Менің жазғы демалысым өте қызықты өтті. Жазғы демалысымды мектеп кезінде қатты күтіп едім, енді сол демалыстың санаулы соңғы күндері өтіп жатыр. Бірақ мектептегі достарымды, ұстаздарымды қатты сағынып қалыппын. Достарымның бәрі жазғы демалысында қайда барғандары туралы айтып мақтануда. Кейбіреуі Алматыға, Бурабайға, Балқашқа, ал кейбіреуі шет елдерге барғаны туралы жарысып сөйлеуде. Мен де қалыспадым. Мен демалысымды әжеммен бірге қыдырып өткіздім. Біз Семейге және Қызылордаға бардық. Тұрғындары өте қонақжай, ауасы таза, табиғаты керемет, суы мөп-мөлдір дертке шипалы екен. Келесі демалысымда әжем екеуміз бірге Сарыағаш пен Астанаға баратын шығармыз. Және де әпкем мен жездем үшеуміз Бурабайға саяхаттаймыз. Қай жерге барсаң да өз үйің, қалаң көзіңе елестеп, сағындырады.
Насыр Нұрайна,
№ 32 Жангелдин атындағы жалпы орта мектебі,
5 «А» сынып оқушысы,
ОҚО, Арыс қаласы