Мақсаты: Балабақшаға деген сүйіспеншілігін дамыту, өзінің балабақша ұжымының мүшесі екенін санасына сіңіру, достық қарым-қатынас сезімдеріне тәрбиелеу.
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Көңіл күйлерің жақсы ма?
Балалар бүгін ерекше күн. Біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр, олай болса қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Балалар: Сәлем беріп сіздерге,
Бас иеді ұл мен қыз.
Болашағы Отанның,
Азаматы біздерміз.
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің балабақшам» деп аталады. Балабақша — бұл біздің екінші үйіміз. Біз таңертең балабақшаға келіп күні бойы осы жерден тәлім-тәрбие аламыз, ойыншықтар ойнаймыз, тамақтанамыз, сондықтан да балабақшаны екінші үйіміз деп айта аламыз. Ендеше балалар барлығымыз бір-бірімізге, қонақтарға жақсы көңіл — күй сыйлайықшы.
Балалар: Еліміз тыныш болсын,
Отбасымыз аман болсын,
Дастарханнан дәм кетпесін,
Көңілімізден мән кетпесін.
Мұғалім: Рахмет, жарайсыңдар.Балалар, сендер күнде қайда келесіңдер?
Балалар: Біз балабақшаға келеміз.
Мұғалім: Ертеңгісін балабақшаға келгенде достарымызға не дейміз?
Балалар: Қайырлы таң!
Мұғалім: Жарайсыңдар,балалар. Балабақшада сендер не істейсіңдер?
Балалар: Балабақшада біз білім аламыз,тәтті тағамдар жейміз, ойыншықтар ойнаймыз.
Мұғалім: Жарайсыңдар,балалар. Ендеше келген қонақтарға тақпақ айтып берейік.
1-ші бала: Әдемі балабақшам бар,
Деп мақтанам бәріне.
Меңгерушісі балабақшамның.
Көрікті де сәнді де,
Шаршамаңыз Елена Викторовна,
Бізге тәлім беруде!
2-ші бала: Әдіскері бақшамның,
Жайдары жүз, ай қабақ.
Наталья Ивановна ханымымыз,
Жүреді бізді аймалап.
3-ші бала: Балабақша есігін,
Сәби болып ашқанбыз.
Балапандай өсірген,
Тәрбиешіме мың алғыс.
4-ші бала: Тыңдаушы мойнында,
Өлшеуіші қолында.
Ақ халатты дәрігер,
Әрқашан өз орнында.
5-ші бала: Аспазшымыз ақ жүзді,
Келбетті де, мейірімді.
Бізге тамақ әзірлер,
Тамақтары тәп-тәтті.
6-ші бала: Еденді кім жуатын,
Жолатпай шаңды қуатын.
Тазалықшыға мың алғыс,
Көрінбей жүріп тұратын.
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар.Балабақша туралы әдемі тақпақтарыңды оқыдыңдар. Ал енді, Орнымыздан тұрайық,
Оңға, солға қарайық.
Тақпақ айтып шаршадық,
Біраз сергіп алайық.
Сергіту сәті: Бір топта біз нешеуміз?
Ғажайып сәт: Есік қағылып,топқа Қызыл телпек кіреді.
Сәлеметсіңдер ме, балалар?(үш тілде). Мен сендерге қонаққа келдім. Балабақшаларың қандай әдемі! Балабақша туралы айтып беріңдерші.
Бала: Біздің балабақша үлкен.Біз білім аламыз.Ойыншықтармен ойнаймыз.Тамақ ішеміз. Балабақша бізге өте ұнайды. /Ай лайм киндерланд./
Мұғалім: Сендерді кім тәрбиелейді?
Балалар: Тәрбиешілер.
Қызыл телпек: Рахмет,балалар.Сендер балабақшаларын туралы көп біледі екенсіңдер.Ал, мен сендерге ғажайып жапырақтарды тере келдім. Бұл жапырақтарды сендерге сыйға тартамын,бірақ менің бір шартым бар. Кімде – кім тапсырмаларды орындай алса, сол балаға жапырақтарды тарту етемін.Мен тапсырмаларды беремін, ал сендер тәрбиешілерімен орындайсындар.
1-тапсырма: Жыл мезгілдерді ата.
Балалар: Жаз мезгілі.Күз мезгілі.Қыс мезгілі. Көктем мезгілі.
2-тапсырма: Күз мезгілі туралы әңгімеле.
Балалар:Күз мезгілі.Күзде ауа-райы салқын болады. Жапырақтар сарғайып жерге түседі.Күзде жемістер мен көкөністер піседі.
3-тапсырма:Жемістерді ата.
Балалар: Қызыл алма.Сары алмұрт.Қызыл шабдалы.Дәмді жүзім.
4-тапсырма:Көкөністерді ата.
Балалар:Үлкен орамжапырақ.Кішкентай сәбіз. Қызыл бұрыш.Орташа картоп. Кішкентай пияз.
Мұғалім:Жемістер мен көкөністердің ерекшеліктерін атаңдаршы?
Балалар: Жемістер талда, ал көкөністер жерде өседі.
5-тапсырма. Отбасы туралы айтып бер.
Балалар:Бұл –отбасы.Отбасымда алты адам бар.Олар: әкем, шешем, атам, әжем, әпкем, ағам. Біздің отбасымыз тату.
-Олар не істейді?
Дидактикалық ойын: Артығын тап.
Қызыл телпек: Жарайсыңдар, балалар!Өте ақылды екенсіңдер.Балабақшаларың да маған өте ұнады, әдемі таза. Ал мен енді үйіме қайтайын. Достарыма сендердің балабақшаларың туралы әңгімелейтін боламын. Мына тәттілерді әжем сендерге беріп жіберді.Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз!
Мұғалім: Ал енді балалар бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.Сабақтың сонында балабақшаға деген жақсы тілектерімізді айтайық.
Балалар: Балабақшамыз гүлдене берсін,
Аман болайық,
Достарымыз көп болсын!
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды бағалайық.(көңілді, көңілсіз смайликтер).
Келгендеріңізге рахмет! Сау болыңыздар!
Омарова Жазира Мұхамбетрахимқызы,
қазақ тілі мұғалімі.