.

Тәрбиеші: Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды?

Балалар: қуыршақпен.

Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар. Қуыршақпен. Балалар қуыршақтың әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен. Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай?

-Кім қуыршақты қалай ұйықтататынын көрсетеді?

-Ал, ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды?

Балалар: Машинамен ойнайды.

Тәрбиеші: Ал, машинаның түсі қандай?

-Кім машина туралы тақпақ біледі?

Балалар: Үлкенмін ғой міне мен,

Ойыншықтарды жинаймын.

Машинаға мінер ем,

Кабинаға сыймаймын.

Тәрбиеші: Балалар, ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.

  1. Пластмассадан.
  2. Резинадан жасалған ойыншықтар.

Жұмбақтар шешу;

  1. Аяғы бар жүрмейді,

Аузы бар, күлмейді.

Айнымайды бөпемнен,

Тек сөйлеуді білмейді.

(қуыршақ)

  1. Суға салсаң батпайды,

Түскен жерге жатпайды.

(доп)

Р. Тышқанбаевтың «Қуыршақ» өлеңін оқып беру.

Сөйлемейсің сен неге,

Тілің жоқ па, қуыршақ?

Жуынбайсың сен неге,

Кірің жоқ па, қуыршақ?

Аяғың бар, сен неге,

Жүре алмайсың, қуыршақ?

Жұмсағанда сен неге,

Тіл алмайсың, қуыршақ?

Біз күлгенде күлмейсің,

Аңқаусың ба, қуыршақ?

Бізбен бірге жүрмейсің,

Жалқаусың ба, қуыршақ?

Сергіту сәті: Қоян.

Қояндарым тұрыңдар

Беті қолы жуыңдар

Айнаға қараңдар                      

Тоңдарыңды тараңдар.

Тәрбиеші: Балалар, қазір біз сүйікті ойыншығымызды ұйықтатамыз.

Күтілетін нәтиже;

Біледі: Ойыншықтардың түрлерін, түсін, пішінін.

Игереді: Толық құрау.

Меңгереді: Ойыншықтарға жанашырлықпен қарап, достарымен бөлісіп ойнау.

Қорытынды.

Ачилова Ураз Балкибаевна

«Нұршуақ» бөбекжай-балабақшасы,

тәрбиеші

Степногорск қаласы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.