Home » Ашық сабақтар » Менің мамандығым- менің болашағым, менің болашағым- елімнің болашағы

Менің мамандығым- менің болашағым, менің болашағым- елімнің болашағы

Есимсеитова Алмагуль Жаппасовна,
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Ашутасты ауылы,
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

 

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауға көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;

Дамытушылық: оқушылардың өмір, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру

Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.

Міндеті:

— Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;

— Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;

-Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;

— Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, слайд

 Барысы:

Слайд №1

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.»

(Абай)

 1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Менің мамандығым- менің болашағым, менің болашағым- елімнің болашағы» атты ашық тәрбие сағатына  қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Қасиетті қара өлеңнің пайғамбары, ақын ағамыз М.Мақатаевтың сөзімен айтқанда өмірде өз орнын тапқан адамдар деп, жар таңдау мен мамандық таңдауда адаспаған жандар деп есептеуге болады. Себебі өмірлік жарыңа бір рет сүйіп қосылсаң, жақсы көріп, таңдаған мамандығың- өміріңнің мәні мен мағынасы.

1-жүргізуші:

Өмір, өмір! Өмірдің мәні қандай?

Қайратыңды жігерге жанығандай.

Жүріңдер бұл өмірде бақытты боп,

Досың түгел, дұшпаның қызықққандай.

Терме Орындайтын Таңатқанов Табиғат

2-жүргізуші: Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар  және жыл сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен.»Мектеп бітіргеннен кейін қандай мамандық иесі боласың?» деген сұраққа біраз оқушылар жауап бере алмайды. Себебі  мамандық таңдау мәселесі ,әсіресе, біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселеге айналды.

1-жүргізуші: —Оқушылар, мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Ол туралы кеңірек айтып берсеңдер.

Жауап

  • Профессор Е.А. Климов мамандықты 5 түрге жіктейді:

Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.

2-оқушы:

Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесар жатады

3-оқушы:

Адам- адам. Мұнда мамандық иесінің қызмет сипатамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.

4-оқушы: Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой-өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.

5-оқушы: Адам- көркем бейне: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.

2-жүргізуші: Араларыңызда кейбіреулерің ендігі қандай маман иесі болатыныңызды, қандай бағытта, оқу орнында оқитыныңызды анықтаған шығарсыз және де өздеріңнің болашақ кәсіби қызметтеріңді жақсы білетін де шығарсыз.Сонда мамандық деген не, ол туралы өз ойларыңды ортаға салсаңдар.

1-оқушы:

«Мамандық» сөзі латынның «профессия» анықталған іс, мамандық деген мағынаны білдіреді. Ол- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

2-оқушы:

Менің ойымша, мамандықты таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Ол- өте жауакершілікті,  маңызды іс. Мамандықты таңдауда әр адам өзінің қабілетіне, бейімділігіне, қызығушылығына сүйену қажет.

3- оқушы:

Мамандықтың түрі көп және бәрі жақсы деп жатамыз. Бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет деп ойлаймын. «Бұл -жай күнелту ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»- деген Ж.Аймауытовтың сөзін айта кеткім  келеді.

4-оқушы:

«Адаспайтын адам, сүрінбейтін тұяқ жоқ»дегендей, кей адам өзінің мамандығын таңдауда әр салада еңбек ете «адаса жүріп», өмірінің жартысын өткізеді екен.

5-оқушы:

Әр адам ата- анасының мамандығын да қалап жатады.Мәселен, мұғалімдер, дәрігерлер отбасы деп жатамыз. Қалай болғанда да күштеу арқылы емес, өз қызығушылығы болса, құба- құп

6-оқушы:

Мамандық- еңбек қызметінің бір түрі. Ол арнайы білім мен біліктілікті қажет етеді. Әйтпесе, кез келген адам ғалым не ұшқыш болар еді.

1-жүргізуші:Ендігі сөзді мектебіміздің психологы Құралай апайға береміз.

  1. Тренинг
  2. Психолог кеңесі

2-жүргізуші:Біздің сыныптың оқушылары таңдаған 5 пән және таңдаған мамандықтары бойынша анкета алынды. Соның қорытындысына тоқталсақ:

Биология- 7-дәрігер, мұғалім

География 7- бухгалтер, кадастр,

Физика-4- телекоммуникация, электр энергетикасы, инженер

Қазақ әдебиеті-1-журналист

Дүние тарихы-2- әскери оқу

Слайд№3

1.Таңдаған 5- пән бойынша қандай оқуларға, қанша грантпен түсуге болады.

  1. Оқу орындарының суреті
  2. Қазақстандағы және шетелдегі ең беделді оқу орындарының рейтингісі

1-жүргізуші:

Көк жүзіне алаулы

Міндет емес ай болу.

Ең бастысы қалаулы

Кәсібіңе сай болу!

Күй  орындайтын Елубаев М.

2-жүргізуші:

Болса кімнің талабы

Өмірден жол табады.

Мақсатына лайық

Мамандығын алады,- дей отырып,«Мен таңдаған мамандық» тақырыбында эссе (үй жұмысы) кезек береміз.(төмендегі мәліметтер қамтылу керек)

-Мен таңдаған мамандық;

-Өмір жолындағы мақсатым;

-Оған қол жеткізудегі міндеттерім;

-Менің бойымдағы жағымды қасиеттер;

-Кедергі жасайтын жағымсыз қасиеттер;

-Онымен күресу жолдары;

-Таңдаған мамандығымның қосымша түрлері және ерекшеліктері;

-Оған қажетті қасиеттер;

-Оларды дамыту жолдары.

Пікіралмасу сұрақтары:

1) Мамандық бір- ақ рет біржола таңдалады ма?(ия, жоқ)

2) Мамандық таңдау қалтаның қалыңдығына байланысты ма?

3) Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды ма?

4) Мамандық таңдауда ата- ананың ықпалы болу керек пе?

5) Елбасының «Дипломмен ауылға» бағдарламасын қолдайсың ба?

6) Жақсы маман- жақсы адам деген пікірге қосыласың ба?

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Ұрпағы ұландары текті жердің

Қашан да болмысыңа сүйсінемін.

Кешегі ғалымдар да, мамандар да

Шығады өздеріңнен деп білемін,- дей отырып,  оқушыларыма мамандықтарын жаңылыспай таңдап, сол арманға қол жеткізу үшін, армай- талмай еңбек етіп, елінің бір кірпіші болып қалануына тілектестік білдіремін.

Себебі (балалар хормен)

«Менің мамандығым- менің болашағым, менің болашағым-елімнің болашағы»

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.