Home » Ашық сабақтар » Менің отбасым

Менің отбасым

Оқу іс — әрекетінің тақырыбы: Менің отбасым.

Мақсаты:

  1. Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің сюжеттік суреттері.

Оқу іс — әрекетінің барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

— Балалар, дөңгелене тұрып, шаттық шеңберін құрайық. Бір — бірімізбен амандасып, жылы тілектер айтайық.

— Сәлеметсіздер ме! Қайырлы таң! Қайырлы күн!

— Сіздерді көргеніме қуаныштымын.

— Енді бір — бірімізге мақтау сөздер айтайық.

— Сен әдемісің, мейірімдісің, денің сау болсын, сен ақылдысың.

— Ал сендер үйлеріңде бір — бірлеріңе қандай жақсы сөздер айтасыңдар?

— Қайырлы таң, әкетайым, анашым!

— Қайырлы күн, асыл әжем, аташым!

  1. Топқа бөлу
  2. Топ басшыларын сайлау
  3. Алтын ереже
  4. Үй тапсырмасы «Нан» туралы өлең жатқа айту
  5. «Ой сергек» Суретпен жұмыс (слайд)

Топтасып көрейік: 2 топ сурет бойынша әнгімелейді

Кіріспе әңгіме

— Мені үйдегі үлкендер «құлыншағым», «ақылдым менің» деп еркелетеді.

— Бір үйде қандай адамдар тұрады?

— Бір үйде бір — біріне жақын адамдар тұрады.

— Оларды атаңдар.

— Атасы, әжесі, әкесі, анасы және олардың балалары.

— Дұрыс айтасыңдар, осы адамдар отбасын құрайды. Олар — отбасы мүшелері. Сендер де отбасыларыңның бір мүшесіңдер.

Негізгі бөлім.

а) Отбасы мүшелері бейнеленген суретпен жұмыс. Жетекші сұрақтар арқылы жаңа тақырыптың мазмұны ашылады.

— Отбасы мүшелері қайда тұрады?

— Отбасы мүшелері бірге, бір үйде тұрады.

— Олар қалай тұрады?

— Отбасы мүшелері тату — тәтті тұрады.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Нағашы ата — анасының әкесі.

Нағашы әже — анасының анасы.

Немере — ұл — қыздарынан туған бала.

б) «Ойлан, тап» тапсырмасын орындау.

— Балалар, менің айтқандарымды мұқият тыңдап, кім туралы айтып тұрғанымды ойланып табыңдар.

Қатал көрінгенімен өте мейірімді. Кітапты көп оқиды, бау — бақшаны баптайды. Немерелерін жақсы көреді. Ол кім?

— Ата.

— Өздеріңнің аталарың туралы әңгімелеңдер.

— Өзі мейірімді, әрқашанда қатық — майы, ірімшігі, қант — кәмпиті дайын. Ол кім?

— Әже.

— Ал сендердің әжелерің қандай?

  1. Шытырман арқылы әжесінің үйіне апаратын жолды бояу.

в) Жазбаша жұмыс

  1. Сергіту жаттығуын орындау.
  2. Шығармашылық жұмыс: сурет бойынша сөйлем құрастыр
  3. Оқу іс — әрекетін қорытындылау. Оқушылардың отбасымен түскен суреттерімен қорытындылау,әңгімелеу.

— Отбасы мүшелерін атаңдар.

— Отбасы мүшелері бір — бірімен қалай тұрады?

  1. Рефлексия
  2. Мадақтау

 

Тажикенова Назгуль Муратовна,
Қарағанды облысы

Жаңаарқа ауданы
М.Жұмажанов ауылы
Жаңаарқа ЖОББМ
мектепалды даярлық тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.