(зияткерлiк сайыс)
Мақсаты: Балабақша мен ата-аналар арасында ынтымақтастық орната отырып,ата-ана мен бала арасындағы мейірімділікті, адалдықты,ізеттілікті қалыптастыру. Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.
Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ата-аналар, жарысқа қатысушылар мен балабақша ұжымы! Бүгінгі«Менің отбасым» зияткерлiк сайысына қош келдіңіздер! Добро пожаловать уважаемые родители и коллеги! Мы рады приветствовать вас в интелектуальном игре «Моя семья»
Welcome dear parentscolleogues. We welcome you in the intellectual game «My family»
«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқан да соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса отанасы, одан қалса үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелері жерде қалдырмайды. Бүгін, міне, осы отбасы арасындағы татулықты, дәстүрді, өнерді жалғастырып келе жатқан отбасылар бар. Сондықтан да балаларды кішкентайынан ата-аналарымен біріге отырып, мейірімді, білімпаз етіп тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Ата-ананың үміт-арманы – баласымен бірге болу. Олардың бар тілеуі балаға бағытталған. Ендеше бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған ата -аналарымызды ортаға шақырайық.
1 — ші сайыскеріміз Қуантайұлы отбасы
2 — ші сайыскеріміз Кажгалиевтар отбасы
3 — ші сайыскеріміз Ажаковтар отбасы
Праздник наш сегодня не простой,
Будем веселиться всей семьей.
Ловкость и таланты вам покажем,
Мамы папы выступают даже.
Надо нам сдержать свое волненье,
Чтоб отличным было выступленье.
Пусть команда победит любая,
Дружба наша крепкая такая.
Some families are large
Some families are small
But I love my family
Best of all!
Бақытты отбасы – келешек кепілі,
Тәрбие – отбасы шешімі.
Үйрету, үлгі ету, өнеге көрсету,
Әрқашан үлкендер міндеті, – деген өлең жолдарының мазмұндылығын түсіне білген ата-аналар бүгінгі сайыста өз ұрпағының қиялына қанат бітіріп, білімді отбасының үлгісін көрсетпек.
Барлық сайыскерлерді қол соғып, қошеметтеп қояйық.
Сайыскерлер мен көрермендер назарына бүгінгі сайыс турларын ұсынамыз.
1 — тур: «Сөз анасы – сәлем»Таныстыру
2 — ші тур:Отбасы суретін таныстыру (фото арқылы)
3 — ші тур: Жағдаяттар.
4 — ші тур: Ойын
5 — ші тур: Музыкалык ойын
Сайысымыздың жинақ балын есептеп отыратын сарапшылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.Нагимова ЖанаргульЖұмабайқызы — б.б меңгерушiсi
2.Бактыгереева Гульфайруз Мағазқызы — әдiскер
- Карагойшева Айымгуль Рыскалиқызы – әдiскер-инноватор Тренинг «Блиц сұрақтары» түрлі конфеттерде сандар жазылған, онда сұрақтар, жауап беру керек.
Сайысымыздың 1-ші кезеңі «Сөз анасы — сәлем» Отбасылар өздерін таныстыру Сайысымыздың 2-ші кезеңі «Отбасы суретін таныстыру» (фото арқылы) Сайысымыздың 3-ші кезеңі «Жағдаяттар»
№ 1. Үйге келгенде балаңыздың қалтасынан бөтен ойыншық шықты, сіз не істер едіңіз?
№ 2. Таңертең балаңыз балабақшаға бармаймын деп жылап отырып алды, сіз жұмысқа асығып тұрсыз, не істер едіңіз?
№ 3. Балаңыз сүрініп бетін жарақаттап алды, бірақ сізге топта бала ұрды деп келсе, бұл жағдайда не істер едіңіз?
№ 4. Қонақ келгенде балаңыз сізді тыңдамады, жүгірді, секірді, келген адамдардың мазасын алды, сіз не істер едіңіз?
Сайысымыздың 4-ші кезеңі «Қызықты ойын — П А З Л »
(Балалар пазлды құрастырады, ата-аналар суретін түрлі түспен бояйды)
Сайысымыздың 5-ші кезеңі «Музыкалық әуен»
Музыка пәні жетекшісі: Сериков Нурлан
Сонымен «Менің отбасым» зияткерлік сайысы да өзінің мәресіне жетті. Сарапшылар ойын нәтижесін қорытындылағанша, кезекті тамаша әнге берелік.
«Біз бақытты балдырған» әнін қабыл алыңыздар.
Қорытынды сөз бөбекжай директоры Жанаргуль Жұмабайқызына беріледі.
Жеңімпаздарды марапаттау үшін сөз кезегі бөбекжай әдіскерлеріне беріледі.
Номинациялармен марапаттау
«Білімді отбасы»
«Тапқыр отбасы»
«Өнерлі отбасы»
«Мейірімді отбасы»
«Ынтымақты отбасы»
Жанұяның тірегі әке болсын,
Шаңырақтың шуағы ана болсын.
Бар тілекті арнайтын балаңызға,
Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.
Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға.
Ақыл-шырақ қара түнді ашатын,
Білім-жарық нұрын саған шашатын.
Біліктіні тыңда ақылдың бұлағы,
Білімді сөз шырын жанның құнары, – деп, баршамыз да білімді, білікті болайық.
Нысанова Бахыт Қалыққызы,
БҚО, Орал қаласы,
№46 «Ақжайық» бөбекжайының
ағылшын тілі пәні мұғалімі