Қоғам шығармашылықтың өзі өнім екенін біртіндеп түсініп келеді. Жалпы ұлттық өнімді өлшеу сияқты музыкалық, әдеби және көркем шығармалардың, технологиялық инновациялар мен ғылыми жұмыстардан тұратын шығармашылық әлеуеттің ұлттық жиынын да өлшеп, саралауға болады. Бұл жағдайда шығармашылықты жүйелі түрде зерделей келе, оны түсінуге және ресурс ретінде дамытуға болады. Ғалымдар шығармашылық қабілетті түрліше анықтаған. Бірақ түрлі анықтамалардың сан алуандығына қарамай, оларда ортақ нәрсе бар, ол да шығармашылық жаңалық ашқанмен тең. Шығармашылық – адамның іс-әрекетінің түрі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап бүгінгі күнге дейінгі жетістіктері – шығармашылықтың алғы нәтижесі.
Қазіргі уақытта білім беретін мектептердің алдына қойылып отырған басты талаптардың бірі – рухани дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу. Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін, ең бастысы, жағдайлар жасау қажет. Еліміз соңғы жиырма бес жылда екі жаңғыруды бастан өткерді. Біріншісі – саяси реформа, екіншісі – экономикалық жаңғыру. Ал үшінші жаңғыру, ол – Елбасының жолдауындағы рухани жаңғыру. Өйткені әрбір адамзатқа жолданған жаңғыру сана арқылы дариды. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру – ол білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Жуырда Бекмұрат Уахатов орта мектебінде бастауыш сыныптар аралығында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында «Менің болашаққа бағдарым» атты тәрбие сағаты өтті. Оларға мектеп қабырғасынан-ақ қоғам өміріне белесене араласуы үшін атсалысып, әрбіреуі зор ықпал тигізуі – нақты қадам екені түсіндірілді. Сабақ түрлі бағытта тереңдетіліп: әр оқушы өз ойларын түрлі-түсті қима қағаздарға жазып, барлығы бірігіп, үлкен бір қабырғаны алатын ғажайып қыран түстің бейнесі ретінде тақтаға болашаққа деген көзқарастарын, арман-тілектерін жазып жапсырмалады.
Қанатты қыран құстың кеңге қанат жая биікке самғауы – арманы болса, әрбір оқушының арманы да биікке ұмтылып, әлемді бағындыратындай білімділікке талпыныстарын өн бойларына арқау болып өрілгендігін оқушылар өз шығармашылықтарынан-ақ көрсетті. Бұл бастауыш сынып оқушыларының болашақты бағындыруға қиял мен арманды ұштастыра кіріскендерін, дайын екендерін айқындады.
Исагалиева Айгуль Сабыржановна
Бекмұрат Уахатов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Мерғалым ауылы