Қазіргі заманғы білім беру стандарттары тіпті 10-15 жыл бұрын мүмкін емес болып көрінген талаптарды қамтиды. Оған арналған нәтижеге қол жеткізу үшін барлық қол жетімді құралдардар мен мүмкіндіктерді пайдалану қажеттілігі өзекті болуда, сондықтан қажетті ақпараттың көлемі, заман талабына сай өсуде. Жетістіктің кілті адам миының және өзін-өзі дамыту және алынған ақпараттардың мүмкіндігін дұрыс пайдалану болып табылады.
Бүкіл әлем бойынша, қазіргі заманғы мектептерде ең алдымен, оқытудың дәстүрлі жүйесі ауызша және жазбаша түрде материалдарды ұсынуға негізделген. Жаңа білімді меңгеру үшін оны жаттап аламыз, барлық ережелер мен математикалық операциялар қатаң анықталған алгоритм бойынша жүзеге асырылады. Бұл тәсілдің нәтижесінде адамның логика және талдау, ақпаратты қабылдау, ауызша қарым-қатынас сияқты дағдыларын дамытатын мидың сол жарты бөлігі ғана белсенді болады.
Ал дәстүрлі білім беру жүйесінде адам миының оң жарты бөлігі жауапты болатын және мүлде пайдаланылмайтын, кеңістіктік және шығармашылық ойлау, вербальды емес ақпаратты қабылдау, метафора, интуиция, шығармашылық және шығармашылық ойлау сияқты мүмкіндіктер іске қосылмайды.
Менталды арифметика жетістікке жетудің қарапайым жолы.
Менталды арифметика — математикалық амалдарды орындауда мидың екі жарты бөлігінің белсенді жұмысын арттыруға мүмкіндік беретін, мектепке дейінгі және 15 жас аралығындағы жас өспірімдерді үйретуге арналған бағдарлама. Бұл бағдарлама ешқандай оқытудың жаңа құралдарын талап етпейді. Оқыту басында «абакус» деп аталатын, Азия елдерінде көне заманнан бері пайдаланып келе жатқан есепшот пайдаланылады. Жаттығу барысында, барлық деректер сандар ретінде көрсетіліп мидың сол жақ жарты бөлігімен реттеліп, өңделетін болады. Ал барлық қажетті арифметикалық операцияларды мидың оң жақ бөлігі арқылы реттеліп жүзеге асырылады. Осылайша мидың екі жағының да белсенді жұмыс жасауына қол жеткіземіз. Нәтижесінде арифметикалық амалдарды орындау көп дегенде бір немесе екі секунд уақытты алып, калькулятордан әлдеқайда тезірек орындау мұмкіндігіне ие боламыз.
Менталды арифметика мидың екі жарты бөлігінің жұмысын дамытатын қарапайым құрылғы болып табылады. Сіз оқушыда интеллект, патенциал, концентрация және ұшқырлық секілді қасиеттерді дамыта аласыз.
Менталды арифметиканың оқу барысы 3 бөлімнен тұрады:
- Түсінбеушілік (Confusion, путаница);
- Меңгеру (Assimilation, усвоение);
- Бейімделу (Adaptation, адаптация):
Егер оқушы 0 санынан 9 санына дейін білетін болса және осы сандарды жаза алатын болса, баланың 6-7 жас аралығында, ми жасушаларының белсенділігін іске қосу қажет. Егер осы жас аралығында жасалмаса, мидың кейбір бөлігіндегі жасушалардың жойылуна алып келеді. Егер мидың бөліктерін көптеген жарық лампалары бар бөлме деп елестетсек, менталды арифметиканы осы лампаларды іске косқыш ретінде қарастыруға болады.
Туранов Акжол Калдарович
Шымкент қаласы, Назарбаев Зияткерлік мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі