Сайыстың мақсаты: Балабақша мен ата – аналар арасындағы ынтымақтастық орната отырып, ата- аналар мен бала арасындағы мейірімділікті, адалдықты, ізеттілікті, қалыптастыру. Ата – аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Ата – аналардың балабақшамен, баламен, тәрбиешілермен басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру. Балабақша – отбасы – бала қарым- қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.
Сайыстың міндеті: Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын арттыру, балаларын мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолын көрсету
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, бейнеролик, суреттер.
Тәрбиеші:
Бала бақыт, бала қуаныш, өмірді жалғастырушы, ата-ана тәрбиелеуші.
Әке мейірімі мен құрышын қаңдырып,ана сүтінен нәр алып, әке ұлағаты мен ана тағылымын көріп өскен ұрпақ елін,жерін, халқын сүйетін ұлт жанды тұлға болып қалыптасады. Отбасы –бұл қоғамның негізі.Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.
Сәлеметсіздерме бүгінгі сайыс қонақтары ата- аналар. Бүгінгі біздің «Жұлдыз» тобындының ата – аналарымен «Менің балам» тақырыбында сайысына қош келдіңіздер. Олай болса, сайысқа қатысушыларымызды ортаға шақырайық.
1-ші қатысушымыз Меңдіжан Мерей әжесі Жарасбайқызы Нұржамалмен.
2 ші қатысушы Әбжәли Мағзұмды тәтесі Елпанова Айнұр.
3 ші қатысушы Мирова Аянатты анасы Жансая Мырзабекқызымен
4 ші қатысушымызды Шамбилов Саян анасы Дана Жаңабергенқызымен.
Тәрбиеші:
Келді бүгін сынауға
Сыналып үлкендерден үлгі алуға
Өтетін «Менің балам» сайысына
Берем деп әділқазы әділ баға,- дей келе құрметті қонақтар бүгінгі сайысымызға төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Ясли-бақша басшысы: Марина Нұрдәулетқызы
Ясли-бақша әдіскері : Арайлым Жандарбекқызы
Тәрбиеші: Тұрсынай Бекмырзақызы
Сайысқа қатысушылар сіздерге сәттілік тілейміз!
Тәрбиеші:
«Менің балам» отбасылық сайысына қатысушыларды бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып алайық.Сайысымыз бес кезеңнен тұрады.
І кезең Таныстыру (Отбасылар өздерін таныстырып өтеді)
ІІ кезең «Балам туралы» (сұрақ-жауап)
ІІІ кезең Менің балам қандай?»
ІҮ кезең «Қима қағаз» шығармашылық жұмыс
V кезең «Менің таңдауым»
І кезең
Армысың айналайын дана халқым,
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.
Тіл ұшына оралар кездескенде,
«Сәлем – сөздің анасы» деген нақыл,- дей келе 1-інші кезеңімізді бастаймыз.
Сайыс шарты: Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді
ІІ кезең «Балам туралы»
Кезегі енді сайыстың
Сұраққа жауап табайық!
Сайыс шарты: Ата аналарға карточкалар таратылады. Берілген карточканын ішіндегі сұрақтарға ата аналар жауап беруі тиіс. Берілген сұрақтың жауабы алдын ала дайындалған бейнежазбасы арқылы тексеріледі.
Сұрақтар:
- Балаңыздың сүйікті мезгілі.
- Балаңыздың сүйікті жануары.
- Балаңыздың ең жақын достары.
- Балаңыздың сүйікті тағамы.
- Балаңыздың сүйікті мультфилімі.
- Балаңыздың сүйікті түсі.
- Балаңыздың сүйікті апайы.
- Балаңыздың сүйікті ойыншығы.
ІІІ кезең «Менің балам қандай?»
Сайыс шарты: Сіздерге берілген қағаз бетіне балаңыздың қолының суретін салып оған балаңыздың есімін әрбір саусаққа әріптеп жазып шығыңыз және балаңыздың есімінің мағынасын әрбір әріпке байланысты сиппаттар беріңіз. Мысалы: Мағзұм
М–меирімді болсын деп
А – ақылды, атақты болсын деп
Ғ – ғалым болсын
З —зейінді болсын деп
Ұ—ұқыпты болсын
М-мақтанышымыз болсын деп қойдық.
Мұғалім:Сіздердің балаларыңыз атына заты сай үлкен азамат болатынына сенімдіміз және де әрі қарай сайысымызды жалғастырайық.
ІҮ кезең «Қима қағаз» шығармашылық жұмыс
Сайыс шарты: Бұл кезең шығармашылықты қиялды талап етеді. Сайыстың шарты бойынша аналарымыз балаларымен шығармашылық қабілеттерін шыңдайды. Сіздердің алдарыңызға майдалап кесілген қағаз берілген сол қағаздарды пайдаланып өз қиялдарыңызбен сурет салып құрастыру.
Ән : Төребекқызы Аяжанның орындауында.
V кезең «Менің таңдауым»
Сайыс шарты: Бұл кезеңде балаларға бірнеше әріптің ішінен өзіне ұнаған әріпті таңдауын сұраймыз. Таңдаған әріп бойынша анасы сол әріптен басталатын сөзден сұраққа жауап беру. Аналарымызға сәттілік!
Сұрақтар:
- Есіміңіз кім?
- Тегіңіз?
- Мамандығыңыз қандай?
- Жасыңыз нешеде?
- Қай жерде тұрасыз
- Қайда бар жатырсыз
- Ол жерде не бар?
- Не жоқ?
- Қызылорда қандай қала?
- Арманыңыз қандай?
- Айгөлек бала бақшасы қандай?
Тәрбиеші:
Ана — бала, бала — ана бір ұғым
Бір — бірінсіз жоқ олардың бақыты
Омыртқаны үзбеу үшін жұлыныннан
Екеуінің өтсін бірге уақыты,-дей келе бүгінгі сайсымызды қорытындылау үшін әділ қазыларымыз өз шешімін шығарамын дегенше біздің қатысушыларымыздан өздерінің тілектері болса «Екі жұлдыз 1 тілек» әдісі арқылы қағаз бетіне түсіріп ілулерін сұраймыз.
Құрметті ата- аналар және қонақтар, балалар бүгінгі «Менің балам» атты сайысымыз өз мәресіне жетті барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз!
Тұрсынай Жұбанышова,
Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Жосалы кенті
№5 «Айгөлек»бөбекжайы-бақша
тәрбиешісі