Home » Мақалалар » Менің педагогикалық ұстанымым

Менің педагогикалық ұстанымым


                     

  Қандай  мамандықтың  болсын  өз  қиындығы  мен  қоса  қызығы  бар. Балалардың  кіршіксіз  пәк  көңілі  мен  балдай  тәтті  тілдері,  жан  дүниеңді  баурап  алар  қызықты  қылықтары  өздеріне  еріксіз  тартып, ерекше  баурап  алады . Музыка эстетикалық  тәрбиенің  маңызды бір  бөлігі  бола  отырып, жеке  тұлғаның  ақыл – ойы  мен  дене  бітімін  жетілдіріп, жан – жақты өмір  тәжірибесін  кеңейтуге, дамытуға  қәзіргі  таңда  жас  ұрпаққа  өнеге  тәрбие  беру  ісі  маңызды  мәселе  болып  табылады.  Мектепке  дейінгі  балалардың  қазақ  халқының  бай  мұралары,  соның  ішіндегі  ғажайып  әндері  мен  күйлері, ата- бабаларымыздан  келе  жатқан  көне  ұлттық  музыкалық  аспаптар  туралы  мағлұмат  беремін. Бала  бойына  сіңдіре білу  музыка  жетекшісінің  басты  міндетінің  бірі деп  білемін.
Музыка – эстетикалық тәрбие беру құралдарының бірі. Өнердің басқа түрлері сияқты ол да өмірдегі әсемдікті, табиғат сұлулығын бағалауға және адамдар арасындағы қарым-қатынастарды түсініп, білуге үйретеді. Баланы жастайынан өнерге баулып, музыка әлемімен таныстыру, оны сезіндіріп ән айтқызып, күй тартқызудың мақсаты –халқымыздың асыл қазынасын, дәстүрлі ән-күйлерін бойларына сіңіре білу, олардың эстетикалық талғамын жан-жақты байытып, дамыту – бүгінгі таңда өте маңызды мәселеге айналып отыр.

Музыкалық  эстетикалық  тәрбие  сұлулықты,  көркемдікті сезінуге  баулыиды.Бала  музыканы  тыңдап,  әнді,  ойынды,биді   көз  алдына  елестете   отырып,өзінше  қабылдайды.Мысалы,  бала  салтанатты  адымдап  келе  жатқан   сарбаздарға  маң- маң  басқан  аюға ,үркек  қоянға   т.б  тән  бейнесі  қимылды  іздейді және  оны  орындайды.Музыка  баланың  сезімдеріне  тікелей  әсер  етеді.  Олардың  музыкаға  деген  көзқарасы  қалыптасып,  есту  қабілеті  жетіле  түседі.Балаларды  мазмұны  бай  әртүрлі  шығармалармен    таныстыра  отырып, біз  оларды  түрлі  жағымды  әсерлерге  бөлене  білуге   баулыимыз. Мысалы:  «Туған  жер  Қазақстаным»  «Отан  ортақ  үйіміз»  туралы  әндер.Отанымызға  деген  сүйіспеншілік  сезімдерін  туғызады. Түрлі  халықтардың  әндері  мен  билері  олардың  әдепғұрыптарын білуге  ынталандырады. Музыка  мектеп  жасына  дейінгі  баланың мінез- құлқына  рухани  дамуына  әсерін  тигізеді.

Бүгінгі  өскелең  ұрпақ  уақыт  талабына  сай  білім  беруді  одан  әрі  жетілдіру  мәселесі  толассыз,  үздіксіз  дамыған  тұста  музыка  сабағында  балалардың  белсенділіктерін,  оның  еркіндігімен, өзін – өзі шығармашылық  тұрғысынан  көрсетуге  деген  қабілеттілігін  арттыру  жолдарына  баса  назар  аударуымыз  қажет.

Ән – саз жетекші баланы жан тәнімен сүйю керек. Алдымен рухи қуат беруі қажет.Мейірімділік, шыдамдылық,кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана мен өз мәртебемді көтере аламын.Балаға үнемі қолдау көрсету менің ізгі ұстанымым.

Балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсарин «балалармен қысқа,ашуланбай, байсалды сойлесу, мағыналы сөздермен түсіндіру керек» деп кеңес береді. Ал сәби жүрегіне қонымды жауап беру үшін,мен күнделікті оқу-іс әрекеттерді шынайы, жақсы,қызықты өткізуге тырысамын . Әр оқу-іс әрекетінің сәтті шығуы бірінші кезекте, әрине, ән-саз жетекшісіне байланысты.
Менің педагогикалық ұстанымым балаларды денсаулығы мықты адам етіп қана өсірмей, сонымен қатар кең пейілді, ақылды, жауапкершілігі бар адам етіп тарбиелеу. Көздері қарақаттай мөлдіреген балалардың менің өткізген оқу іс-әрекеттеріме қызығушылықпен қарап отырғандарын ұқтым.
Менің өмірдегі бақытым жүрек қалауымен ұстаз болуым.Ән-саз жетекші болу-жай ғана мамандық емес.Ол адам бағдарын жасаушы.Алғашқы сабилердің сынғырлаған күлкісі, балдай тәтті сөздері,мөлдіреген көздері бәрі-бәрі өте қызықты сәттер болды.Бала өмірдің гүлі,отбасы данекері,ана ғұмырының жалғасы,ең бастысы,біздің қоғамымыздың алға қарай дамытушы болашағы.Сондықтанда жас ұрпақты заман талабына сай, көздің ғана емес, көніл куанышы етіп тарбиелеу-басты міндет.

Педагог К.Д.Ушинскийдің егер педагогика адамды жан-жақты тарбиелегісі келсе,оны жан-жақты білуі керек деген терең мағналы сөзін сақтай отырып,білімімді терендетіп ізденуді мақсат еттім.Кішкентай сәбимен сөйлесе білуде-үлкен өнер. Олар бір нәрсені естігені мен көргендерін есте сақтағыш, тез қабылдағыш,  мейлінше сенгіш, барынша таза,адал көнілді, білуге,тануға құмартқыш келеді.

Педагог жүрегімен сезінген адамға педагог-киелі мамандық!

 

Сейтказиева Алия Амантаевна
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Бейнеу селосы
«Балауса» бөбекжайы» МКҚК

                           ән – саз жетекшісі,
1-санатты

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.