Home » Балабақша » Менің отаным — Қазақстан

Менің отаным — Қазақстан

Мен бүгінгі жас ұрпақты, яғни бүлдіршіндерімізді туған елін сүйетін, қорғайтын азамат етіп тәрбиелеу, өз Отанымыздың патриоты және еліміздің мәдениеті салт-дәстүрімен таныстыру, оларды үйретіп, дамыту мақсатында қыркүйек айының 4- күні Қостанай облысы, Рудный қаласы №19 орта мектебі мектепалды даярлық «Б» сыныбында білім күніне орай «Менің Отаным – Қазақстан» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Қолдарын кеудесіне қойып еліміздің ән-ұранын шырқаған олар өздерін еліміздің патриотындай сезіне білді.

Осы тәрбие сағатында олар еліміз Қазақстанның астанасымен, басқа да қалаларымен, Президентімізбен, елтаңба, әнұран, туымызбен таныс болды. Тіпті кейбірі қуана Бәйтеректі көргендерін айтып, сондай-ақ «Әрқашан күн сөнбесін!» және де еліміздің көптеген басқа да елдеріміздің достығының айғағы ретінде «Достық» әндері шырқалды. Балалардың көңілдерін сергіту барысында «Жақсы», «Хорошо» және «Күн шапағы» бізге жарық беріп тұрған осы ғаламның, яғни күннің шапағын бүлдіршіндеріміз қағазға алақан ретінде қиылған түрлі-түсті қағаздарды жапсырып, осындай жарық күннің астында тату-тәтті, бейбіт өмір сүріп жатқанымызды айтып, сабақ соңында балалармен Қазақстан туралы қысқаша фильм көріп, көңілді тарасты.

Камбарова Акмарал Сламбековна

Мектепалды даярлық «Б» сынып тәрбиешісі

№19 орта мектебі КММ

Қостанай облысы, Рудный қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.