Home » Білім және тұлға » Менің педагогикалық ұстанымым

Менің педагогикалық ұстанымым

Менің педагогикалық ұстанымым ұлы Абайдың ақлияларынан алынады.

Талап … сөзінен басталады. Өз бетінше талаптанып ілгері талпыну. Менің ұстаздық жолына түсуіме, қиындығы мен қызықшылығы мол дара жолды таңдауыма біріншіден, сол мамандыққа деген шексіз құрметім себеп болды. Ал сол сезімді оятқан мектеп қабырғасында алтыншы сыныпта оқыған Қабыш Жаркеновтың «Мұғалімдер » атты шығармасы. Ол кітап арқылы мен тәрбие жұмысының ерекшеліктері, мектеп өмірінің қилы- қилы қырлары мен оқушы бойындағы адами қасиеттерді танып- білуді үйрендім. Екіншіден, киелі білім ордасы мен балаларды өзіме айрықша жақын тұтуым деп ойлаймын. Осы салада еңбек етіп келе жатқаныма жиырма жылдан асты. Бұл да ізгі тілегімнің бір белесі секілді. Ұстаз боламын деп жоғарғы педагогикалық оқу орнын бітірсем де бұл білім жеткіліксіз екенін түсіндім, тәжірибемді дамыту үшін үш айлық курстан өттім. Осы курс арқылы ұстаздық қызметті басқа қырынан танып-біліп, білімге ұмтылған жас ұрпақты үлкен өмірге өзіндік сеніммен, терең оймен, нақты шешіммен алға басудың қыр-сырын үйрендім. Өткен кезеңдегі білім алу мен болашақта қандай біліммен қарулану қажеттіліктері жайында ойлана келе бала жүрегіне талпыныс, қажеттілік, сенімділік, талапшылдық сияқты қасиеттерді сіңіре білу үшін аянбай еңбектену қажет екендігіне тағы бір мәрте көз жеткіздім. Ұстаздықтың ұлы шыңына шығу үшін өмір бойы оқып, өмір бойы өзіңді өзің тәрбиелеу керектігі тұр. Яғни,

Еңбек... Ы. Алтынсариннің ойынша адам тек еңбек, тек еңбек арқылы ғана бақытқа еріседі. Еңбекке деген сүйіспеншілік оның адамгершілігін нығайтады.

Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс — тәсілдер баршылық. Сабақта жеті модульді пайдалану арқылы шәкірттерімнің оқуға ынтасын, қызығушылығын оятып, тапсырманы өз бетімен орындауға, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, өзара бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеуге үлес қосып келемін. Сыни тұрғыдан ойлаудың стратегияларын пайдалана отырып, оқушыларды өздіктерінен шығармашылық ізденіске бағыттаймын. Осындай әдістеме негізінде оқушыларға ағылшын тілі пәнінен терең де, тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданамын. Осындай жұмыстар арқылы ең әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады , бір- бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу

Терең ой.… дағдылары қалыптасады, бір — біріне жүйелі сұрақтар қоя білуге дағдыланады. Айта кететін тағы бір сабақтарымда бастауыш буында шет тілін меңгерту үшін ойын түрлерін де жиі қолданамын. Ойын дегеніміз — адамның ақыл — ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В. И. Сухомолинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл — ой тәрбиесі болмайды» дейді.Мысалы: Есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін «Орныңды тап» ойыны. Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Бұл кезде әдетте тек ойнатып қана қоймай ,

“Мұғалімдер , өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Адамдар қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті ”

Менің ойымша қолайлы әлеуметтік орта, жағымды ахуал жасау мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. А.Байтұрсынов пәндердi оқытудың әдiстемесiмен де айналысты. 1928 ж. “Жаңа мектеп” журналының 8-санында жарияланған “Қай әдiс жақсы?” деген көлемдi мақаласында ұлы педагог Л.Н.Толстойдың “Үйрету әдiстерi туралы” деген еңбегiне талдау жасай отырып, “әдiс деген қатып-семiп қалған догма емес… Жақсы дерлiкте, жаман дерлiк те бiр әдiс жоқ. Олқылықтың белгiсi – бiр ғана әдiспен болу. Шеберлiктiң белгiсi – түрлi әдiстi болу” деп ойын тұжырымдайды. Мен жалпы тәжірибемде сол түрлі әдістердің ішіндегі тиімдісін қолдану барысында қолжетімділік деңгейі мен мүмкіндіктерінің дәрежесіне аса мән беремін.

Ия, мен әрдайым терең ойда жүремін. Сонымен қатар бағдарламаның негізгі идеяларын өз әріптестеріме түсіндіріп, түрлі тренингтер мен үлгі-сабақтар өткізіп, шәкірттеріме өз пікірен ашық айтуға мүмкіндік беру, көшбасшылық қасиеттерін дамыту, сыни тұрғыда пайымдау жасау, ойлауға үйрету, т.б. идеяларды жүзеге асыра білуге тәрбиелеу жүйелі түрде жүзеге асып келеді.

Өз ұстанымдарымды екі жағыма қанат етіп шәкірттерімді биікке көтерілуге үнемі демеп, қолдап жол көрсетудемін. Олардың әрбірі тек үлкен жолдың адамы ғана болса деймін.

 Елдесбева Динара Амантайқызы
Шымкент қаласындағы №64 мектеп гимназиясының
ағылшын тілі пәні мұғалімі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.