Мамандық – үлкен өмір бастауы. Өмірде мамандықтың түрі көп. Дегенмен, әр адам өз мамандық иесі болуы керек. Ол үшін енбектену керек. Соны үйрену үшін мамандықтың қыр-сырын білу керек. Ал, ол үшін адам өзіне талап қоя білуі керек. Мамандық таңдар алдында жеті рет өлшеп, бір рет кесу қажет. Неге, не себепті десек, мамандық , яғни ол-келешек өмірдің ажырамас бір бөлігі іспеттес. Ол сенің армандарың мен мақсаттарың. Мен мамандық таңдар алдында өміріме пайдасы мен зияны, сонымен қатар менің оған деген махаббатым .Адам адамды жақсы көргені секілді, мамандықтыда сүйе білу қажет. Сонда ғана оған бағынады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы биылғы 2019 жылды «Жастар жылы» деп атады. Бұл жылы жастар толығымен жұмыспен қамтылу керек жане білім алулары керек. Қазіргі кезде бізге, жастарға қойылатын басты талаптардың бірі — теориялық білімнің іскерлік қасиеттерімен ұштастыра білу. Сол кезде жақсы жұмыс маманы бола аламыз. Менің қазіргі оқып жатқан мамандығым – тігін өндірісі жане киімдерді үлгілеу. Бұл мамандық өте төзімділікті, яғни шыдамдылықты, шеберлікті және де шебер ойды қажет етеді. Бұл сала бойынша елімізде белгілі дизайнерлер Динара Сәтжан жане Берік Исмайлов мен үлгі тұтатын жандар. Менде болашақта осы кісілер сияқты атақты дизайнер болғым келеді.
Қасқырбай Гүлдана,
Текей батыр Қарпықұлы атындағы колледждің
«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша
2 курс білім алушысы