“Менің өмірімдегі ең маңызды нәрсе не?
Толғанбай жауап беремін – балаға деген махаббат”
В.А. Сухомлинский
Жаңа заман тәрбиешісі – бұл сауатты маман, бағдарламаны және әдістемелік шараларды анықтай алатын білімді адам. Ол бала және оның ата-анасымен тіл табыса білетін, қиын ситуациядан шыға білетін жақсы психолог. Бұл бірлесіп еңбек етуге, ұжымдас жолдасына кез келген кезде көмек беруге даяр тұратын маман. Жаңа заман педагогы дегеніміз үнемі ізденіс үстінде өз білімін жетілдіріп отыратын, жаңа әдіс жолдарын пайдалануға құштар және жақсы жетілген педагогикалық тәжірибені өз ісіне еңгізе білетін шебер маманды айтамыз.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты,»-деп атап көрсеткен болатын. Мектептегі басты тұлға мұғалім мен тәрбиеші екендігі даусыз. Тіпті қазіргі технологиялар ерекше дамыған заманның өзінде білім мен тәрбие сапасын қамтамасыз етудегі мұғалім мен тәрбиешінің рөлін еш нәрсемен ауыстыруға болмайтынын халықаралық тәжірибелер көрсетіп отыр. Демек, педагог біліктілігі – еліміздің бүкіл білім беру жүйесін алға бастырып, оны заман талабына сай етіп құрудың негізгі алғы шарты, басты кепілдігі болып табылады. Білімді ұрпақты, бәсекеге қабілетті мамандарды білімді мұғалімдер, жан-жақты кемел тәрбиешілер ғана тәрбиелеп шығара алады. Атақты ұлы педагог Амонашвили «Тәрбиеші бұл – өзге адамның дамып жетілуін өз жауапкершілігіне алатын кәсіби адам» деп атап өткен.
Біз өмір сүріп отырған бүгінгі дәуір жаңаша көзқарасты, жаңашылдықты талап етеді. Білімнің дамуы – адамзат өркениетінің өлшемі. Білімі күшті ел озады, білімі әлсіз ел оған қызмет етеді. Олай болса, білім саласы үнемі жетілдіруді қажет етеді.
Мен өзімнің мамандығымды не үшін жақсы көремін? Күнделікті балалалық шақпен кездесуіме мүмкіндік бергені үшін, әрбір күніме қайталанбас қуаныш сыйлағаны үшін өте жақсы көремін. Әр балаға бар білгенімді, бар ынта-ықыласымды бере отырып өте үлкен қуанышты сезіммен айтамын: «Мен өз орнымды таптым». Менің бүкіл білімім, барлық тәжірибем, бүкіл менің рухани күш-қуатым балаларға арналған.
Менің жағдайымда – мамандық мені таңдады.
Тәрбиешіден – мұғалім-логопедке дейін.
Баланы дұрыс, әдемі сөзге оқыту керек. Жақсы көңіл-ықыласпен үйрету қажет. Өз күшіне сену мүмкіндігін арттыру.
Менің ойымша, педагогтың негізгі шығармашылық мақсаты әр бала дарынды және табысты екеніне баланың көзін жеткізу.
Балабақша – қуаныш аралы. Әрбір бала біртума және ерекше. Мейірбандылыққа толы әлем, денсаулық және білім саласы өте маңызды орын алады. Әрдайым балалардың табысына қуанышым шексіз болады, мен өз мамандығымды дұрыс таңдағанымды, бұл мамандық ең қажетті, ең маңызды екендігіне көзімді жеткіземін.
Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Ол маған балаларға текті дыбыстарды дұрыс, оларға әдемі сөйлеп үйренуіне көмектеседі. Әр күн сайын балалық шақпен кездесе отырып, менің ертеңгі күнге деген үлесімді қосып отырамын. Бұл оқуға, жазуға, өмірге деген қызығушылығын арттырады. Әдемі, таза сөйлеу – мектеп жасына дейінгі баланың жан-жақты
дамуына жағдай жасайды. Міне, менің жұмысымның негізгі мақсаты – осы.
Мұғалім-логопедтің міндетті түрде зор қызығушылығы, өз бойында қандай да бір ерекше қасиеті болу керек. Сондықтан да менің тәрбиеленушілерім мені өз табыстарымен, үлкен жетістіктерімен қуанышқа бөлеп, қызығушылықтары күн сайын артып келеді. Нағыз мәнінде мен тек қана ақпарат жеткізуші немесе хабарлаушы емеспін, сонымен бірге көңіл-күйлерін келтіруге де көмекшімін.
Мен барлық өз сабақтарымды міндетті түрде күлімсіреп бастаймын, мен үшін балалардың көздері маған қызығушылықпен, қандай да бір мейіріммен қарап отырғаны мен үшін үлкен қуаныш.
Әлемдегі бүкіл маңызды да қызықты жағдайлардың барлығын осы жерде зерделеріне құяды.
Алғашқы табыс, одан кейінгі көптеген жеңістер балаларға қанат бітіреді, әрі қарай биік табыстарға жете беруге деген тілектері оларға күш-жігер беріп отырады.
Тәрбиеленушінің қызығушылығынан оның жаңалыққа деген қызығушылықтарын арттыра түсетін жолдарды іздеп тауып, олардың қызығушылықтарын арттырып отырамын.
Дұрыс сөйлеуді меңгерту үшін мен тартымды қоршаған ортаны да естен шығырмаймын. Әрбір заттың өзіне қатысты маңызды қасиетері бар. Ол заттың эстетикалық талғамы және өзіне тән сыры, жұмбағы болады. Тек сол арқылы ғана баланы сөйлесуге қызығушылығын арттыруға болады. Балалар өздерін еркін сезіну үшін мен әрқашан өз сабағымда тілектестік атмосфераны сақтап отыруға тырысамын.
Ата-аналармен жұмыс жасау да үлкен қуанышқа кенелтеді, олармен ортақ түсініктер бұл балалардың қолайлы жағдайда дамуына жақсы әсер етеді. Балалардан басқа аналарға және әкелерге де логопед сабақтары өте маңызды. Белсенді қатысушылары болу арқылы өздеріне керекті энергия алады және балалармен қалай қарым-қатынас жасау керек екендігін біліп, сезініп үйренеді. Ата-анамен өзара әрекет жасағанда мен мына ұстанымды жетекшілік етемін «Ата-ана қонақ емес біздің бала-бақшамыздың командасының толыққанды бір мүшесі» деп қараймын.
Мен ойлаймын, менімен көпшілігі келіседі. Педагогтің ең басты қызметі – педагог тұлғамы, оның адамгершілік қасиеттері. Өйткені дөрекі, қатыгез мұғалімнің жақсы нәтижелерге жетуі екіталай. Ал, керісінше, мейірімді және ықыласты мұғалімнің қатысуы, бұл үлкен жетістіктерге әкеледі, тәрбиелейді.
Менің жұмысым өзімді сиқыршы етіп сезінуімді іске асырады – балаларға және олардың ата-аналарына басқа сөзбен «сауықтыру» жұмысын іске асырады. Кез келген мүғалім мені түсінеді. Біз өз тәрбиеленушілерімізбен өмір сүреміз. Логопед өз жұмысын сүю қажет. Менің ойымша, логопедтің қолында зор құндылық тұр, олар балалар, олардың дамуы мен болашағы. Сөйлеу мәнерінде кемістігі бар балаларға маман керек, олар үшін оқытатын, үйрететін маманның алатын орны зор. Логопед оның дұрыс сөйлеу мүмкіндігін арттырады, ол кішкентай ғана баланы үлкен әлемге алып шығатын жолсерік бола алады.
Менің негізгі педагогикалық қызметімде әр баламен жеке-дара қызмет жасау ерекше орын алады. Иә, олардың барлығы әр түрлі, әрқайсысы қайталанбас тұлға. Оның әрқайсысында эмоция және көңіл-күй жағдайлары әр түрлі. Менің педагогикалық философиямның негізі балаға деген сенім, оның ғажайып жан дүниесін қабылдау және түсіну, оның қылықтары, балаға деген махаббат, оның сенімінен шығу.
Менің шын ниетіммен сенетінім, егер баламен қарым-қатынас кезінде сезіміміз махаббатқа толы болуы керек, оларды түсіне және сезіне білу қажет. Олар осы қасиеттерді бойына сіңдіріп оны әрі қарай өрбіте түседі. Мен ешқашан көмектескен балаларымның санын есептеген емеспін, сенесіздер ме маған балалардың «Баян апай мені сабағыңызға алыңызшы» деген сөздерін естігенде бойымды қуаныш сезімі билейді.
Мен өз жұмысымның нәтижесін, балалардың көңіл-күйін көре отырып, түсінгенім – мұғалім-логопед бұл менің ең сүйікті мамандығым.
Бұл менің таңдауым! Бұл менің жолым!
Садыкова Баян Абаевна
Қарағанды қаласы,
«Қуаныш» балабақшасының КМҚК
мұғалім-логопеді