Home » Мақалалар » Менің педагогикалық тәжірибем

Менің педагогикалық тәжірибем

Ақырын жүріп, анық бас

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға

Абай Құнанбайұлы

 

Біз қазір «өзгерістер дәуірінде» өмір сүріп жатырмыз. Білім беру саласында көптеген өзгерістер болып жатыр. Енді бұрынғыдай оқулықтағы «дайын материалды» пайдаланып оқыту, тәрбиелеу мүмкін емес.

Қазіргі заманғы балалар, жалпы әлем сияқты үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан да менің ойымша әр ұстаз, өз уақытын ұтымды пайдаланып, оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамытудағы өз жолдарын іздестіріп және қалыптастыруға, ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға міндетті.

Ұстаз жай көзге көрінбейтін із қалдырады, бірақ бұл қазіргі қоғамда қаншалықты маңызды. Ұлы ұстаздар үлкен пирамидалар, әдемі сарайлар салған жоқ, бірақ олардың ойлары, білім беруі әлемді өзгертті. Біз оқушыларымызға күнде айтатын Менделеев, Эйнштейннің ұстаздарын білмейміз. Бірақ, осы кісілердің жетістіктерінде олардың еңбегі бар екеніне сенімдімін.

Ұстаз сыныпқа қандай мақсатпен кіру керек? Оқушыға белгілі білім жинағын беруге ме? Бірақ олардың саны шектеулі… Әлде шындыққа үйрету керек пе? Бірақ мұғалім шындықты үйретуші емес

 

… Осы үлкен, күрделі, үнемі өзгеріп отыратын әлемде жоғалып кетпеу үшін, өзінің нақты жолын табу үшін қазіргі заманғы оқушыға не қажет? Білім? Иә, бірақ қандай? Жаңа заман талабы: ол тез арада нәтиже беру. Мұғалімдер оқушыларды ойлануға, бір-бірін тыңдауға үйретуде. Заманауи білім беру үрдісі үнемі өзгерісте, яғни бұрынғы сұрақтар өзгеріп, оларға жаңадан нақты, әрі дұрыс жауап беру керек. Барлығы өзгерсе де басты ресурс – ол мұғалім болып қалады. Осының бәрі ұстаздың кәсібилігі, моральдық құндылықтары, ақыл-ойы, ұтқырлығы, жалпы ұстаздың мәдениетіне нені жатқызуға болады, соған байланысты.

Менің педагогикалық ұстанымым, кез келген мұғалімдікі сияқты, оқушыларға арналған «Тек өзіңе сен!». Біз балалардың жүректерінде сенімін арттырып, оларға өз күштеріне және қабілеттеріне сенуге көмектесеміз. Біздің жұмысымыздың ерекшелігі – табыс тек өз пәніңді білу және әр-түрлі әдістерді қолдану ғана емес, сонымен қатар ұстаз тұлғасына, оның мәдениеті, мейірімділігі, тәкаппарлығы, шынайылық және шыдамдылығына байланысты.

Осы 9 жыл педагогикалық тәжірибемде мен алдымен қойған мақсатқа жетуге тырысып жүрмін. Өзімнің педагогикалық тәжірибемнің кішкентай ғана бөлігін алдыңғы жас мамандарға үлгі ретінде айтып өткім келеді.

Әр сабақтың маңызды және шешуші сәті, менің ойымша, ол бірінші кезең «Ұйымдастыру кезеңі». Неге? Мен бұл сұраққа жауап беруге тырысайын. Білім беру жүйесіндегі жаңа үрдістерге байланысты сабақтың бұл кезеңінің мәні өзгеруде. Бұл ұйымдастыру сәті ғана емес, сабақтың мақсаты мен тақырыбы ашылатын, сабақтың сәтті өтуіне бастапқы нүкте болып табылады. Айтпақшы, «Ұйымдастыру кезеңіне» әрқашан 1-2 минут берілді. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын.

Оқушыда қызуғышылық оятсаңыз – нәтиже аласыз, қызуғышылығы оянбаса – нәтиже болмайды, себебі балалар түсінбейді. Осының бәрі не үшін керек? Айтпақшы, бұл сұрақты оқушылар әр сабақта қояды, сондықтан ең бірінші сабақта оқушыларға өз пәніңіздің оларға не үшін керек екенін толық түсіндірсеңіз, мұндай проблемалар туындамайды деп ойлаймын.

Қазіргі уақытта біз тек оқытамыз, осымен болды. Ал, бұл не үшін керек? Оны балалар білмейді. Қызығушылығы бар оқушы сұрайды, ал қалғандары үнсіз отыра береді. Балаларды ояту керек, мақсат пен міндетті айқындап, сабаққа эмоцияны қосқанда ғана, біз нәтижеге жетеміз деп ойлаймын.

Жаңа білім беру мазмұны өте ауқымды. Біз оқушылардың барлық іс-әрекеттерін дамытуымыз керек, соның нәтижесінде олар білімнің жалғыз көзі оқулықтан өзіне керегін алады. Мұғалім бұл білімді бере алмайды, себебі біз өзіміз де кезінде осы оқулықтардан өз білімімізді алдық. Оқушы оқулықтарды оқып өздері ізденуі керек, бірақ олар оқығысы келмейді, себебі бұл еңбек. Осы еңбекке үйретуіміз керек, әйтпесе өзінен емес басқалардан көмек күтетін, жалқау, білімсіз оқушыларды мектептен шығарамыз.

Мәселен балаларды мәжбүрлеп емес, оларды білім алуға қалай ынталандыруға болады. Өз тәжірибемде айтсам, бұл өте қиын, себебі бүгінгі күні оқушылардың ойынша оларға білім керек емес, әсіресе химия пәні. Сондықтан біз өте маңызды міндетке тап болып отырмыз: оқушыларға оқу, білім керек және оның ең басты  көзі мектеп екендігін түсіндіру. Дәлірек айтқанда, біз қазірдің өзінде білім беруді дамытудың технологияларын игеруіміз керек, оған тәжірибемізді, шығармашылық рухымызды қосып, жалпы өте қызықты адам болуға тиіспіз.

Сонымен балаларды өз пәніңізге деген қызығушылықты қалай оятуға болады?

  1. Сабақта оқушыларға тақырыптың мақсаты мен міндетін нақты қою қажет.
  2. Не үшін бұл туралы білу керектігін нақты айту керек.

Мысалы: 11-сыныпта «Спирттер» тақырыбын өту барысында «Спирттерді қайда қолданады?» деген сұрақ қойдым. Алкагольдік ішімдіктер өндірісінде және медицинада деген жауаптардан басқа оқушылардан ешқандай басқа мәлімет ала алмадым. Сонымен, тақтаға спирттердің қолданылуы жөнінде схема сызып, оны оқушылармен талдап, қызығушылықтарын ояту керек. Яғни спирттер: алкогольді ішімдіктер, еріткіштер, каучук, резина, жанармай, күрделі эфирлер, дәрі-дәрмек, бояғыш заттар, глицерин, этиленгликоль алуда қолданылады. Осылай әр тақырыпқа қызықты схема немесе тағы басқа көрнекіліктер жасау керек, сонда оқушылар осы заттың не үшін керектігін түсінеді, оларға қызықты болады. Олар таңданса, сіздің жеңіске жеткеніңіз.

Жас мамандарға айтарым: нағыз ұстаз – керек кезде өзін оқушы деңгейіне дейін түсіріп, оны биік белестерге дейін жеткізуі. Мұғалім үнемі ізденісте, проблемалардың шешу жолдарын іздеуге, нәтижеге қол жеткізіп және оған шын жүректен қуануға тырысады. Мұғалім жұмысының керемет ерекшелігі, берген біліміміздің нәтижесін дереу сезінудің мүмкін еместігі болып табылады, тек уақыт ғана дұрыстығымыз бен қателіктерімізді көрсетеді. Мұғалім мамандығы адамды шыдамдылыққа, әрқашан да дұрыс жүруге үйретеді. Сізге қызықты тарихшы, мұқият тыңдаушы, дана кеңесші, жақсы актер, жігерлі, әдемі, тынымсыз адам болу керек.

Біздің болашағымыз – ол біздің оқушыларымыз. Олардың арасында емес, олармен бірге болу, осы болашаққа есік ашу дегенді білдіреді.

Құрметті әріптестер, сіздерге қиын, бірақ та өте қызықты және керек «мұғалім мамандығында» сәттілік тілеймін!

 

Абишева Айнур Айтбаевна,
Павлодар облысы Баянауыл ауданы
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру
мектеп-интернатының химия пәні мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.