Білім беру саласы: қатынас
Ұйымдастырылған оқу қызметі: көркем әдебиет, тіл дамыту.
Мақсаты: отбасы туралы түсінік беру, әр баланы өз отбасын қадірлеуге, сыйлауға үйрету.
Көрнекіліктер: отбасылық сурет, үй, слайд.
Іс-әрекет кездері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеі |
Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңбері Бақыт – біздің сиқырлы шеңберіміз! Бақыт – біздің достарға сенгеніміз! Бақыт – біздің жарқын болашағымыз! Бақыт – біздің тату–тәтті отбасымыз! Бақыт – біздің бала бақша келгеніміз. | Тәрбиешімен бірге шаттық шеңберді айтады.
|
Ұйымдастыру — іздестіру | — Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бізге қонақтар келді, амандасайық. — Балалар, қараңдаршы, мен бүгін сендерге үйшік алып келдім. Бұның есігі, терезесі бар екен. Алдымен қарап алайын. Бұл үйшікте кім тұрады екен? Мен сендерге оны жұмбақ арқылы жасырайын. — Ал, сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма? — Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер кім туралы айтылғанын табыңдар. — Ол өте мейірімді, ақ шашты дәмді тағамдар пісіреді, ұйықтар алдында ертегі айтып береді. — Бұл кім? — Оны қалай білдіңдер? — Ал сендердің әжелерің не істей алады? — Көптеген қызықты оқиғаларды біледі. Зейнетақы алады. Ол сен үшін қымбат адам. — Кім бұл? Оны жер бетіндегі ең бірінші, ең әдемі сөзбен айтады. Ол сен үшін қымбат адам. — Бұл жұмбақ кім туралы? — Және соңғы жұмбақ. Ол салмақты да, байсалды, барлық бос уақытын балалармен өткізеді, демалыс кезінде барлық отбасын табиғатқа алып шығады. — Бұл кім? — Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бізге ең жақын, ең қымбат жандар отбасында тұрады. Ата, әже, әке, ана, аға, сіңлі, қарындас – отбасы болып есептелінетінін сендер білесіңдер. Олар бір –бірін жақсы көреді, сыйлайды және қамқорлық жасап жүреді. Отбасы тақырыбында білімдеріңді кеңейту мақсатында бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбын «Менің отбасым» деп атап отырмыз. «Ғажайып сәт» — Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің қонағы – «Балапан» телеарнасының кейіпкері — білімпаз ата. Ол бізбен тікелей телекөпірге шыққалы тұр. Қане экранға назар аударайық. Білімпаз ата: — Сәлеметсіздер ме, балапандар! Менің атым — Білімпаз ата! Мен сендердің отбасыларың жайында білгім келеді және отбасы тақырыбында білімдеріңді тексеріп көрмекпін. Ол үшін сендерге әр түрлі тапсырмалар дайындап әкелдім. Сол тапсырмаларды мүдірмей орындасаңдар, «Білімді балапан» атағына ие боласыңдар. Ал, ендеше, іске сәт, балақайлар! Тәрбиеші: — Балалар енді сендерді «Баламен бетпе–бет» студиясына шақырамын. Бұл студияда өз отбасыларың туралы қысқаша әңгімелейтін боласыңдар. Бұл фотосуретте кімнің отбасы? — Мынау кім? — Анаңның аты кім? — Сен отбасыңмен қайда қыдырып жүрсің? — Қандай керемет! Рахмет! -деген сияқты сұрақ – жауап бойынша интервью әдісі жүреді. Саусақ жаттығуы Отбасы туралы санамақты айтайық. Бір үйде біз нешеуміз? Кел санайық бәріміз. Бас бармағым – атам, Балан үйрек – әжем. Ортан терек – әкем, Шылдыр шүмек – анам. Кішкентай бөбек — мен, Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз! «Бес саусақ» дид/ойыны Шарты: Балаларды үш тілде сөйлету.
| Сәлеметсіздер ме!
Балалар жұмбақтың жауаптарын шешеді.
Әже Ас әзірлейді, нан пісіреді т.б.
Ата.
Ана туралы.
Әке.
Әр бала өз отбасы жайлы фотосурет бойынша әңгімелеп береді. Балалар тәрбиешімен бірге қол қимылы арқылы айтып қайталайды. |
Рефлексивті — түзетушілік | Сұрақтар қойып тақырыпты қорытайық: — Қандай дид/ойын ойнадық. — Қандай жұмбақ шешті? — Бізге кім қонаққа келді? — Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу қызметін аяқтайды. | Балалар сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Отбасы мүшелерін айта білу.
Нені игерді: Әңгіме құрай білуді.
Нені біледі: Әр бала өз отбасын сыйлауды, қадірлеуді.
Максымова Айзада Табынбаевна
№ 9 «Бәйтерек» балабақшасы МКҚК тәрбиешісі
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы