Home » Бес сауал » МЕНІҢ МЕКТЕБІМ «Қарақұм орта мектебі»

МЕНІҢ МЕКТЕБІМ «Қарақұм орта мектебі»

366px6_gmem«Қарақұм орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
Мектепалды даярлық сынып мұғалімі,
жас маман Құлғараева Бибі-Фатима Темірбекқызы

 Менің мектебімнің аты-Қарақұм орта мектебі. Биыл мектебімізге 51 жыл толып отыр.  Бұл мектептің іргетасы 1965 жылы қаланды. Мектепте бар болғаны 127 оқушы, 8 ұстаз болды. Мектеп сол уақытта 8 сынып комплексімен ашылды. Мектептің алғашқы директоры марқұм О.Оралбаев, оқу ісінің меңгерушісі Ж.Қидасов,   мұғалімдері Бисалиев Қазыкен, Мекеев Жолдас, Жақсығалиев Жексенбай,                    Бисеғалиева Айгүл, Боранбаева Жайсұлу болды. Бұл ұстаздардың көпшілігі өмірден озып, қазір саусақпен ғана санаулы ұстаздар қалды. Осы жылдардың ішінде бірнеше мыңдаған шәкірттерді ұядан ұшырды. Олардың көпшілігі осы елді мекенде еңбек етіп, отбасын құрып, өздері де бірнеше шәкірт тәрбиелеп келеді.img-20160506-wa0015

Енді мектеп тарихына үңілсек: 1965-1969 жылдар аралығында Оралбаев Оңғали,                1969-1971 жылдар аралығында Мысағалиев Құрманғали, 1972-1980 жылдар аралығында Баймағанбетов Нұрлыбай, 1989-1992 жылдар аралығында Жақашев Хайролла, 1992-1999 жылдар аралығында Бекмағұлова Ұлжан, 1999-2002 жылдар аралығында Құрымбаев Бағыт, 2002-2006 жылдар аралығында Ботағарин Шынжырбек, 2007 -2016 жылы  Бисенгалиева Улмекен басқарып келсе, 2016 жылы Мектеп директорының міндетін атқарушы Космуратова Гулбаршын басқаруда. Таңқаларлық жай 51 жыл ішінде бар-жоғы 9 мұғалім директорлық міндетін атқарып келген. Өткен 51 жыл ішінде қарашаңырақ Қарақұм орта мектебінде жас жеткіншектерге тәрбие беруде жетістікке жеткен ұстаздар көптеп саналады. Олардың қатарына Қазақ ССР халық – ағарту ісінің озық қызметкерлері Мысағалиев Қ, Табаряков З, Баймағанбетов Н, Мырзағалиева К, Төребаева Ж, Оралбаев О, Байдолова Ғ, Сәденов Ө, Боранбаева Ж, Молдашева М, Байтова А, Жакупова А, Жақашева Г, Мысағалиева Н. Мектеп – еліміздің болашағына қызмет ететін ұрпақтарды тәрбиелейді. Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектепте шыңдалады. Қоғамда мектеп ұжымына жүктелер жүктің орны ерекше. Қазіргі таңда мектебімізде 72 мұғалім бар. Оның 29-ы І санатты, 17-сі ІІ санатты мұғалімдер. Мектебіміздің алдына қойған мақсаты: қоғамдағы әлеуметтік мәдени өзгерістерге сай оқыту-тәрбиелеу үрдістерін жетілдіре отырып, білімді, өмірге әлеуметтік жағынан бейімделген жеке тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан мектеп мұғалімдерінің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру, білім беруді ақпараттандыру, жаңа технологияларды меңгеру. Осы мақсатта ұстаздар ұжымы тынымсыз еңбек етуде. Әсіресе облыс, аудан көлеміне танымал ұстаздардың орны ерекше. Олар Орамахова Райхан, Орахова Сара, Құрманбай Талшын, ұстаздар Жеміс Құлманова, Әміржан Орахов, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Б.Баймағанбетов, бейнелеу пәні мұғалімі Қ.Тұрғанбаева, орыс тілі пәні мұғалімдері: Шыңғысова Қарлығаш, Майлыбаева Гүлайша, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қапасова Жаңылсын, физика пәні мұғалімі Бибатпа Есениязова, өзін-өзі тану пәні мұғалімі К.Сүймағанбетқызы сынды ұстаздар.

Мектебімізде дарынды оқушылар аз емес. Олар түрлі пәндік олимпиадалар мен спорттық жарыстардан, өнер байқауларынан мектеп намысын қорғап жүрді. Атап айтсақ, қазақша күрестен облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы, спорт шеберлігіне кандидат Жазмуханов Жамбыл, пәндік олимпиадалар жеңімпаздары Рахметоллина Айдана, Маратқызы Салтанат, Ізғалиев Нұрдаулет, күміс көмей әнші Сейфуллина Ақниет т.б. Білім саласындағы басты мақтанарлық жаңалығымыз – мектебімізден тұңғыш рет 2011 жылы Бисенғалиева Ақкенже Қабиқызы «Алтын белгі» иегері атанды. Бұл оқушы қазіргі таңда еліміздегі ең таңдаулы жоғары оқу орындарының бірі – Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университетін бітірді.

Білім беру жүйесінде жаңа технологиялар пайда бола бастады. Бүгінгі таңда мектептің де, мұғалімнің де қасиетті міндеті рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны даярлап шығару.

Қазақ ССР оқу министрлігінің Құрмет грамотасы иегерлері Қидасов Ж,

Сүймағанбетқызы К, Оралбаева Г, тәжірибелі ұстаздар Балабаева Ы, Советова Ж, Елемесова Ұ, Жайлауов Т, Күмісқалиева Г, Орахов Ә, Жайекешов С, Шыңғысова Қ, Ильясова Ш,

Жариева Ж, т.б. көптеген ұстаздар балаға жүрек жылуын берген, өз ісінің шеберлері болды.

Бұл ұстаздардың еңбегі шәкірттерінің жүрегінде мәңгі із қалдырды.

Бекмағұлова Ұ. – 1986 жылы оқу тәрбие ісінде оқушылардың білім сапасын арттырудағы еңбегі үшін есімі Бейнеу ауданының Құрмет кітабына жазылып, қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері белгісімен Маңғыстау облысына 35 жыл – төс белгісімен марапатталған.

Бүгінгі Қазақстандағы білім беру ісіне,мұғалімге,жас ұрпақты тәрбиелеуге деген жаңа көзқарастар пайда болды.Білім беру ісіне жаңа көзқараспен қарау мектепке жаңа көзқараспен қарау деген сөз.Соған байланысты мектебімізде жаңа талапқа сай мультимедиялық кабинеттер, биология, химия кабинеттері жаңа үлгіде жұмыс жасайды.Тәуелсіз ел атанып,төбемізге ту тігіп,тіліміздің мәртебесін арттырып әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың,елдің болашағы-жас ұрпаққа білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлу керек. Осы орайда білікті басшы У.К.Бисенгалиева бастаған ұжым ұйымшылдықпен жұмыс жасап келеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.