Home » Ашық сабақтар » «МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН». ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУ

«МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН». ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУ

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: туған ел туралы білімін толықтыру, алған білімдерін жүйелеу,  сөйлеу әрекеттерін қалыптастыру;

Ә) Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Б) Тәрбиелік: Отанды, халқын, тілін сүюге баулу. Туған жерді аялауға, қазақ елін қастерлеуге, патриотизмге тірбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топтастыру, сұрақ-жауап, сәйкестендіру, жеке,

Сабақтың формасы: сыныптық,  жекелей, топпен

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта,  тапсырмаларға байланысты слайдтар,

Сабақтың технологиясы: дамыта оқыту технологиясы, интерактивтік оқыту технологиясы

Сабақтың  пәнаралық байланысы: қазақ әдебиеті, орыс тілі, география

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Мотивациялық трениг (психологиялық ахуал)

(Балалар қолдарынан ұстап, шеңбер жасап тұрады. Мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталайды).

Қайырлы күн, жер ана!

Қайырлы күн, көк аспан!

Қайырлы күн, маған!

Қайырлы күн, саған!

Қайырлы күн, балалар!

Қайырлы күн, мұғалім!

Мұғалім: Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар  келді, қонақтарымызға «Қош келдіңіз!» деп айтамыз (балалар хормен айтады),  ал сендер, балалар, сабақта белсенділеу  жұмыс жасайсыңдар деп үміттенемін. (орындарына отырады)

— Балалар, айтыңыздаршы, жуырда  қандай мейрам өтті? (ҚР тәуелсіздік күні)

— Дұрыс, айтасыңдар, ал тәуелсіздігімізге биыл неше жыл болды?  (23 жыл болды)

— Қазір, балалар, тақтаға назар аударамыз,  бір сөзжұмбақты шешіп көрейік.

(оқушылар, сөзжұмбақтын шешуін тақтаға шығып жазады)

Сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасы шығыстан қай елмен шектеседі?
  2. Шымкентте не өндіріледі?
  3. Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?
  4. Солтүстік Қазақстанда не өндіріледі?
  5. Қазақтың ұлттық сүт тағамы, бие сүтінен жасалынады.
  6. Қазақстан солтүстіктен қай елмен шектеседі?
  7. Астана қаласының символы.
  8. Қазақстанның оңтүстік астанасы қай қала?
  9. Қазақстанның ел ордасы қай қала?
        9
   4  78* а
  3 6* б* с
 2* и * ә* л* т
1* а* д5* й* м* а
* з* а* с* т* а* н
* ы* қ* а* й* ы* е *е* т* а
* т* т* қ * м* й* р* ы 
* а* а  * ы * е  
* й   * з * к  

— Сөзжұмбақтың сөзі қандай болып шықты?

Картамен жұмыс

— Жарайсыңдар, балалар, ал енді айтыңдаршы Қазақстан тағы қандай елдермен шектеседі? (Ресеймен, Түрікменстан, Қырғыстан, Өзбекстан, Қытай елдермен шектеседі)

— Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?

(Тақтада Қазақстан Республикасының картасы ілулі тұрады, оқушылар шығып қалаларды көрсетеді.  Астана, Петропавл, Алматы, Шымкент, Тараз, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Қызылорда, т.б

— Дұрыс балалар, бұл біздің  Қазақстан Республикамыз, ол біздің Отанымыз. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбын жазып қоямыз.

(дәптерлерін ашып, сабақ тақырыбын жазады)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • Қазір, балалар, біз Жұмабаев Диастың, үйде дайындап әкелген презентациясын тамашалаймыз.
  • Бүгінгі сабағымызға арнап, біздің оқушыларымыз олар Накен Қуат және Гнездилова Виктория қаламызға арнап өлең шығарды, ендеше сол өлеңдерін тыңдайық. Накен Қуат «Менің қалам»;  Гнездилова Виктория «Мой город»

 

  • — Отан дегеніміз не? Отан дегенде, сендердің ойларыңа не келеді? (интерактивті тақтаға шығып жазады)

Оқушының жауабы: Отан ол — туған жер, табиғат, ата-ана, көп ұлтты, кең байтақ, атамекен, отбасы.

ІІІ. Жаңа тақырып

1)Топпен жұмыс

— Балалар,  қазір сендер топпен жұмыс жасайсыңдар. Әр топ өзінің тапсырмасын орындайды. Жұмыстарын ортаға  шығып қорғайды. Әр топ басшылары бағалау парағы арқылы өз топтарындағы оқушыларды бағалайды (топ басшыларын тағайындау)

І топ: Қазақстанның даму тарихы

1989 жылы Қазақ тілі өзінің мемлекеттік мәртебесін алды

1991 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды

1992 жылы Қазақстан Республикасының рәміздері қабылданды

1995 жылы Ата Заң қабылданды

1997 Жылы Қазақстанның астанасы Ақмола болды

1998 жылы Ақмола Астана болып өзгертілді

ІІ топ: Қазақстан өңірі мен жер байлығы. «Қай өңірде не өндіріледі?»

Атырауда — мұнай

Петропавлда – бидай өсіреді

Оралда – газ өндіреді

Қызылордада — күріш өсіреді

Павлодарда — трактор шығарады

Шымкентте — мақта, қызылша өсіреді

Қарағандыда — көмір, мыс, күміс шығады

ІІІ топ: Қазақстанның мәдениеті, ұлттық құрамы

Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері  тұрады. Республика халқының жалпы санында қазақтар — 59%, орыстар — 26%, басқа этностар — 15 %.

(Әр топтан екі оқушыдан шығып, сөйлейді.)

ІІІ. Жаңа тақырып

Сөздік: (Тақтаға жаңа сөздер жазылады).

— Енді, жаңа сөздермен танысамыз:

Сайланды — избран

Байтақ – просторный

Кесте — таблица

Мақтаныш — гордость

Әсем, көркем, көрікті — красивый, прекрасный

Мәтінмен жұмыс.

  • Мәтінді тыңдаймыз.

1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі. Қазақстан  байтақ жерінде  Менделеев кестесінің 99 элементі бар. Қазақстанның ең басты мақтанышы ол өз астанасы – Астана. Астана қаласында Парламент үйі, Ақ орда және Бәйтерек орналасқан.  Мен өз әсем, көркем, көрікті, байтақ еліме, жеріме өте мақтанамын.

(оқушылар тыңдайды, бір-бірлеп сөйлемдерді оқып, аударады)

Грамматикалық тапсырмалар:

№1 тапсырма. Топтар бір-біріне сұрақтар қояды (мәтін бойынша)

— Қазақстан елі қашан тәуелсіздік алды?

— Біздің Президент кім?

— Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі қандай?

— Қазақстанның жері қандай, неге бай?

— Еліміздің бас қаласы қай қала?

— Астана қаласында не бар?

— Біздің ел қандай?

№2 тапсырма. Дәптермен жұмыс

Септеу, тәуелдеу, 5 жол стратегиясын құрастырады

1 топ. Отан, жер (тәуелдеу)

2 топ. Астана, Бәйтерек (септеу)

3 топ. «Астана» тақырыбына 5 жол стратегиясын құрастырады

  1. Зат есім; 2. 2 сын есім; 3. 3 етістік; 4. Сөйлем; 5. Синоним
  2. Астана (Зат есім)
  3. Әдемі, көркем (Сын есім)
  4. Гүлдеді, өсті, таныды (Етістік)
  5. Астана әдемі гүлденген қала (Сөйлем)
  6. Қала(ассоциация)

ІҮ. Қорытынды  кезеңі

«Кубизм» стратегиясы

Сұрақтар:

— Қазақстан қандай мемлекет?

— Қазақстан қай елдермен шектеседі?

— Біздің елбасымыздың туған күні қашан?

— Біздің  өлкеміз неге бай?

— Біздің елмізде неше ұлт өкілдері тұрады?

— Табиғатымыз қандай, не бар?

 

Ү. Бекіту Ендеше, балалар «ББҮ» жүйесі арқылы

«Білемін. Үйрендім. Білгім келеді» стикерлерін  толтырыңдар, топ басшылары бағалау парақтарға бағаларды қойындар. Сабақты бекітейік.

(оқушылар тақтаға шығып, стикерлерді іледі)

ҮІ. Бағалау. Әр топ басшылары бағалау парағы арқылы өз топтарындағы оқушыларды бағалайды.

ҮІІ. Үйге тапсырма.

Отан туралы 5 мақал-мәтелді тауып, жаттау.

— Осымен сабағымызды аяқтаймыз.
Отбасымыз аман, деніміз сау болсын!

«№9 орта мектеп» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жетпісова Райхан Жәнібекқызы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.