Әрбір бала армандағанды жақсы көреді. Ал менің арманым — әлемге әйгілі таэквондошы Мұстафа Өзтүрік сияқты болу. Ол өзі Түркияда туылғанымен, өз ұлтын өлердей сүйген ержүрек азамат.
Мұстафа Өзтүрік атақты Брюс Лимен бір жаттығу залында дайындалған, кейін Брюс Ли актер болып кеткенде Мұстафа спортпен айналысуын жалғастырған. Ол таэквондо спортынан «6 дан» дәрежесіне дейін өскен алғашқы қазақ.
Мен 7 жасымнан бастап таэквондо үйірмесіне бара бастадым. Менің бапкерім Бақберген аға маған таэквондоның ережелерін түсіндірді. Ол бізге түрлі жаттығулар үйретеді: жүгіртеді, секіртеді, шпагатқа отырғызады. Жаттығудан соң таэквондо шапшаңдықты, төзімділікті талап ететін спорт түрі екеніне көзім жете бастады. Мен бапкерімді тыңдап, айтқанын екі етпей орындап, жаттығудан калмай жүрдім. Соның арқасында қатысқаныма бір жылдан аспаса да облыстық сайыста жүлделі 3 орынды алып үлгердім. Менің қуанышымда шек болмады. Бірінші сайысқа барғанда, неге екенін білмеймін, менде мүлде қорқыныш сезімі болмады. Менің бірінші қарсыласым Нұрсұлтанұлы Айбек болды. Оның да жасы жетіде, таэквондомен айналысқанына екі жыл болған екен. Сайыстан кейін бапкерім мені мақтады. Үйге келгенде ата-анамды қуантып, сайыстан жеңгенімді айтып едім, олар маған «сен ең мықты таэвондошы боласың» деді. Мен алған мадақтамам мен медалыма қарап қиялға батамын. Арманым үшін барлық қиындықтарға көнуге дайынмын. Спорт шыдамдылыққа үйретеді. Мен таэквондодан әлемдік деңгейдегі сайысқа қатысып Мұстафа Өзтүрік сияқты болсам, бақытымда шек болмас еді. Бұл менің болашақтағы үлкен арманым. Әрине бұл менің бірінші жеңісім болғанмен, мен әлі талай жеңісті мойындатамын, арманыма жетемін деп ойлаймын.
Орынбай Ильяс
Тараз қаласы
Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының
2 «е» сынып білім алушысы
Жетекшісі Жаманкулова Гүлсара