Елімізде жыл сайын 1 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтіледі. Осыған орай, Павлодар қаласының №18 жалпы орта білім беру мектебінің 4 «в» сыныбында «Менің Елбасым» атты іс-шара өтті.
Ертеңгілік 4 «в» сыныбының сынып жетекшісі Әйгерім Бурумбаева мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Теңдік Ахатованың ұйымдастыруымен өтті. Сынып тақтасына мемлекеттік рәміздер, Елбасының халыққа жолдаған сөздері, суреті ілініп, ұлттық қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
Аталмыш шара барысында оқушылар Туған жер, Отан, Қазақстан және Елбасы туралы өлең, тақпақтарын жатқа айтып, патриоттық әндер шырқады. Сонымен қатар, Елбасының өмірі мен қызметі туралы әңгімелеп, сұрақтарға жауап берді.
Оқушылар әр тапсырмаға белсене қатысып, Тұңғыш Президентімізге деген сый-құрметтерін білдірді.
Теңдік АХАТОВА,
№18 ЖОББМ-нің мұғалімі,
Павлодар қаласы