Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқу құралдары туралы білімдерімізді жинақтап СТО әдісі арқылы сын тұрысынан ойлай білуге бағыттау.
2.Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын, сөз байлығын, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу, оқу құралдарын сауатты, таза ұстауға тәрбиелеу;
Стратегиялық іс-әрекеттер:оқу- аудару, сұрақ-жауап, СТО,топтастыру,жұптық,топтық, жеке жұмыстар, «Сен маған,мен саған» әдісі, «Шолиер» табақшасы әдісі, «Раунд Робин» әдісі. «Паравоз» әдісі
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, үлестірмелі қағаздар,слайд, пазлдар, суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Тұлға аралық байланысты орнату. Психологиялық атмосфера құру. Сәлемдесу. Бүгінгі күнге сәттілік тілеу .
3 лидерді негізге ала отырып «Паравоз» әдісі бойынша топқа бөлінеді.
3. Үй тапсырмасын тексеру «Орамал тастау» ойыны арқылы өткен сабақтарды қайталау.Шарты: Орамал шашақтарына байланған тапсырмаларды әуен арқылы оқушылар арасында жүргізу.
4.Жаңа сабаққа дайындық: Пазлдар бойынша 3 –топқа бөлу.
«Қарындаш» «Оқулық» «Дәптер» деген сөздер құрастырылады.. Өте жақсы, балалар,ендеше бүгінгі біздің жаңа тақырыбымызды білу үшін қолдарыңдаңы суреттерден көргендей бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.Осы сөздер арқылы оқушылар жаңа тақырыпты ашады
5. Жаңа сабақ
Балалар! Дәптерлерін ашыңдар,бүгінгі күнді, айды жазыңдар.
Жаңа сөздермен жұмыс істейміз.
Оқулық-учебник
Күнделік-дневник
Бастысы-главный (-ая,-ое,-ые)
Баға-оценка
Оқу құралдар өте көп, әр сабаққа қажетті оқу құралдармен танысайық
«МЕНІҢ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫМ»- оқу құралдары слайдтардан тақтада көрсетіледі,балалар хормен айтады.
Топтық тапсырма:
1-топ Мәтінмен жұмыс. Менің оқу құралдарым.
Мен төртінші сыныпта оқимын. Менің оқу құралдарым бар. Олар:кітап,дәптер, күнделік,қылқалам,түрлі түсті қарындаштар,пенал,сызғыш,желім, қайшы өшіргіш.Кітап оқу үшін керек,дәптер жазу үшін керек.Ал,күнделік мұғалім баға қою үшін керек. Күнделікте жақсы бағалар болу керек
2-топ Сурет бойынша мәтін құрау.
3-топ Сөз тіркестерін жазады.
Жұптық жұмыс: «Сен маған,мен саған» әдісі. Тапсырманы орындағаннан соң «Бағалау ұяшығында» оқушылар өз жұбын бағалайды
Сәйкестендір
Атау септік неден?
Ілік септік неге?
Барыс септік нені?
Табыс септік не?
Жатыс септік немен?
Шығыс септік ненің?
Көмектес септік неде?
Жеке жұмыс: Кеңейтілген тапсырмалар:Осы тапсырмаларды орындап «Шолиер» табақшасына жауаптарын салады. Сабақ соңында өзім бағалаймын.
- Тапсырма:
1 Менің оқу—————- бар.
2Мұғалім ——————- сұрады.
3 Мұғалім ——————— баға қойды.
4 Қазақ тілі сабағында ——————- сөйлеймін.
5Мен ———- сыныпта оқимын.
- Тапсырма
1.Оқушыға ең бастысы баға қоюға ———- керек.
2.Мен——————- оқимын.
3.Маған —————сабағы ұнайды.
4.Менің——————————әдемі және таза.
5.Біз ————,—————,————— тілдерін білуіңіз керек.
3- тапсырма
- Мой любимый предмет——————————-
- Менің—————————- және таза.
- Қазақ ————— ——————- сөйлеймін
- Менің оқу құралдарым:——————————
- Мұғалім ——————— —— қойды.
Оқулықпен жұмыс: 205 бет . 4- тапсырма Бастауыш пен баяндауышты табу
Мұғалім күнделікті алды. Мұғалім күнделікті берді.
Мен күнделікті алдым. Мен күнделікті алдым.
Сергіту сәті: 3 мин
Сабақты бекіту: «Раунд Робин» әдісі бойынша оқушылар ойларын қорытады.
Рефлекция: «Ромб» әдісі бойынша сабақта алған білімдерін ромбтың әр тұсына өздерінің бүгігі сабақта жеткен жерін білдіру үшін қай деңгейде екенін стикерлерге жазып,жабыстырады.
Үйге тапсырма: 6- тапсырма.Мақалды жазып жаттайды.
Сапарбаева Гүлнұр Төреханқызы,
№169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі