Home » Мақалалар » Менің курстан алған әсерім

Менің курстан алған әсерім

«Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек», деп Сара Алпысқызы айтқандай, мен де рухани кемелдену мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығына ««Өзін – өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында курсқа барып, өз біліктілігімді арттырдым. Бұл курстан алған әсерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Курсқа келген негізгі мақсатым – «Өзін – өзі тану» бағдарламасын жете меңгеріп, оқытудың әдіс-тәсілдерін үйреніп, педагогикалық іс-тәжірибемді жетілдіру болатын. Осы мақсатыма курстағы дәріс беруші- сөйлеу мәнері ерекше, адаммен қарым-қатынасы өте керемет, түсіндіру стилі айрықша ұстазым – Рысгүл Жұмажанқызының арқасында жеттім деп айта аламын. Курс барысындағы «Өзін – өзі танумен басқа пәндердің интеграциясы» атты   дәріс маған ерекше әсенр етті. Мұнда адам сыртқы әлемге тұрақтамай, мәңгілік құндылықтарға тұрақтау керек екендігі, оның өзгермейтіндігін ұғындым. Мұғалімнің мына заңын өзіме керек еттім: баланы сүю, түсіне білу, шабыттандыра білу. Топпен жұмыс жасауда, әр түрлі проблемаларды шешу, постер қорғау жұмыстарына белсене қатысып, түрлі тапсырмалар орындау арқылы қызу пікірталасқа түсіп, бір-бірімізге  дәлелдеуге тырыстық. Осы курсқа келіп  өзін-өзі тану пәнін жан-тәніммен түсініп, жан-жағымдағы адамдарға деген көзқарасым өзгере бастады. Мен жалпыадамзаттық құндылықтарға мән бере бастадым.

   Курстың соңғы күндері ұлағатты ұстазымыздың бастауымен Ақтау қаласындағы №33 «Әлия» балабақшасында облыстық семинар ұйымдастырып, алған білімімізді одан әрі шыңдау үшін   қазіргі жаһандық мәселелер- дағдарыстың түрлерімен таныстыру, адамзаттың жалпы дүниежүзілік тұтастығын айқындау мақсатында  «Рухани адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылықтары» тақырыбында Мұнайлы ауданы, «Балапан» балабақшасының әдіскері Бекқалиева Айнұр екеуміз  мұғалімдерге арналған семинар сабақ өткіздік. Сабағымыздың қызықты өтуіне атсалысып, топпен жұмыс жасап, постер қорғаған балабақша ұжымына, курстастарыма алғысым шексіз. Сабағымызды өте жақсы деңгейде өткізгендіктен облыстық «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ Алғыс хатымен марапатталдық. Болашақта осындай курстар жалғасын тауып, біз сияқты мамандарымыз кемелденіп, рухани байи берсін дегім келеді.

 

                    Айтимова Гулжан Бокишовна

Мұнайлы ауданы,

                                             №7 «Айналайын» балабақшасының әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.