Home » Мақалалар » «Менің жанұям – менің Отаным» жобасы басталды

«Менің жанұям – менің Отаным» жобасы басталды

2017 жылыдың қараша айында Оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Менің жанұям – Менің Отаным» атты облыстық балалар шығармашылығының жобасы іске қосылды. Қазіргі таңда облыс және қаламыздың орта және қосымша білім ұйымдарынан өтініштер қабылданып жатыр.

Бұл жобаға жалпы білім беретін мектептерден әр түрлі жастағы балалар мен жасөспірімдер, балалар шығармашылық бірлестіктерінен және қосымша білім беру мекемелерінен 5 адамнан қатысуға болады.

Қатысушылардың жасы 11-16 жас аралығында. Аталмыш жобада қашықтан және күндізгі конкурстар қарастырылған. 2017 жылдың 15 қарашасынан 15 желтоқсанына дейін бейнероликтермен презентациялардың конкурсы өтеді. Конкурстық жұмыстар metodotdelDSH@mail.ru. деген электрондық мекенжайға жіберілуі тиіс. Қатысушылар «Моя семья – моя гордость», «Традиции народа начинаются с семьи», «Литературная жизнь Павлодарского Прииртышья», «Мудрость веков», «Известные люди нашего края», «Не меркнет подвиг в веках» атты тақырыптарға слайдтық презентациялар немесе бейнероликтер жасай алады. Қашықтан өткізілген жұмыстар топпен жасалады. Конкурстың бірінші кезеңінен өткен барлық жеңімпаздар 2018 жылдың 18 қаңтарында Оқушылар сарайында өтетін конкурс-фестивальға қатысуға мүмкіндік алады.

Асем Аипова,

Павлодар қаласы,

М. Катаев атындағы Оқушылар

сарайының әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.