Елеусіз Рахымжан Бауыржанұлы,
№ 261 С.Лапин атындағы мектеп.
Қызылорда қаласы
Тұрғанова Пакизат Жақсыбайқызы,
№ 261 С.Лапин атындағы мектеп
3 «Б» сыныбының жетекшісі
Мен ең алғаш анаммен мектепке келгенімде сынып жетекшім Пакизат апай екенін білдім. Сол күннен бастап мен апайымды анам ретінде жақсы көрдім. «Ұстаз» деген сөзді алғаш рет мектепте үйрендім. «Мен енді сендердің ұстаздарыңмын дегенде»- өзімді бақытты сезіндім.
Ұстазым маған білім, тәрбие үйретеді. Менің ұстазымның есімі Тұрғанова Пакизат Жақсыбайқызы. Біз оны құрметтейміз, сыйлаймыз.
Ұстаз бізге ең алғаш партаға отырудан бастап, сауат ашу оқулығын қолымызға ұстатып, әріп тани білуді үйретті. Біз ең алғаш болып жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім алдық. Сонымен қатар жаратылыстану, дүниетану пәндерімен таныстық. Ұстаз адам баласына тәлім-тәрбие беретін парасатты, ақылды, даналы және білімді жан. Мен өз мектебімнің ұстаздарынан үйренетін нәрселерім көп деп есептеймін.
Мен № 261 С. Лапин атындағы мектеп 3 «Б» сыныбында оқимын. Қазір сабағым жақсы. Келешекте алғашқы ұстазымның еңбегін қайтаратын, үздіктердің бірі боламын деген мақсатым бар.