Home » Жаңалықтар » Менің болашаққа бағдарым

Менің болашаққа бағдарым

Ұлтын сүйіп, оның бай мәдениетін ардақтай білетін жаңа буын қалыптастыру мақсатында «Менің болашаққа бағдарым» атты шара Баянауыл ауданының Ш. Айманов атындағы мектеп-интернатында 9 сынып оқушыларымен өтті. Еңбек жолдарында аянбай тер төгіп, бүгінгі күнде белгілі бір табысқа жетіп, жеке кәсіптерін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер М.С. Боранбаева, Г.Е. Алпысбаева, Г.О. Кокумбаева және «Мектепке тағзым» науқанына қатысқан  осы мектеп түлегі, жас ақын, аудандық «Баянтау» газетінің журналисі  Еламан  Хасенұлымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында,  кәсіпкерлер  табысты болудың жолдары – тек білім мен еңбектің арқасында жүзеге асатындығын айтып, ой-пікірлерімен бөлісті.

Еламан Хасенұлы жасөспірімдерге өзінің туындысымен бөлісіп, жыр — шумақ оқыды.

 

Л. Теміртасқызы

Білім айнасы

Павлодар

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.