Home » Ашық сабақтар » Менсара Гатауова Канатовна. Тәуелсіздік елімнің шамшырағы

Менсара Гатауова Канатовна. Тәуелсіздік елімнің шамшырағы

 

Мақсаты: Балаларды Отан байлығын қорғауға тәрбиелеп,Еліміздің болашағы  жас бүлдіршіндеріміздің бойларына сәби кезінен  өз Отандарын сүюге, қастерлеуге, елін,жерін құрметтеуге тәрбиелей  отырып, достыққа, татулыққа,бірлікке баулу. Түрлі ұлт-өкілдерінің киімін киіп,әндерімен билерін өнерлерін ортаға салу. Еліміздің Тәуелсіздік алған 25 жыл ішіндегі жетістіктерін айтып жеткізіп, білімдерін кеңейту.Қазақстанның Елтаңбасы,Әнұраны,Туы рәміздері жайлы әңгімелеу.

Зал іші безендіріліп, музыка әуені ойналып тұрады. Топтың балалары саппен жүріп,қолдарына жалаушалар ұстап, музыка әуенімен залға кіреді.

Көрнекіліктер: «Бәйтерек»бейнесі,Қазақстан Республикасының рәміздері, жалаушалар, шарлар, слайд көрсету.

Жүргізуші: Құттықтау сөзі: Қымбатты біздің бөбекжай бүлдіршіндері, қонақтар, ұстаздар, әріптестер бүгінгі Тәуелсіздіктің арайлап атқан күні  құтты болсын!

Аспан түс желбірейді көк байрағы

Алтындай жарқырайды Елтаңбасы

Сипаттайтын тарихпенен заман жайын

Ерекше ғой қасиетті Әнұраны!

Барлық топ балалары орындарынан тұрып Әнұран орындайды.

Әнұран: «Менің Қазақстаным!»

Слайдпен таныстыру

Жүргізуші: Балалар Қазақстан Жоғарғы кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіз Республика деп жарияланды. Сол жылдан бастап біздің Қазақстан мемлекетінің Президентіде сайланды,Тәуелсіздігіміз  былтыр мерей той жасқа толған еді. .Сол жылдар арасында  көптеген өзгерістер болып,Елордамыз Астана қаласына ауысты,зәулім ғимыраттар бой көтерді.Енді сендергеде балалар сұрақ қойып білімдеріңді тексеріп көрейін?

  • Балалар Қазақстанымыздың туының түсі қандай? (Көк)
  • Туда ненің суреті бейнелеген?(Күн мен қыран бүркіт)
  • Қазақстанның президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)
  • Ел Ордамыз қай қала? (Астана)
  • Астананың ортасында бой көтерген зәулім ғыймарат қалай аталады?(Бәйтерек)
  • Біз қай қалада тұрып жатырмыз? (Орал қаласы)
  • Біздің балабақшамыз қалай аталады? (Ақ ниет)

Жүргізуші:          Далада думан, қалада думан, жыр бүгін

Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім

Жасай бер, жаса, асқақтай бер әрқашан,

Кеудеме әкеп қондырған, Тәуелсіз Қазақстан!

Бүлдіршіндеріміздің  Тәуелсіздік мерекесіне арналған құттықтау тақпақтарын қабыл алыңыздар.

       

Тақпақтар:

Аяла:  Сәнді айшығы бедері

Рәміздер-ел беделі.

Бойға таққан тұмардай,

Қастерлеймін мен оны,

Онда қуат, жалын бар,

Жалыннан от жалындар,

Рәміздерден елімнің

Бет бейнесі табылар

Алимхан: Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

 

Аяжан :    Үлгі  болып, келешекке,

Балаға ересекке,

Президент  даңқымызды,

Көтерер келешекте.

 Ислам:    Әнұраным, жан ұраным.

Айтар әнім сөйлер сөзім,

Туған жерім  сағынармын.

Мәңгі бақи шырқалады.

Республика ән ұраны.

Жүргізуші:  Біз балдырған баламыз,

Оттай лаулап жанамыз.

Бейбіт таңда бас қосып,

Шырқап әнге саламыз –деп топтың Тәуелсіздік мерекесіне арнаған әнін, жыр шумақтарын  қабыл алыңыздар!

Ән: «Елтаңбасы-елімнің»

Жүргізуші: Ұлттық теңгеміз-Тәуелсіздігіміздің белгісі.

Ұлттық теңгеміз 1993 жылықарашада жарық көрген. Теңгенің алғашқы нүсқасы Англияда шықты. Әр елдің өзінің  валютасы болады.

Көрініс: «Валюталар көрінісі» (рубль, доллар, евро, өздерін таныстырады,)

Артынан «Теңге»-шығады.

                  Мен теңгемін, теңгемін,

Қазақ деген елдемін.

Тәуелсіздік тұғырым.

Жарқын менің ғұмырым,

Мен  теңгемін, теңгемін.

Өз елімде өрледім,

Босағам да тұрып-ап,

Сөйлейтін жоқ жөндерің.

(Өзге валюталар шығып кетеді)Теңге қош келдіңіз!

Жүргізуші: Балалар кезекті енді ойынға берейік!

Ойын: «Теңге алу» ойыны.

Мақсаты: Баланың шапшаңдығын арттыру.

Барысы:Ойынға екі топтың балалары қатысады.Ойыншылар ортағашығады.Олардың алдына өздерінің санынан біреуі кем теңгелер тасталады.Музыка ойнатылады.Музыка тоқтаған кезде,оқушылар теңгелерге таласып,алады.Теңге жетпей қалған ойыншы ойыннан шығарылады.Ойын осылай жалғасады.

 

 

Жүргізуші: Жыр шумақтарын арнауға ортаға топтың бүлдіршіндерін шақырамын!

Аружан:  Халқымның көшбасшысы,

                  Тәуіелсіз қазақ елім.

Нұрсұлтан Назарбаев.

Артамыз сізге сенім.

Мерей:      Отан тарих, Отан тіл,

Жасаған елің, ел халқың,

Отан өлең, Отан жыр.

Көтерген көкке ел даңқын.

Құралай:  Ағаштары тербелген,

Үлкен қала-Астана.

Биік-биік үйлері,

Әсем біздің Астана.

Ақнұр:     Шықты тарап, ой данадан.

Бері қарады жұлдыз беті,

Өзі қалап, сайлап алған.

Елімнің бар президенті.

Сұлтан:   Елім деп, жерім деген,

Адымдап сенімменен,

Халқымның көшбасшысы.

Еңбектен ерінбеген,

  Сезім:   Біз ұлтты мекенбіз.

Ортақ біздің үйіміз.

Ортақ біздің жеріміз.

Жаса Қазақстаным!

 

Ән: “Жас дәуірдің,түлегіміз”

 

Жүргізуші:   Қазақ жұрты киелі,

                       Өнерліні сүйеді.

Сені сонша аңсапты ел,

Биде билеп  береді – деп

Би: «Қара жорға»топтық би (Топтық би)
Қорытынды.

 

Менсара Гатауова Канатовна,
БҚО, Орал қаласы
№49 «Ақ ниет» бөбекжайы
МКҚК тәрбиеші

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.