Home » Сценарийлер » Менің сүйікті ақыным

Менің сүйікті ақыным

Мақсаты: Жас мамандар арасындағы ұлтжанды, патриотты, мәдениетті, отансүйгіштік азаматты тәрбиелеу арқылы олардың белсенділіктерін арттырып, қызығушылықтарын дамыту. Сүйікті ақынның өлеңдерімен оның шығармашылығынан жан-жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау. Жас мамандарды поэзияны сүюге, ақынның жырларын айта отырып ақындыққа баулу.

Жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті қонақтар, байқауға қатысушы жас мамандар, қадірлі ұстаздар!!!

Жүргізуші: Бүгінгі «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жас мамандар арасында өтетін «Менің сүйікті ақыным!» атты поэзиялық байқауға қош келдіңіздер!!!

Поэзия, менімен егіз бе едің

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алаурытқан таңдардан сені іздедім

Қарауытқан таулардан сені іздедім

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан бақтардан алаңдардан,

Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,

Сені іздедім жоғалған замандардан.

Біздің әрбір жас мамандарымыздың поэзияға жаны құмар, өздерінің сүйікті ақынының өлеңімен жүректерге жол тартатын жас мамандардың «Менің сүйікті ақыным» байқауы ашық деп жарияланады.

Жүргізуші: «Менің сүйікті ақыным» жас мамандардың байқауында алғашқы құттықтау сөз мектеп басшысы Есбосинов Байбол Сұлтанәліұлына беріледі.

Жүргізуші:                                

Өлең – сөздің патшасы сөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп

Теп тегіс жұмыр келсін айналасы.

«Менің сүйікті ақыным» атты поэзиялық байқауының қатысушыларын ортаға шақырамыз! Сіздердің қошеметтеріңізбен қарсы алайық!

1.Бердикреймова ГаухарМ. Шаханов «Желтоқсан алаңы»
2.Жалғасбаева ГүлфайрузМ. Шаханов «Арман» поэмасы
3.Сладинова АлтынайАйдана Сегізбай «Ей, аналар!»
4.Чамунова ЖансаяА. Құнанбаев «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»
5.Утепбергенов АсқарМ. Мақатаев «Ғашықпын»
6.Базаров АлпамысМ. Мақатаев «Өмірім зымырап барасыңба?»
7.Имашова НұржанатМ. Мақатаев «Соқыр ана»
8.Атаева АйнұрФ. Оңғарсынова «Жетімнің монологы»
9.Бисембаева ТұрсынайМ. Жұмабаев «Қазағым»
10.Иманбаева ГүлбаршынФ. Оңғарсынова «Әке туралы ой»
11.Сарыева АйнұрТ. Айбергенов «Бір тойым бар»
12.Қонысова ГүлбақытШ. Құдайбердіұлы «Мен қорқамын, қорқамын!»

Жүректері лүпілдеген, сүйікті ақынымен сырласқан жас мамандарымыздың байқауында әділдігін айтып, төрелігін танытатын, сан қырынан саралайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!!!

  • Қазылар алқасының төрағасы:

 

  1. Мектеп басшысы – Есбосинов Байбол Сұлтанәліұлы
  2. Қазылар алқасының мүшелері: Мектептің бейіндік әдіскері – Таджикова Айгүл Омірқызы
  3. Жас мамандар жетекшісі – Қошанова Гүлбану Чамгунқызы
  4. Бейнелеу пәні мұғалімі – БердияшоваЗамира Бердиярқызы
  5. Мектеп психологы — Сүгірова Айгерім Орынбасарқызы

Жүргізуші: Байқаудың шарттарымен таныстырып өтейін!

Байқау 3 кезеңнен тұрады.

І кезеңі: «Өзін-өзі таныстыру» (5 минут уақыт ішінде слайд арқылы,өзін таныстыру);

ІІ кезеңі: « Менің – сүйікті ақыным» (Өзінің жанына жақын ақынының өлеңін мәнерлеп оқу);Әртістік қабілеті, дауыс ырғағы, өлеңді оқу шеберлігі ескеріледі.

ІІІ кезеңі: «Қолөнер бұйымы» (бұл кезеңде қатысушы өзінің қолдан жасаған қолөнер бұйымын ұсынады)

Жүргізуші: Ортадан жас мамандарымызды дайындалуға шығарып саламыз!

Жүргізуші: Жас мамандар өздерін таныстырсын,
Өздеріңнен үмітті үзбей жалындасын.
Ақындар жырларына шөліркеген,
Жандардың жан құмарын қандырсын.

Сайымыздың І кезеңі:«Өзін-өзі таныстыруға» кезек береміз. (сайыскерлерді ретімен хабарлау)

Жүргізуші: Әділқазы алқасынан сайысымыздың І кезеңі бойынша қазылар алқасының төрағасы: Байбол Сұлтанәліұлының қатысушы сайыскерлеріміздің таныстыруын бірауыз сөзімен түйіндесек.

Жүргізуші:

Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Ақындардың – поэзия алыбы.

Сайымыздың ІІ кезеңі: « Менің – сүйікті ақыным!» (сайыскерлерді ретімен хабарлау)

Жүргізуші:Әділқазы алқасынан сайысымыздың ІІ кезеңі бойынша қазылар алқасының мүшесі: Жас мамандар жетекшісі –Гүлбану Чамгунқызына сайыскерлерімізге өз ой- пікірін айтуына сөз берсек.

Жүргізуші:Өнер қуып әрбірі өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Байқауға келген жас мамандар,
Қолөнерін ортаға көрсетсін дейміз.

Сайысымыздың ІІІ кезеңі: «Қолөнер бұйымы»(сайыскерлерді ретімен хабарлау)

1.Бердикреймова Гаухар
2.Жалғасбаева Гүлфайруз
3.Сладинова Алтынай
4.Чамунова Жансая
5.Утепбергенов Асқар
6.Базаров Алпамыс
7.Имашова Нұржанат
8.Атаева Айнұр
9.Бисембаева Тұрсынай
10.Иманбаева Гүлбаршын
11.Сарыева Айнұр
12.Қонысова Гүлбақыт

Жүргізуші: Әділқазы алқасынан сайысымыздың ІІІ кезеңі бойынша қазылар алқасының мүшесі: Бейнелеу пәні мұғалімі – Замира Бердиярқызы сайыскерлеріміздің жасаған қолөнер бұйымдарына өзінің ойын айтып өтсе дейміз.

Жүргізуші: Бүгінгі жас мамандар арасындағы «Менің сүйікті ақыным!» атты поэзиялық байқау өз мәресіне жетіп қалды. Сайыскерлерімізді бағалайтын сәтке де келіп қалдық!

Жүргізуші: Байқауға қатысушы сайыскерлерімізге әділ бағасын беріп отырған әділқазыларды сахна төріне шақырамыз!!!

Жүргізуші: Осымен бүгінгі «Менің сүйікті ақыным!» атты байқауымыз өз мәресіне жетті.
Келесі кездескенше сау болыңыздар!
жақсы күндерде жүздескенше!

Жолмухамбетова Венера Жумашевна,

№9 орта мектептің МШЖО,

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.