Home » Ашық сабақтар » Менің сүйікті гүлдерім

Менің сүйікті гүлдерім

Мұратхан Жұлдыз Нұрболқызы,
Алматы қаласы.
№110 бөбекжай-балабақша тәрбиешісі


Мақсаты: Түстерді ажырата білу, гүлдердің түрлерімен таныстыру Гүлдердің атауларын, сырт келбетін, жеке бөлшек атауларын айтуын. Әдемілікті сезіне білуге. Табиғатты қорғауға, адамгершілікке, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ — жауап, сергіту, мадақтау.
Билингвальды компонент:  Гүл-цветок,
Тәрбиеші:
— Балалар, бүгін бізде өте ерекше күн, себебі бізге көптеген апайлар келіп отыр.
«Сәлем – сөздің атасы, деген алдымен келген қонақтармен амандасып алайық.
— Сәлеметсіздерме!
Балалар тәрбиешімен амандасады. Шаттық шеңберіне тұрып, бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Шаттық шеңбері:

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын шашайық,

Таза ауаны жұтайық.

Жүрекке жылу салайық,

Жиналған жылы шуақты.

Қонақтарға шашайық!

Тәрбиеші:
Жұмбақ жасыру:
Аналарға сыйлайтын,
Аралар бал жинайтын
Бұл немене, балалар,
Үзуге адам қимайтын. (гүл)

— Дұрыс айтасыңдар, (сыйқырлы қорапша ашылып әдемі гүл пайда болады) бүгін осы әдемі гүлдер туралы әңгімелейміз.
— Гүл дегеніміз — өсімдік, олар өмір сәні, табиғат көркі. Гүлдер терезелердің алдына сән бергенімен қоймай, бөлме ауасын тазартады, адамдарға жақсы көңіл – күй сыйлайды. Гүлдердің де жаны бар, адамдармен сөйлескендей олармен де сөйлесіп, өз ілтипатыңды білдіріп, баптап, күтіп, сүйіспеншілікпен қарап, еркелетіп тұру қажет. Гүлдердің құрылысы: тамыры, сабағы, жапырағы, тостағаншасы, күлтешелері, аталығы мен аналығы.
Гүлдер өсіп тұрған бөлмеде біз өзімізді қуанышты сезінеміз, көңіліміз көтеріңкі болады. Олардың көптеген түрлері болады. Түстері де әр түрлі болады.
Ғажайып  сәт.
Гүлдер ханшайымы келеді.

— Сәлеметсіздер ме балалар? Мен сіздерге қонаққа келдім. Мен гүлімнің бір күлтесін жоғалтып алдым. Маған көмектесесіңдер ме?

— Ия, көмектесеміз. Балалар гүл күлтелерін жинап гүлді құрастырып гүл ханшайымына сыйлайды.

Гүл ханшайымы:Жарайсыңдар, балалар, өнерлі екенсіңдер. Рахмет сендерге.

Сергіту сәті: «Көңілді күн»

Ал енді балалар біз үш топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.
Дидактикалық ойын: «Гүлді ретімен орналастыр!»
(Балалар ойынның шарты бойынша күлтелерді рет — ретімен орналастырады).

Қорытындылау:
— Жарайсыңдар балалар! Сендер қандай гүлдермен таныстыңдар?
— Дала гүлдері, бөлме гүлдері, емдік гүлдері.
— Қандай дала гүлдерін, бөлме гүлдерін, емдік гүлдерін білесіңдер?
(Балалар гүлдердің аттарын атап өтеді.)
— Гүлдердің түстері қандай болады?
— Әр түсті, қызыл, сары, көк т. б.
Жапырақтарының түсі қандай?
— Жасыл
— Өте жақсы, бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызметімізге барлығыңыз да өте жақсы қатыстыңыздар! Гүлдердің суретін әдемі етіп құрастырдыңдар.
Оқу қызметіне белсене қатысқан балалардың есімдерін атап өту. Қонақтармен қоштасып, бүгінгі ашық оқу қызметімізді аяқтаймыз.
Жылулық шеңбері:
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Өсе берші нұрланып,
Өсе берші ырғалып.
Көріскенше күн жақсы,
Сау – саламат болайық

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.